Юриспруденция кафедрасы


Заңды жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері



бет47/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

2.Заңды жауапкершіліктің түсінігі және оның түрлері. Заңды жауапкершіліктің негізі - құқық бұзушылықтың жасалуы және адамның іс-әрекеттерінің құқық бұзушылық құрамымен қамтылуы. Егер жасалаған іс-әрекет құқық бұзушылықтың құрамында қарастырылмаса, бекітілмесе ешқандай заңды жауапкершілік те болмайды. Занда жауапкершілік жеке адамның қоғам алдындағы міндеттерін, жауапкершілігін сезінуі, құқыққа қарсы жасаған іс-әрекеті, оның қауіптілігі мен зияндығы үшін қолданылатын жазаны мойнымен көтеруі.
Заңды жауапкершілік мемлекетпен құқық бұзушылыққа барған жеке адамның арасында пайда болған құқықтық қатынастардың нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған субъект өзінің жасаған қауіпті, зиянды әрекеті үшін арнайы қолданылған жазаға төзуін айтады.
Заңды жауапкершілікті теориялық мағанада зерттеп қараған­да оның екі түрі айқындалады:
Позитивтік заңды жауапкершілік — барлық құқық субъектілерінің заң және басқа нормативтік құқықтық кесімдер тыйым салған талаптарын бұлжытпай орындау, құқыққа сай мінез-құлықты қалыптастыру. Мұндай жауапкершілік негізінде болашақта қалыптасатын мінез-құлыққа тікелей қатысы бар.
Ретроспективті заңды жауапкершілік - құқық бұзушылық жасаған субъектке мемлекет тарапынан күш қолдануы және құқық бұзушының ондай әрекетке төзуі. Мысалы, субъект жасаған ұрлығы үшін міндетті түрде жазаға тартылып, сазайын тартуы тиіс. Қызыл бағдаршамға өтіп кеткен жүргізушіге белгіленген заң мөлшерінде айып салынуы тиіс және т.б.
Заңды жауапкершілік өзінің функцияларына байланысты компенсациялық және жазалаушылық болып бөлінеді.
Компенсациялық заңды жауапкершілік деп субъектінің құқыққа қарсы жасалған әрекетінің нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуі. Мысалы, авторлық құқықты пайдалану, плагиат арқылы субъектінің зияткерлік құқығына қол сұққаны үшін зиянды зардаптарды сот шешімі арқылы өтейді.
Жазалаушылық заңды жауапкершілік жариялылық құқыктық тәртіпті қорғау үшін құқық бұзушыны жазалаудың жолы. Мыса­лы, пара алған лауазымды тұлға жазалаушылық заңды жауапкершілікке тартылады.
Құқық салалары бойынша конституциялық, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптілік, материалдық болып бөлінеді.
Конституциялық заңды жауапкершілік Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының, лауазымды тұлғалардың, мем­лекет қызметкерлерінің, Үкіметтің, Президенттің ата заң алдындағы жауаптылығы. Мұндай талаптар Конституцияның 34-бабынан туындайды және онда конституциялық жауапкершілік мына мағанада берілген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті».
Қылмыстық құқықтық жауапкершілік субъекттердің жасаған қылмыстары үшін тек ғана сот органдары, қылмыстық кодексте белгіленген қылмыстар үшін қолданылады. Бұл жауапкершілік басқа құқықтық жауапкершілікке қарағанда қатаң жаза қолданумен айшықталады.
Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік — атқарушы-орындаушы органдардың басқару жүргізу барысында әкімшілік теріс қылықтар үшін қолданылатын жауапкершіліктің жиынтығы.
Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бекітілген.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - жеке тұлға мен заңды тұлғалардың шарт, келісім, мәмле арқылы өздеріне жүктелген құқықтық міндеттерін орындамауынан және адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруден туындайтын жауапкершілік.
Тәртіптілік-құқықтық жауапкершілік - заңды тұлғалардың әкімшілігі тарапынан еңбек тәртібін бұзған адамдарға қолданылатын тәртіптік жазаның қолданылуы. Мысалы, өз міндеттерін орындай алмағаны үшін ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату.
Материалдық жауапкершілік жұмысшының, қызметкердің жұмыс істейтін орнында өзінің кінәлі әрекетінің нәтижесінде келтірген зиянын өтеуі. Мысалы, мүлікті қиратуы.
Заңды жауапкершілік заң негізінде болғандықтан оның өзіне тән қағидалары болады. Сол қағидалар нақтылы сақталған жағдайда жауаптылыққа тарту әділетті болады. Теорияда заңды жауапкершіліктің мынандай қағидалары бар:
Жауапкершіліктің мақсатқа сай болуы. Бұл қағиданың мазмұны бойынша жауапқа тартылған субъекттің мінез-құлқы жан-жақты танылып, барлық субъективтік объективтік жағдайларды ескеріп, жаза қолданылуы тиіс. Мысалы, судья сотталушыны жауапқа тартып, жаза қолданғанда жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеріп (53,54-баптар) мақсатқа сай келетін жазаны тағайындауы тиіс.
Барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі. Жауапқа тар­ту, құқық қолдану, жаза тағайындау барысында ешбір адамға артықшылық беруге болмайды. Тек заң негізінде, тең құқылықты қатаң сақтау арқылы жауапкершілік іс жүзіне асырылады.
Әділеттілік. Қабылданған бұйрық, шешім, үкім әділетті болуы тиіс. Сонда ғана заңды жауапкершілік тиімді нәтиже береді, қоғамдық санада әділеттілік ұғымы салтанат құрады. Әділеттілік субъективтік факторларды объективтік талаптардың аяғына жығу, оған тәуелді ету.
Заңдылық. Заңды жауапкершілікке тарту тек заңдылық қағидалары негізінде іс жүзіне асулары тиіс. Заңды бұрмалау арқылы жауапқа тартып, жаза қолдану мемлекеттік органдардың халық алдындағы беделін түсіреді, бассыздық, адам құқықтарын аяққа таптауға тікелей жол ашады.
Заңды жауапкершілікке тек ғана кінәлі субъекттің тартылуы. Құқық талаптары бекіткен және тек ғана кінәлі субъект заңды жолдармен алынған дәлелдер негізінде жауапқа тартылуы тиіс.
Заңды жауапкершіліктен босатудың мән-жайлары
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі субъектілерді заңды жауапкершіліктен босатудың мән-жайларын да қарастырған. Атап айтқанда көптеген құқық салаларының нормалары осы мәселені бекіткен. Заңды жауапкершіліктен босатудың мән-жайлары мынандай әрекеттерге қатысты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет