Адам және отбасы Ананың сүюі



Дата25.12.2016
өлшемі13,01 Kb.
#4522

Адам және отбасы

Ананың сүюі.

  • Ы.Алтынсарин
  • Кім сендерді балалар сүйетұғын,
  • Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын.
  • Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,
  • Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
  • Кім сендерді балалар тербететін,
  • Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
  • Жалқау болсаң, балалар,жаман болсаң,
  • Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
  • Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
  • Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
  • Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
  • Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
  • Кім сағынар сендерді келгеніңше,
  • Құлындарын көзімен көргенінше?
  • Сендер қайтып келгенде адам болып,
  • Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

Ойланайық , пікірлесейік

  • * «Отбасы жарастығы», «отбасы бақыты»
  • деген ойларды қалай түсінесің?
  • * Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол
  • жеткізе алады.?
  • * Өзіңіз шеше алмаған жағдайдың дұрыс
  • шешімін табу үшін ата-анаңызбен еркін сыр
  • бөлісе ,ақылдаса аласыз ба?

Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс

Отбасы - сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. « Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Назар аударыңыз Кабуснамеден

  • Ей,перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма... Олардың көңіл күйіне қаяу салып, қапаландырма.
  • Сені жан-ділімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң, сен ешқашан да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде кім ата-ананың жақсылығын білмесе,басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен, өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соңы жасайды. Перзент- жеміске, ата-ана- жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізгі тілегі қабыл болғаны.

Мәтінмен жұмыс

  • Оқулықта берілген әңгімелер мен оқушылар білетін әңгімелер барысыңда талдау жасалып, отбасының сыйластығы, жарасымы, татулығы болуы үшін ненің қажет екеніне назар аудару.
  • Тыныштық сәті
  • -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,
  • Ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны
  • Терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды
  • Бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы, шипалы ауаның
  • тұла бойларыңа толғанын сезіңдер.
  • Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. «Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.

15 мамыр – Отбасы күні

Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қарым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді

Ұлағатты сөздер

  • Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
  • Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
  • Қорқыт ата
  • Отан отбасынан басталады.
  • В .А. Сухомлинский
  • Ұлт болам десең бесігіңді түзе
  • М.Әуезов
  • Әке – асқар тау,
  • Ана –ағып жатқан бұлақ
  • Бала – жағадағы құрақ
  • Халық мақалы

Әрбір отбасындағы сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, олардың жарастығы жарасып, қандай жағдайда болмасын өмірдің ащысы мен тұщысы, суығы мен ыстығы, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, жеңіп, бақытқа жете алады.

  • Әке – асқар тау
  • Ана - ағып жатқан бұлақ
  • Бала – жағадағы құрақ.
  • Халық нақылы

Қорытынды:Отбасы - шағын мемлекет. Сондықтан одан берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие.

Анаға сәлем

  • 1.Мереке күніңмен,
  • Қарсы алам өзіңді.
  • Сәбилік үніммен,
  • Арнаймын сөзімді.
  • Қайырмасы.
  • Көргенше алаңмын
  • Аңсаймын, толғанам.
  • Қабыл ал, балаңның
  • Сәлемін жолдаған.
  • 2. Бөбегің оянса,
  • Ұйқыңнан мың тұрдың.
  • Гүліңмен балауса,
  • Көктемдей құлпырдың.
  • Қайырмасы.
  • 3. Аяулы алақан,
  • Мәпелеп өсірген.
  • Аяулы жан анам,
  • Қатемді кешірген.
  • Қайырмасы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет