З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет58/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
5-тарау
ҚАН АЙНАЛУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Жүрек құрылысы.

  2. Жүректің қан тамырлары.

  3. Жүрек циклі.

  4. Қанның систолалық және минуттық көлемдері.

  5. Жүректің өткізгіш жүйесінің автоматизмі.

  6. Электрокардиография. ЭКГ генезі.

  7. Жүрек қызметінің реттелу түрлері.

  8. Жүрек қызметіне парасимпатикалық және симпатикалық жүйке жүйелері әсерінің сипаттамасы.

  9. Интракардиальдық реттеу механизмдері.

  10. Жүрек қызметінің рефлекторлық реттелуі.

  11. Жүрек қызметінің гуморальдік реттелуі.

Қан өзіне тән физиологиялық қызметті бір ғана жағдайда – тоқтаусыз айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырла- рымен тоқтаусыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызме- тіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы ағза- ның әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей байланысты.


Қан айналым жүйесін (36-сурет) ағзада сорап (насос) қыз- метін атқаратын жүрек пен қан тамырлары – артериялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар) және капиллярлар (қыл та- мырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалар мен мүшелерге та- рататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келе- тін тамырларды веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде
жіңішке артериолалар мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады.
Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен баста- лып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жуйелік) қан айналым шеңбері деп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырларға

  • артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капилляр- ларды түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамын- дағы оттегіні ұлпаларға береді де, зат алмасу үдерісі нәтижесін- де ұлпаларда түзілген көмір қышқыл газды сіңіріп, вена қанына айналады. Вена қаны капиллярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы төменгі венаға жетеді де, сол арқы- лы жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Сонымен, қан айналым- ның үлкен шеңбері бітеді.



36-сурет. Қан айналу жүйесі
Қан айналымның кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өк- пе сабауынан басталады. Өкпе сабауынан шығатын қан көмір қышқыл газға бай веналық қан. Қан өкпе альвеолаларына қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларына жетеді, осы сәтте қандағы көмір қышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып, сол жүрекшеге құйылады. Сонымен, қан айналымның кіші шеңбері аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет