З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет54/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмыстың мақсаты: қан топтарын анықтау тәсілдерімен танысу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: сағаттың ойық әйнегі, әйнектен жасалған ілгек, секундомер, скарификаторлар, 1, 2, 3 топтағы сарысулар, зат шынысы, шыны таяқшалар, спирт, эфир, йод, мақта, пробиркалар. Жұмыс адамдармен немесе күні бұрын дайындалған жануарлар қанымен жүргізіледі.
Жұмыстың барысы: қан топтарын анықтауға арналған ақ түсті планшеткаға таза таяқша арқылы қатарлап бірінші, екінші және үшінші топтағы сарысу тамшыларын орналасты- рады. Әр тамшының тұсына өз тобын көрсететін сандар қой- ылған. Саусақтан шыққан қанды ұшы жіңішке түтікшеге со- рып алып, әр сарысу тамшысының жанына бір тамшыдан ор- наластырады. Шыны таяқша арқылы қан мен сарысуды қосып араластырады.
Бір топтағы сарысуды басқа топтармен араластырмау үшін әр тамшының өз таяқшасы болу керек. Сарысу мен қан тамшы- сын қызғылт-сары түс пайда болғанша араластырады. Агглюти- нация реакциясы 1-5 минут ішінде пайда болу керек. Агглюти- нация жүргенде эритроциттер бір-бірімен жабысып түйіртпек пайда болады да тамшы түссізденеді. Қан топтарын тамшылар- дағы агглютинацияның бар немесе жоғымен анықтайды (34-су- рет).
Егер агглютинация үш тамшыда пайда болмаса, қан бірінші топқа жатады.
Егер агглютинация үш тамшыда пайда болса, қан төртінші топқа жатады.
Егер агглютинация I және III тамшыда пайда болып, екінші тамшыда пайда болмаса, қан екінші топқа жатады.
Егер агглютинация сарысудың I және II тамшысында пайда болып, үшінші тамшысында жоқ болса, ондай қан үшінші топқа жатады.
Жұмысты қорытындылау: жұмыс мазмұнын көшіріп жа- зу. Анықталған қан қай топқа жатады? Анықталған топтың агг- лютинин және агглютиноген құрамын анықтау. Сіздің қаныңыз- ды қай топтағы адамның қанына құюға болады? Донор мен ре- ципиенттің айырмашылығы неде?


34-сурет. Қан топтарын анықтау сызбасы


    1. жұмыс. Резус-факторды анықтау (Rh-фактор)


Эритроциттерде А және В агглютиногендерден басқа резус- фактор агглютиногендері де кездесуі мүмкін. Rh-факторы бар қанды резус-оң (положительный) деп атайды. Адам қанында Rh-


факторға қарсы дайын антиденелер болмайды. Антиденелер Rh- теріс (отрицательный) реципиентке Rh-оң қанды жібергенде ға- на пайда болады. Rh-антиденелер ағзада сақталып қалады. Сон- дықтан екінші рет Rh-оң қанды жіберсе, агглютинация реак- циясы пайда болады, бұл ағзаның паталогиялық ауруға ұшы- рауына алып келеді. Адамдардың 85%-ы Rh-оңға жатады. Rh- факторды анықтау қан топтарын анықтау сияқты адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Rh-факторды анықтау үшін арнаулы антирезустық сарысулар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет