Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: гемометр, стери- лизацияланған ине, 0,1N тұз қышқылы ерітіндісі, сорғыш қа- ғаз, мақта, спирт, эфир, йод, дистилденген су. Жұмыс адам- дармен немесе күні бұрын дайындалған жануарлар қанымен жүргізіледі.
Жұмыстың барысы: Гемоглобинді анықтау үшін қанда- ғы гемоглобинді тұз қышқылының көмегімен гематинге ай- налдырады да, оның түсін стандартты ерітінді түсімен салыс- тырады. Ол үшін Сали гемометрі деп аталатын аспап қолда- нылады (31-сурет).
Гемометр үш пробиркадан тұратын штатив. Ортаңғы про- бирканың қабырғасында шкалалық белгілері бар және іші бос болады. Екі шеткі пробиркаға стандартты гематин хлориді ері- тіндісі құйылған және гемометр штативіне бекітіледі де, салыс- тыру эталоны ретінде қолданылады.
Ортаңғы бос пробиркаға «0» белгісі деңгейіне дейін пипет- камен 0,1 N тұз қышқылы ерітіндісін құяды. Арнаулы пипетка- мен 0,02 мл қанды үрлеу арқылы осы пробиркадағы қышқылдың
астына тамызады. Қан ұйып қалмас үшін жұмысты тез орындау керек.
31-сурет. Сали гемометрі
Пробирканың ішіндегі қоспаны бірден таяқшамен аралас- тырмай, алдымен, саусақпен оның түбін тықылдатып, сонан соң шыны таяқшамен араластыру керек. Қан мен қышқыл толық араласқаннан кейін пробирканы гемометр штативіндегі өз орны- на орналастырады. Реакция аяғына дейін жүру үшін 10-12 минут күту керек. Осы уақыт аралығында эритроциттер толық бұзы- лып болады да, ондағы гемоглобиндер қышқылмен әрекеттесіп, қоңыр түсті тұз қышқылды гематинге айналады. Тұз қышқылды гематиндік ерітіндісінің түсі стандарттық ерітіндінің түсімен бірдей болғанша пробиркаға дистилденген су қосып, әр тамшы суды қосқан сайын ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып отыру керек. Пробиркадағы ерітінділер түстері бірдей болған- нан кейін су қосуды тоқтатады. Енді гематин мен гемоглобиннің пайыздық мөлшері стандартты және тәжірибеге арналған про- биркалардағы қанда бірдей мөлшерде болады.
Гемоглобин санын пробиркадағы сұйықтық деңгейімен анықтайды. Сұйық деңгейінің көрсеткіші (сұйық менискісі) ге- моглобиннің грамм пайыздық мөлшерін көрсетеді (г %).
Гемоглобинді қанның бір литріндегі грамм санымен де көр- сетуге болады (г/л). Ол үшін грамм пайызбен алынған гемогло- бин санын 10-ға көбейтсе болғаны.
1 2 3
32-сурет. Түсті көрсеткіш деңгейін анықтауға арналған номограмма
1 – түсті көрсеткіш деңгейінің шкаласы; 2 – Сали бойынша гемоглобиннің пайыздық шкаласы; 3 – 1 мм3 эритроциттер саны
Қанның түсті көрсеткішін есептеп шығару. Қандағы ге- моглобин мен эритроциттер санының өзара қатынасын қанның түсті көрсеткіші деп атайды. Қанның түсті көрсеткіші эритро- циттердің гемоглобинмен қаныққандығын белгілейді. Қалыпты жағдайда 1мм3 қанда 5 млн. эритроцит болып, ол гемоглобин- мен 100% қаныққан болса, ондай қанның түсті көрсеткіші 0,9- 1,1 аралығында болады. Қанның түсті көрсеткішін г/л алынған гемоглобин санын өздерің тапқан эритроциттер санының алғаш-
қы үш цифрына бөліп, шыққан нәтижені 5-ке көбейту арқылы анықтауға болады. ҚТК = (Нb · 3) / Er санының бірінші 3 цифрі.
Қанның түсті көрсеткішін номограмма бойынша анықтау. Қанның түсті көрсеткішін арнаулы номограмма бойынша анықтауға болады (32-сурет). Номограмма үш шкаладан тұрады: түсті көрсеткіштер шамасы (1), Сали бойынша гемоглобин пай-
ызы (2), млн көрсетілген эритроциттер саны (3).
Достарыңызбен бөлісу: |