З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет53/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмыстың мақсаты: қанның ұю уақытын анықтау тәсіл- дерімен танысу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: сағаттың ойық әй- негі, әйнектен жасалған ілгек, секундомер, стерилизацияланған инелер, мақта, спирт, йод. Жұмыс адаммен немесе жануарлар- мен жүргізіледі.
Жұмыстың барысы: 1. Саусақтан шыққан қанды парафин- мен қапталған сағаттың ойық шынысына орналастырады, әрбір жарты минут сайын шыны ілгектің басына фибрин жіпшелері оралғанша қан түйіршігін араластыра береді. Қан тамшысын шыныға орналастырғаннан бастап фибриннің пайда болуына дейінгі аралықты қанның ұю уақытына жатқызады.

  1. Екі тамшы қанды зат шынысының үстіне орналастырады да, әрбір 20-30 секунд сайын шыныны қисайтып қан тамшыла- рының деформациясының өзгеруін бақылайды. Қан ұйыған кез- де шыныны қисайтқанмен қан тамшыларының деформациясы өзгермейді. Қанның ұю уақытын қан жарадан шыққаннан бастап оның деформациясының тұрақталуына дейінгі аралықпен есеп- тейді. Қанның ұю уақыты 3-8 минут аралығында.

  2. Қан тамырларында тромбының пайда болуы. Бас миы мен жұлыны бұзылған бақаның ішін жарып, ішекаралық шарбы майын шығарып, тақтайша тесігінің үстіне керіп, инемен бекіте- ді. Тақтайшаны микроскоптың үстеліне орналастырады. Кішке- не үлкейткіш арқылы вена қан тамырын тауып алады да оның жанына астұзы немесе азот қышқыл күміс тұзы түйіршігін қояды. Біраздан кейін тұз қойған аумақта тромб пайда болады. Себебі тұз түйіршігі әсер еткен жерге жара түсіп, онда тромб пайда болуын туғызады.

Қан тамыры қабырғасын аса үшкір хирургиялық пинцетпен қысу арқылы зақымдап, тромб пайда болу мүмкіндігін туғызуға болады.
Жұмысты қорытындылау: әркім өз қанының ұю уақытын есептеп, стандартты ұю уақытымен салыстыру.



    1. жұмыс. Қан топтарын анықтау

Бір жануардың қанының эритроциті екінші жануардың қа- нының сары суымен (сыворотка) желімдесіп (склеиваться) қа- луы мүмкін. Бұл мынадай жағдайда жүреді: бір жануардың қа- нында агглютиндеуші (жабыстырғыш) заттар – агглютининдер, екінші бір жануарлар қанындағы эритроциттерде (олардың бе- тінде белок түрінде) жабысқыш заттар – агглютиногендер бола- ды. Агглютининдер плазмада α және β, ал агглютиногендер эритроциттерде А және В түрінде кездеседі.


Агглютинация реакциясы (эритроциттердің желімделіп түйіршіктер түзулері) бір аттас агглютининдер мен агглютино- гендерді араластырған кезде жүреді. Мысалы, α мен А немесе β мен В өзара түйіскен жағдайда. Қан беретін адамды донор, ал қанды қабылдайтын адамды реципиент деп атайды. Егер донор
қанындағы эритроциттерде реципиент қанындағы агглютинин- дермен аттас агглютиногендер болса, мұндай қандарды бір-бірі- не құйған кезде агглютинация (желімдесу) болады. Бұл үдеріс гемолиз бен гемотрансфузиондық шок деп аталатын ауыр жағ- дайға алып келеді. Агглютиноген мен агглютинин әр аттас болса ғана бір адамның қанын екінші адамға сол уақытта құюға бола- ды. Мұндай қан әр уақытта қолданылады. Осыған байланысты донор мен реципиенттің қандары бір топқа жатуы аса қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет