Жұмысқа керекті мәліметтер: гемоглобинді анықтау жө- ніндегі мәліметтер мен эритроциттер саны қажет.
Жұмысты жүргізу тәсілі: ол үшін дәптерге номограмма сызығын салыңыздар. Гемоглобин мен эритроциттер санына сәйкес «2» және «3» шкалаларынан тиісті нүктелерді тауып, оларды «1» шкаласындағы нүктемен қиылысқанша өзара түзу сызықпен қосады. «1» шкаласындағы нүктенің көрсеткіші қан- ның түсті көрсеткішін көрсетеді. Осы көрсеткішті тәжірибе ба- рысында алынған көрсеткішпен салыстырыңыздар.
7-жұмыс. Эритроциттердің шөгу жылдамдығы
Ұюға қарсы зат қосылған қан біраз тұрса, ондағы эритро- циттер шөге бастайды да, оның бет жағында плазманың мөлдір қабаты пайда болады. Ағзаның жағдайына байланысты эритро- циттердің шөгу жылдамдығы ылғида өзгеріп отырады. Мысалы, кейбір физиологиялық жағдайларда (жүктілік кезінде), көптеген аурулар кезінде (туберкулез, ревматизм, т.б.) эритроциттердің шөгу жылдамдығы кенет артып кетеді.
Эритроциттердің шөгу жылдамдығы қанның құрамында бо- латын кейбір белокты заттардың – фибриноген мен глобулин сандарының артуымен байланысты болады. Бұл ағзада кездесе- тін қабыну үдерістері нәтижесінде клеткалардың көптеп бұзы- луымен тығыз байланысты.
Ал эритроциттердің шөгу жылдамдығының әртүрлі болу се- бептерінің бірі – олардың өзара әртүрлі жылдамдық пен жанасу- ларына байланысты болады. Нәтижесінде үлкен түйірлер пайда болады да, тез шөгеді.
Қалыпты ортада теріс зарядталған эритроциттер бірін-бірі тебеді. Ал қанда оң зарядталған ірі дисперсиялық белок молеку-
лалары пайда болған кезде эритроциттер өз зарядтарын жоғал- тып, бір-бірімен жақындаса бастайды да шөгеді. Сонымен, эрит- роциттердің түрлі аурулар кезінде шөгу жылдамдығының арту- лары глобулиндер фракциясының өсуімен байланысты.
Жұмыстың мақсаты: Панченков тәсілі бойынша эритро- циттердің шөгу жылдамдығын анықтау әдісімен танысу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Панченков прибо- ры, қан алуға арналған инелер, сағаттың ойық шынысы, пробир- ка, 5% натрий цитраты ерітіндісі (лимон қышқылы натрий тұ- зы), мақта, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |