З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет59/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

ЖҮРЕКТІҢ ҚЫЗМЕТІ


Жүрек еті екі түрлі ет талшығынан құралады. Оның бірі – жүректің жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін негізгі мио- кард талшықтары, ал екіншісі – жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін бейқалып (атипті) өт- кізгіш ет талшықтары.


Миокард құрылысы жағынан қаңқа етін құрайтын көлденең жолақты ет талшықтарына ұқсас. Оның саркоплазмасында ак- тин және миозин протофибрилдерінен құралған миофибрилдер болады. Жүрек еті талшықтарында саркоплазмалық тор (ретику- лум) сиректеу. Бұл екі түрлі ет талшықтарында да жиырылу үде- рісі кезінде саркоплазмалық тордан кальций иондары саркоплаз- маға шығады. Миокардта бұл иондар саркоплазмадан кері ба- ғытта да өте алады. Саркоплазмадағы кальций ионы жүрек еті талшықтарының жиырылу күшін арттырады.
Миокард талшықтары ерекше тарамдалып, бір-бірімен ен- дірме табақша – нексус арқылы қосылады да, біртұтас тор неме- се синцитий құрайды. Бұл ендірме табақшалардың электрлік ке- дергісі өте төмен, сондықтан бір клеткада пайда болған қозу көрші жатқан клеткаға оңай беріледі. Осының арқасында мио- кард әрекетінде біртұтастық қасиет пайда болады.
Жүректің бейқалып (атипті) элементтерінің де өзіне тән ерек- шелктері болады. Олардың көлденең жолақтары сиректеу, гликоге- ні мен саркоплазмасы мол. Бұл элементтер негізгі ет талшықтары- нан дәнекер ұлпалы қабықпен шектеледі. Осы атиптік ұлпа элеме-
нттері жүректің белгілі бір бөліктерінде түйіндер мен шоқтар құ- рып, жүректің өткізгіш жүйесін түзеді.
Жүрек етінің үшінші құрылымдық ерекшелігі онда қабырға- лық (интрамуральдық) жүйке түйіндерінің болуында. Бұл түйіндер алғаш рет 1838 жылы Р. Ремак еңбектерінде, кейінірек К. Людвиг (1848), Г. Биддер (1852), И.М. Догель (1895) зерттеулерінде сурет- телген. Олар жүрекше қабырғаларында, жүрекше аралық пердеде және қарынша еттерінің табан (жоғарғы) бөлігінде орналасады. Бұл түйіндер кезеген жүйкемен тығыз байланысты және қоздыр- ғыш не сезімталдық қызмет атқарады.
Жүрек етінде мезгіл-мезгіл пайда болған қозу үдерісінің салдарынан жүректің жиырылуы байқалады. Жүрек еті (мио- кард) тоқтаусыз, ырғақты қызмет етуіне байланысты қозғыш- тық, автоматиялық, өткізгіштік, жиырылғыштық, рефрактерлік қасиеттерімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет