З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет63/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

жұмыс. Перкуссия

Адам жүрегінің шегі (орны) саусақпен қағып тыңдау (пер- куссия) арқылы анықталады. Перкуссия әдісі кеуде қуысын сау- сақпен қаққанда өкпенің орналасқан жерінің дыбысы ашық, анық шығып, жүректің орналасқан жерінің дыбысы бәсеңдеуіне негізделген. Жүректің шегі дыбыстың ашық шықпаған жерінен анықталады. Олар мынадай: жоғарғы жақ шегі сол жақ үшінші қабырға аралығында; оң жақ шегі төс сүйегінің оң жағынан сыртқа (оңға қарай 1-1,5 см); сол жақ шегі сол жақ бұғананың орта сызығынан 0,5-1 см ішке (оңға) қарай орналасады.


Жұмыстың мақсаты: перкуссия әдісін және жүректің ор- нын анықтауды үйрену.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: медициналық балға- ша, плессиметр (грек. plesso соғу, қағу + metreo өлшеу, анықтау)
Жұмыстың барысы: студенттер бір-бірінің жүрегінің ше- гін анықтайды. Перкуссия былай жасалады: кеудеге алақан жа- ғынан қойылған сол қолдың ортаңғы саусағының үстінен сәл иілген ортаңғы оң саусақпен үздік-үздік тақылдатып соғады. Егер плессиметр қолданылса, онда медицина балғашасымен кеудеге қойылған плессиметрдің үстінен 2-3 рет қағады.
Жүректің жоғарғы шегін анықтауға сол қолдың ортаңғы саусағын сол жақтағы бұғананың астыңғы шетінде параллель орналастырып 2-3 перкуссия жасалған соң сол саусақты тө- мен қарай ығыстыра отырып, перкуссияны ашық дыбыс үнсіз дыбысқа айналғанша қайталайды. Ашық дыбыстың үнсіз ды- бысқа айналған жері белгіленеді, ол жүректің жоғарғы шегін көрсетеді.
Жүректің сол жақтағы шегін анықтау үшін бесінші қабырға аралығындағы қолтықтың алдыңғы сызығы тұсынан сол қолдың орта саусағын қабырғаның төменгі шетіне орналастырып, төске қарай саусақты жылжыта отырып, үстінен перкуссия жасайды. Үнсіз дыбыс пайда болған жерді белгілейді.
Жүректің оң жақтағы шегін табу үшін перкуссияны оң жақта- ғы IV қабырға аралығымен оң бұғананың орта сызығының тұсы- нан бастап төске қарай перкуссия жасап дыбыстың өзгерген жерін табады.
Жүректің төмен жақтағы шегі анықталмайды, өйткені жү- ректің астында бауырдың сол жақ бұрышы жатады. Жүрек пен бауырдың тұсынан перкуссия жасағанда бір-бірінен айырмасыз үнсіз дыбыс естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет