Жұмыстыңмақсаты: бақа денесінің түрлі аудандарын тітіркендіру арқылы жұлындық рефлекстердің түрлерін анық- тау.
Жұмысқақажеттіқұрал-жабдықтар: хирургиялық сай- мандар жиынтығы, штатив (бекіткіш), 0,5% және 1% күкірт- қышқылы ерітіндісі, су, сорғыш қағаз, медициналық стакандар. Жұмыс миы бұзылған бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: тәжірибені бақаның бас миын бұзған- нан кейін 10-15 минут өткеннен соң бастайды. Рефлекторлық қозғалыстың пәрменділігі мен түрін бақаның артқы аяғының саусақтарын пинцетпен қысу немесе қышқылға шыланған қағаз жапсыру арқылы алдын ала тексеріп алады. Одан кейін бақа де- несінің түрлі аймақтарына 0,5% немесе 1% күкірт қышқылына шыланған қағазбен тітіркендіре отырып, жұлынмен байланысты қорғаныс рефлексінің түрлерін анықтайды. Қышқыл тиген жерді сумен бірнеше қайтара жуып, келесі аймақты тітіркендіруді 1-2 минут өткеннен кейін қайталайды.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын көшіріп жазу. Алынған нәтижені кесте түрінде қорытындылау.
Жұмысқақажеттіқұрал-жабдықтар: бақа, пинцет
Жұмыстың барысы: екі саусақпен бақаны белінің екі жа- ғынан алса, дауыс шығару рефлексі туындайды. Алдыңғы аяғын пинцетпен қысса, дауыс шығару рефлексі тежеледі (19- сурет).
Жұмыстықорытындылау: осы тәжірибедегі тежелудің пайда болуы механизмін түсіндіріңіз.
жұмыс. Жұлындық рефлекстердің орталық тежелуі (сеченовтік тежелу)
Жүйке қызметінің негізіне өзінің функционалды қасиеті бойынша активті және өзара қарама-қарсы екі үдеріс – қозу жә- не тежелу жатады. Тежелу дегеніміз – қозу нәтижесінде пайда
болатын және екінші бір қозуды әлсіздендіретін немесе толық басып тастайтын өзіндік активті үдеріс. Қозу үдерісінің орталық жүйке жүйесінде пайда болып дамитындығын 1862 жылы тәжі- рибе түрінде алғаш дәлелдеген И.М. Сеченов болды. Осыған байланысты бұл тәжірибе «Сеченов тәжірибесі» деген атқа ие болды. Бұл тәжірибесінде И.М. Сеченов аралық миды тітіркен- дірсе, жұлын арқылы орындалатын рефлекстердің тежелетінді- гін көрсетті.