З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет34/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмыстың мақсаты: зертханалық жануарлардың статика- лық және статокинетикалық рефлекстерін зерттеу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: полиэтиленді жұқа қабықшалардан дайындалған майлық, теңіз шошқасы.
Жұмыстың барысы: теңіз шошқасын полиэтиленді жұқа қабықшалардан дайындалған майлыққа отырғызады және оның табиғи күйін зерттейді. Оның алдыңғы және артқы аяқтары бү- гіліп денесіне қойылған, бастың төбесі жоғары қарай бағыттал- ған; бас, мойын және дене дененің өсіне көлденең орналасқан.
Теңіз шошқасын мұрнынан алып, басын жоғары қарай көте- реді. Осы жағдайда жануардың алдыңғы аяқтары жазылады, ал артқы аяқтары бүгілген калпында қалады.
Дененің қалыпты күйінің бұзылуы нәтижесінде түзелту реф- лекстері пайда болады, мысалы дененің 90о немесе 180о бұрылу ке- зінде байқалады (бүйiр немесе арқа бөлігі жағында). Олар денені қайтадан қалпына келтіруге бағытталған тонустық рефлекстер тіз- бегін құрайды.

СТАТОКИНЕТИКАЛЫҚ РЕФЛЕКСТЕР


Статокинетикалық рефлекстер кеңістікте дененің активті немесе пассивті қозғалуынан пайда болады және дененің тепе- теңдігін сақтауға бағытталған. Қозғалыстың түріне байланысты аталған рефлекстер екі топқа жіктеледі. Бірі қозғалыс түскен кездегі сызықтық үдеудің (жылдамдық) әсерінен пайда болса, екіншісі айналым кезіндегі бұрыштық үдеу әсерінен туын- дайды.


Бұрыштық үдеу әсерінен туындайтын (оң және теріс) стато- кинетикалық рефлекстер бақаға бақылау жасауға қолайлы бо- лып табылады.
Жұмыстың барысы: біркелкі емес айналымдар кезінде ба- қада туындайтын статокинетикалық рефлекстердің сипаттамала- рын бақылайды. Ол үшін оны айналмалы орындыққа отырғы- зып, үстінен үлкен әйнек воронкамен жауып, жылдам айналды- рады. Айналдырудың алғашқы кезеңінде бақаның басы айналу- дың қарам-қарсы бағытына бұрылады. Басымен бірге денесі де сол жаққа бұрылады. Бақаның айналымға қарама-қарсы бағытта жорғалауын жиі байқауға болады. Айналым аяқталғанда бақа- ның позасы алғашқы қалпына келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет