З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет35/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмысты қорытындылау: статикалық және статокинети- калық рефлекстерді, олардың рецепторлық аймақтарын атаныз- дар және маңызын түсіндіріңіздер.


    1. жұмыс. Кезеген және симпатикалық жүйкелерді тітіркендірудің жүрекке әсері


Адам мен жануарлар жүрегі симпатикалық және парасим- патикалық (кезеген жүйке) жүйке жүйелері арқылы реттеледі. Парасимпатикалық жүйкенің әсері симпатикалық жүйкеге қара- ғанда керісінше болады. Парасимпатикалық жүйкені тітіркен- діргенде жүрек жиырылуы мен жылдамдығы, қозғыштығы мен өткізгіштігі төмендейді, ал симпатикалық жүйкені тітіркендірсе жүрек қызметінің барлық функциясы күшейеді.


Егер парасимпатикалық жүйке жүрекке сопақша мида орна- ласқан ядродан басталатын кезеген жүйкенің құрамымен келсе,
симпатикалық жүйке жұлынның екі жағында орналасқан ядро- лардан келеді.
Бақаларда симпатикалық жүйке ми сауытынан шығысымен кезеген жүйкемен қосылып (бірігіп) кетеді. Сондықтан оларды өзара ажыратып алу өте қиын. Осыған байланысты аралас жүйке немесе ваго-симпатикалық жүйке түрінде тітіркендіреді. Бірақ олардың жауап реакциялары түрліше уақытта өтуі мүмкін.
Жұмыстың мақсаты: ваго-симпатикалық жүйкенің ұшын ті- тіркендіру арқылы оның бақа жүрегіне тигізетін әсерін бақылау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кимограф, миограф, рингер ерітіндісі, шыны ілгекше, лигатура үшін жіп, электр ті- тіркендіргіш, тампон, салфеткалар.


23-сурет. Бақаның ваго-симпатикалық жүйкесінің топографиясы: 1 – ваго-симпатикалық жүйке, 2 және 3 – жұтқыншақ және
тіл асты жүйкелер


Жұмыстың барысы: жансыздандырылған бақаны арнаулы тақтайшаға шалқасынан жатқызып, төрт аяғынан керіп байлайды. Жүректі жалаңаштайды, оның сыртын қаптап тұрған қапшықтан (перикард) босатады. Ваго-симпатикалық жүйкені табу үшін жұт- қыншақ және тіл асты жүйкесін назарға алу керек. Бұл екі жүйке теріні сыпырғаннан кейін анық көрініп жатады. Екі жүйкенің бас- талар аралығында қан тамырларымен бірге ваго-симпатикалық жүйке будасы жатады. Вена қан тамыры қызыл-қоңыр түске боя-
лып, анық көрініп жатады да, оның астында қоңырқай түсті ваго- симпатикалық жүйке жатады (23-сурет).



  1. сурет. Бақаның ваго-симпатикалық жүйкені тітіркендіруге арналған қондырғының сызбасы



Шыны ілгектің көмегімен қан тамырлары мен жүйкеден тұра- тын буданы айналасындағы ұлпалардан тазартып, жүректен алы- сырақ жерден лигатура қою арқылы байлайды. Қан тамырлары мен жүйкенің ұшы байлаған жіптен шығып тұратындай етіп, оларды көлденең кеседі. Жұтқыншақ және тіл асты бездерін кесіп тас- тайды, өйткені тітіркендірген кезде олар бақаның астыңғы жақ диафрагмасын жиырылтуы мүмкін. Бақасы бар тақтайшаны шта- тивке бекітіп, жүректің ұшын серфинмен қысып қояды (24-сурет).

    1. Тітіркендірмей тұрып жүрек жиырылуын кимограф ба- рабанына жазу.

    2. Ваго-симпатикалық жүйкені әлсіз ток күшімен 10 секунд тітіркендіру. Жүрек жиырылуының әлсіреуін байқау қиын емес.

    3. Ток күшін үлкейте отырып, ваго-симпатикалық жүйкені тітіркендіреді (10 секунд). Жүрек соғысы тоқтап қалады

    4. Жазуды тоқтатпай жүрек жиырылуының бастапқы қал- пына келуін бақылау. Жүрек қызметінің бастапқы қалпына қайт- ып оралуынан кейін оның жиырылуы кенет күшейе түседі. Бұл симпатикалық жүйкенің қозуымен байланысты туындайды.

Өйткені симпатикалык жүйкенің латенттік кезеңі мен соңғы әсе- рі ұзаққа созылады және тітіркендіру эффектісі кейін пайда бо- лып, ұзақ уақыт өшпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет