З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет38/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ГОРМОНДЫҚ РЕТТЕЛУІ


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Эндокриндік бездер және олардың гормондары.

  2. Гормондардың жалпы сипаттамасы.

  3. Гормондардың химиялық құрылысы.

  4. Гормондардың әсер ету механизмдері.

  5. Эндокриндік бездер қызметі реттелуінің физиологиялық механизмдері.

1. Стресс және жалпы бейімделу синдромы.

  1. Ағзаның жалпы дамуына гормондардың әсері.

  2. Гомеостаз және гормондар.



Ағзадағы барлық клеткалар, ұлпалар мен мүшелер бір-бірімен байланысып, олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым-қаты- насы жүйке және гуморальді жолмен реттелуі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі – біртұтас, тығыз байланысқан ме- ханизм. Эндокриндік жүйе мүшелерінің жұмысын, зат алмасу үде- рістерін, ағзадағы теп-теңдікті, тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Бездің қызметінің бұзылуы ағзада түрлі ауру- ларды туындатады. Қорыта айтсақ, ағзаның қалыпты жұмыс атқа- руы мен сыртқы орта әсеріне бейімделуіне жүйке жүйесімен қатар ішкі секреция бездері үлкен рөл атқарды. Эндокриндік бездер екі топқа бөлінеді: 1. Бірыңғай эндокриндік қызмет атқаратын бездер, оларға гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрек үсті бездері жатады. 2. Аралас қызмет атқаратын без- дер тобына ұйқы бездері мен жыныс бездері жатады.
Ішкі секреция бездері (25-сурет) немесе эндокриндік мүше- лер жүйесі (гр. «endon» – ішкі, «сrino» – бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция безде- рінің клеткаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұн- дай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді

    1. - эпифиз

    2. - гипофиз

    3. - қалқансерік бездер

    4. - қалқанша без 5 - айырша без

  1. - бүйрек үсті бездер

  2. - бүйрек үсті безінің милы қабаты

  3. - бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты

  4. - ұйқы без

  5. - жыныс бездері



25-сурет. Эндокриндік бездердің орналасуы

Гормондар (грек. «hоrmae» – қоздырамын, қозғалыска кел- тіремін) – ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мү- шелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондар- дың барлығы ағзалық заттар, себебі олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Гормондар ағзадағы мүшелердің қызметін реттей отырып, оны бірде бәсеңдетіп немесе үдетіп отыратын жоғары белсенді зат.


Мысалы, ағзадағы зат алмасу үдерістері, дененің өсуі мен реп- родуктивті қызметтер де гормондарға байланысты.
Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық – ги- поталамус (грек. «hуро» – асты, төменгі жағы, «tаlаmое» – бөл- ме). Оны көруді төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипотала- мус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, ги- поталамус-гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлі- нетін гормондар – нейрогормондар деп аталады. Олар қан құра- мының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік әрі гуморальды реттелуі жүзеге асады (1-кесте).


1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет