Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын және алынған нәтижелерін дәптерге жазу.
Жұмыстың мақсаты: Қан жұғындысын дайындау техни- касын меңгеру және ондағы формалық элементтерді тауып, оларды бір-бірінен ажырата білу. Бақа мен адам қанындағы фор- малық элементтерді салыстыру.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, адам және бақа қанынан дайындалған қан жұғындысы бар препа- раттар.
Жұмыстың барысы: 1. Жұғынды дайындау. Қан жұғын- дысы майдан тазартылған зат шынысында және қыры тегіс- телген зат шынысының көмегімен дайындалады. Майдан та- зартылған шыныларды 1:1 спирт пен эфир қоспасында сақ- тайды. Бұл ерітіндіден шыныны пинцеттің көмегімен алады да, таза материалмен әбден сүртеді. Қанды саусақтан алады, бірінші қан тамшыны сүртіп тастайды да екінші тамшысын алады. Зат шынысының шетіне қондырылған қанды тегіс қыр- лы шынының көмегімен зат шынысының бетіне түгелдей жа- ғады (27-сурет, а, ә, б).
Жұғынды бекіту. Ол үшін жұғындысы бар шыныны спирті бар немесе никифиров қосындысына орналастырады. Егер бір мезгілде бірнеше жұғындыны бекіту керек болса, он-
да жұғындыларын сыртқа қаратып, шыныларды екіден жұп- тау арқылы орналастырады. 5 минуттан кейін шыныларды пинцеттің көмегімен ерітіндіден шығарып алады да кебу үшін сорғыш қағаздың үстіне орналастырады, бекіткіш сұйықты аузы тығыз жабылатын банкаға құйып, ұзақ мерзімге сақтауға болады.
27-сурет. Қан жұғындысын дайындау
Жұғындыны бояу. Препаратты Романовский бояуымен өңдейді. Бұл – азур-эозин қосындысы. Азур протоплазманы көк, ядроны қызыл түске бояйды. Жұғындыны бояуда 5-6 ми- нут ұстайды да дистилденген сумен жуады. Одан соң оны судан шығарып алып кептіреді. Кептірілген жұғындыны канад бальза- мы арқылы жабынды шынымен жабады. Препарат қолдануға және ұзақ мерзімді сақтауға дайын.
Осы әдіспен бақа қанынан да препарат дайындауға болады. Адам мен бақаның қанын салыстыру барысында эритроцит-
тердегі айырмашылықтарды байқауға болады. Эволюция бары- сында ағзаның оттегіне деген сұранысының артуына сәйкес эритроциттердің пішіні, көлемі және құрылысы өзгеріске ұшы- рап отырады (28-сурет).
а)
ә)
сурет. Қанның формалық элементтері: а – адам қанының эритроциттері; ә – бақа қанының эритроциттері; б – лейкоциттердің түрлі пішіндері
(1 – нейтрофил, 2 – эозинофил, 3 – базофил, 4,5 – лимфоциттер)
Адам мен бақа қанынан дайындалған қан жұғындысы бар препараттарды микроскоптың үлкен көрсеткіші арқылы қарап, эритроциттерді салыстырыңыздар. Адам мен бақаның эритро- циттерін дәптерге сызыңыздар. Жұғындыдан лейкоциттердің түрлерін – эозинофильдерді, базофильдерді, моноциттер мен лимфоциттерді тауып, дәптерге суретін салыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |