АДАМ МЕН ЖАНУАРЛАРДАН ҚАН АЛУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Қан алар алдында қолды сабындап жуу керек. Қанды сол қолдың төртінші саусағынан алады. Ол үшін саусақты спирт пен эфирдің тең көлемді қосындысына шыланған мақтамен сүртіп, кептіреді. Адам өзінен-өзі қан алуға болмайды, керісінше, бір студент екінші студенттен алу керек. Қан беретін адам сол жақ қырымен үстелге жанап отырады да, алақанын жоғары қаратып сол қолын үстел үстіне қояды. Саусақтың ұшын екі қырынан қысып ұстап, қан еркін шығатындай етіп инемен тереңірек тесе- ді. Жұмысқа бірінші тамшы қанды сүртіп тастайды да екінші тамшысын алады.
Егер қан көп көлемде керек болса (2-3 мл), ондай мақсат үшін көбіне жануарларды қолданады. Зертхана жағдайында қан алудың негізгі көзі егеуқұйрық болып есептеледі. Ол үшін егеу- құйрықты эфирдің көмегімен ұйықтатады да, құйрығынан төмен қаратып ұстап, басын үлкен қайшымен кесіп алады. Қан ұйып қалмас үшін оны 0,5 мл 5% натрий цитраты бар ыдысқа ағыза- ды. Ондай қанды келесі жұмыстарда да пайдалануға болады.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: центрифуга, про- биркалар, көлем өлшейтін пипеткалар, оксалатты қан, 0,2% кальций хлориды ерітіндісі.
Жұмыстың барысы: қан плазмасын формалық элемент- терден бөліп алу үшін центрифуга пробиркасының 2/3 бөліміне дейін оксалатты қан құяды. Пробиркаларды өлшегіш таразыда теңестіреді де центрифугаға орналастырады. Қанды 15-20 минут бойы центрифугалау қажет. Одан кейін центрифуганы тоқтатып, пробирканы алып, оның ішіндегісіне назар аударады.
Пробиркадағы плазманы пипетка арқылы екі пробиркаға құю қажет. Әр пробиркаға 0,5 мл 0,2% кальций хлоридін қосу керек. Бұдан кейін екі пробирканың біреуін штативке орналас-
тырып, жіңішке шыны таяқшамен фибрин жіпшелері пайда бол- ғанша араластырады. Пайда болған фибрин жіпшелері жіңішке таяқшаға оралады. Фибрин жіпшелерін, пробиркада қалған сары суды қарау және оны екінші пробиркадағы плазмамен салыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |