Жұмыстыңмақсаты: гормондардың физиологиялық қа- сиеттерін зерттеу.
Жұмыска қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, скальпель, ине, адреналин, ацетилхолин, атропиннің 0,1% ерітінділері, са- ғат әйнегі, мақта, бақа.
Жұмыстың барысы: екі бақаның үстіңгі жақ сүйегі мен басын кесіп алып, екі басты екі сағат әйнегіне салады. Көз қара- шықтарын өлшеп, жазып алады. Бір көзге ештеңе тамызбайды, ал қалған үш көзге адреналин, ацетилхолин, атропин тамызады. 15 минут өткен соң көздердің қарашықтарын өлшейді.
Жұмысты қорытындылау: жұмыс барысын дәптерге жа- зып, әр зат көзге қалай әсерін тигізетінін түсіндіру.
жұмыс. Бақаның пигметтік клеткаларына адреналин мен питуитриннің әсері
Жұмыстың мақсаты: бақа терісінің пигметтік клеткалары- на адреналин мен питуитриннің әсерін бақылау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: екі пипетка, қайшы, сағат әйнегі, екі воронка, адреналин 1:100, питуитрин 1:100, мақта, екі бақа.
Жұмыстың барысы: сыртқы түсі бірдей екі бақаны алып, оның біреуінің лимфа қабына 0,5 мл адреналин, екіншісіне 0,5 мл питуитрин жіберіп, екеуін де воронканың астына қояды. 5-8 минут өткен соң екі бақаның түсінің өзгерісіне қарап, екеуі- нің айырмашылығын бақылау керек. Адреналиннің әсерінен те- рінің түсі бозарады. Питуитриннің әсері кешірек (30-40 мин.) байқалады, тері қарая түседі.
Жұмысты қорытындылау: жұмыс барысын дәптерге жа- зып, әр зат терісінің пигметтік клеткаларына қалай әсерін тигізе- тінін түсіндіру.
жұмыс. Адреналин мен ацетилхолиннің жүрекке әсеріЖұмыстыңмақсаты: адреналин мен ацетилхолиннің бақа