З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет39/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам
ағзасына әсері


Гормондар

Бөлетін бездер

Ағзаға әсері

1

2

3

Тироксин

Қалқанша безі

Негізінен зат алмасу қаркындылығын
арттырады

Паратгормон

Қалканшамаңы безі

Кальций және фосфор алмасуын рет- тейді

Инсулин

Ұйкыбездің аралды бөлігі

Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөл- шерін азайтады, гликогеннің қорын
арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді

Глюкагон

Ұйқыбездің аралды
бөлігі

Бауырдағы гликогеннің қанда глюко-
заға айналуына әсер етеді

Адреналин



Бүйрек үсті бездің милы заты



Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттер- дегі гликогеннің ыдырауына әсер ете- ді

Норадреналин

Бүйрек үсті бездің милы заты

Қантамырларын тарылтады

Өсу гормоны (соматропты гормон)

Гипофиздің алдың- ғы бөлігі



Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсу- дың және майдың алмасуына әсер
етеді

Тиреотропты
гормон

Гипофиздің алдың-
ғы бөлігі

Қалқанша бездің өсуіне және тирок-
синнін түзілуіне әсер етеді




1

2

3

Адренокорти-
котропты гор- мон (АКТГ)

Гипофиздің алдың- ғы бөлігі

Бүйрек үсті бездердің өсуіне және
оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді

Окцитоцин



Гипоталамус (ги-
пофиздің артқы бө- лігі)

Жатыр бұлшық еттерінің жиырылу- ына және сүттің бөлінуіне әсер етеді

Вазопрессин



Гипоталамус (ги-
пофиздің артқы бө- лігі)

Бірыңғай салалы бұлшық еттердің
жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады

Тестостерон
(андрогендер)

Аталық бездер

Аталық жыныс белгілердің дамуына
әрі сақталуына әсер етеді

Эстрадиол (эстрогендер)

Аналық бездер

Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

Гормондардың негізгі биологиялық әсерлері:



  1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді.

  2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін артты- рады.

  3. Өсу мен көбеюді реттейді.

  4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшей- теді) немесe бәсеңдетеді.

Ішкі секрециялық қызметке кең мағыналы ұғым беріледі. Ішкі секрециямен гормон деген ұғымды мүшелермен – ұлпалар және клеткалардағы жүретін алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды. Мысалы, нағыз гормондарды алсақ, олар алыстан әсер етеді, яғни өздері түзілген жерден алшақ жатқан мүшелер- мен жүйелерге әсер ете алады. Әсер етудің мұндай формасын телекриндік реттеу механизмі деп атайды. Жекелеген жасуша- ларда түзіліп, сол жасушалардың өзіне ғана әсер ететін белсенді заттар болады, оларды «жасушалық» гормон тобына жатқызады және олардың реттеушілік әсерін аутокриндік реттеу деп атай- ды. Ал гормондарға ұқсас біраз заттар жасушаларда түзіліп, көр- шілес жатқан жасушаларға қанға түспей-ақ диффузия жолымен ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін биоактивті заттар кездеседі, оларды ұлпалық гормондар немесе гистогор- мондар дейді.
Осы сияқты биологиялық белсенді заттар түзілетін клетка- ларды паракринді клеткалар, олардың көршілес клеткаларға ти-
гізетін әсерін паракриндік реттеу деп атайды. Бұған ұлпалардың қабыну үдерістері кезінде түзілетін простагландиндердің қаты- суымен жүретін реакцияларды жатқызуға болады. Паракриндік клеткаларда түзілетін секреттер мен нейрондарда түзілетін ней- ромедиаторлар арасында айтарлықтай айырмашылықтар бол- майды. Сондықтан оларды нейроэндокриндік клеткалар деп те атайды. Бұл эндокриндік және паракриндік клеткалар арасында- ғы аса тығыз морфологиялық және физиологиялық байланыс- тарға негізделген.


  1. жұмыс. Эндокринді бездердің анатомиясы мен топографиясы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет