Жұмыстың мақсаты: зертханалық жануарлардың статика- лық және статокинетикалық рефлекстерін зерттеу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: полиэтиленді жұқа қабықшалардан дайындалған майлық, теңіз шошқасы.
Жұмыстың барысы:теңіз шошқасын полиэтиленді жұқа қабықшалардан дайындалған майлыққа отырғызады және оның табиғи күйін зерттейді. Оның алдыңғы және артқы аяқтары бү- гіліп денесіне қойылған, бастың төбесі жоғары қарай бағыттал- ған; бас, мойын және дене дененің өсіне көлденең орналасқан.
Теңіз шошқасын мұрнынан алып, басын жоғары қарай көте- реді. Осы жағдайда жануардың алдыңғы аяқтары жазылады, ал артқы аяқтары бүгілген калпында қалады.
Дененің қалыпты күйінің бұзылуы нәтижесінде түзелту реф- лекстері пайда болады, мысалы дененің 90о немесе 180о бұрылу ке- зінде байқалады (бүйiр немесе арқа бөлігі жағында). Олар денені қайтадан қалпына келтіруге бағытталған тонустық рефлекстер тіз- бегін құрайды.
Статокинетикалық рефлекстер кеңістікте дененің активті немесе пассивті қозғалуынан пайда болады және дененің тепе- теңдігін сақтауға бағытталған. Қозғалыстың түріне байланысты аталған рефлекстер екі топқа жіктеледі. Бірі қозғалыс түскен кездегі сызықтық үдеудің (жылдамдық) әсерінен пайда болса, екіншісі айналым кезіндегі бұрыштық үдеу әсерінен туын- дайды.
Бұрыштық үдеу әсерінен туындайтын (оң және теріс) стато- кинетикалық рефлекстер бақаға бақылау жасауға қолайлы бо- лып табылады.
Жұмыстың барысы: біркелкі емес айналымдар кезінде ба- қада туындайтын статокинетикалық рефлекстердің сипаттамала- рын бақылайды. Ол үшін оны айналмалы орындыққа отырғы- зып, үстінен үлкен әйнек воронкамен жауып, жылдам айналды- рады. Айналдырудың алғашқы кезеңінде бақаның басы айналу- дың қарам-қарсы бағытына бұрылады. Басымен бірге денесі де сол жаққа бұрылады. Бақаның айналымға қарама-қарсы бағытта жорғалауын жиі байқауға болады. Айналым аяқталғанда бақа- ның позасы алғашқы қалпына келеді.