З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар



бет42/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: канюля, серфин, ки- мограф, пипеткалар, қайшы, Рингер ерітіндісі, адреналин 1:100, ацетилхолин 1:2000, мақта, жіп, бақа.
Жұмыстың барысы: бақаның кеуде қуысын ашып, жүрегін жалаңаштап, сыртқы қабықтан босатады. Қолқаның қабырғасын тесіп оған канюля (түтікше) кіргізіп қояды. Канюляның ішінде Рингер ерітіндісі болу керек. Егер жүрек соққан сайын канюлядағы ерітінді қозғалып тұрса, онда канюля дұрыс тұрғаны. Осыдан кейін канюляны қолқаға жіппен байлап бекітеді. Жүректің басқа қан та- мырларын жіппен байлап, кеседі. Осы кезде мұқият болып, жүрек синусын жаралап алмау керек. Канюляны штативке орнатып, сер- финді жүрекке іліп алып рычаг арқылы кимографпен жалғастыра- ды. Кимографты жүргізіп, жүрек соғысын оның лентасына жазады. Жүрек соғысы бастапқы қалпына келген соң адреналинді канюляға тамызады, жүрек соғысы тездейді (26-сурет). Рингер ерітіндісімен канюляны бір-екі рет шайып тастап, Рингер ерітіндісінің үстіне ацетилхолин тамызады. Жүрек соғысы баяулайды.
Жұмысты қорытындылау: алынған кимограммаларды дәптерге жабыстырып, жүрек және басқа мүшелердің қызметіне
гормондар қалай әсер ететінін және әр гормонның өзіндік мәні барлығын айырып түсіндіріп жазу.


26-сурет. Бақа жүрегінің жұмысына адреналиннің әсері: 1 – қалыпты жағдайда; 2 – адреналиннен кейін
Бақылау сұрақтары:



  1. Гипофиздің гонадотропты гормондары тура емес, ал жыныс бездері ар- қылы әсер ететінін қалай дәлелдеуге болады?




  1. Белгісіз ауру түрі ашылды. Онымен көбіне әйел адамдары ауыратыны анықталды. Осыған орай, аурудың пайда болуы әйел адамның гормондық ерекшеліктерімен байланысты деп айтуға бола ма?




  1. Сәйкес келу тесті:

Бездер: Бөлінетін гормондар: Гипофиздің артқы бөлігі 1. Окситоцин.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі. 2. Инсулин және глюкагон. Ұйқы без 3. Адреналин мен норадреналин. Бүйрек үсті безінің милы заты 4. Минералокортикоидтар, глю-
кокортикоидтар.
Қалқанша без. 5. АКТГ, ТТГ, СТГ.
Қалқаншамаңы бездер. 6. Либериндер мен статиндер.
Гонадалар 7. Тироксин, трийодтиронин, ти- реокальцитонин.
Гипоталамус. 8. Тестостерон, прогестерон.
Бүйрекүсті безінің қыртысы. 9. Паратгормон.



  1. Неге ұйқы безінің эндокринді қызметінің жеткіліксіздігінен қандағы глю- козаның деңгейі жоғарылайды?




  1. Қандағы глюкозаның деңгейі ненің әсерінен жоғарылайды? а) глюкагон

ә) адреналин
б) глюкокортикоидтар в) окситоцин
г) инсулин



  1. Қандағы глюкозаның деңгейі ненің әсерінен төмендейді? а) глюкагон

ә) адреналин
б) глюкокортикоидтар в) окситоцин
г) инсулин



  1. Дәрігерде 10 жастағы бала маубастыққа, зейіннің әлсіреуіне, оқу үлгері- мінің нашарлауына шағымданды. Диагностикалық тексерілу кезінде одан қалқанша без қызметінің төмендеуі анықталды. Тиреоидты гормондар- дың қалыпты түзілуіне қандай элемент қажет? Бұл науқасқа қандай нұс- қаулықтар айтуға болады? Емделушінің қалқанша безі ұлғайған ба, әлде кішірейген бе?




  1. Науқас жарақат кезінде айтарлықтай қан жоғалтты, ол қанның артерия- лық қысымының төмендеуіне әкелді. Қанның жоғалуымен байланысты қан қысымының төмендеуін қандай гормондардың әсерін «қорғаудың бі- рінші сызығы» ретінде қарастыруға болады? Жарақаттан кейінгі соңғы уақыттағы қан көлемінің қалпына келуін қандай гормондар жүзеге асы- рады?




  1. Эндокринологтың қабылдауында өсуі тежелген бала отыр. Оған тексері- луден соң бірқатар гормондар жазылып берілді, оның ішіне соматолибе- рин мен соматотропинмен де емдеу кіреді. Балада ішкі секрецияның қан- дай безінің қызметі бұзылған? Неге өсудің тежелуін емдеу үшін екі гор- монды да берді? Бұл гормондардың әсерінде қандай айырмашылықтар бар? Өсудің тежелуі кезінде соматотропиннің қандай физиологиялық әсерлері болады?




  1. Науқас кортизолмен ұзақ ем қабылдауда. Қабыну үдерісіне орай, дәрігер- ге ісіну мен бұлшық ет массасының төмендеуімен қаралды. Тексерілу ба- рысында қосымша мәліметтер анықталды: қандағы глюкозаның деңгейі және қан қысымы көтерілген. Бұлшық етте қандай өзгерістердің нәтиже- сінде олардың массасы төмендеді? Қандай өзгерістердің нәтижесінде ги- пергликемия пайда болды? Ісінудің пайда болу механизмі? Гипертен- зияның даму механизмі қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет