З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет45/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысты қорытындылау: 1. Плазма мен сыворотканың айырмашылығы неде? Фибриноген пайда болу кезеңдерін жазу.

  1. Қанды ұйытушы және ұюға қарсы факторларды атау. 4. Каль- ций және оның тұздары қан ұю барысының қай деңгейіне әсер етеді?



  1. жұмыс. Қан плазмасы мен түйіршіктері арасындағы көлемдік қатынасты анықтау


Кейбір жағдайларда адам мен жануарлардың ағзаларында физиологиялық немесе патологиялық сусыздануы (қанның су- ды жоғалту нәтижесінде қоюлануы) немесе керісінше, қанның құрамындағы судың көбейіп кетуі мүмкін. Екі жағдайда да осы- ған сәйкес қанның белгілі бір көлемінде формалық элементтер- дің саны көбеюі немесе азаюы мүмкін.


Қанның қоюлану немесе сұйылу дәрежесін микроцентрифу- га әдісімен анықтауға болады.
Жұмыстың мақсаты: микроцентрифуганың (Шкляр цент- рифугасы) құрылысы мен оның жұмыс істеуінің негізгі прин- циптерімен танысу. Қан түйіршіктері көлемін анықтаудың тәсіл- дерін үйрену.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: спирт, эфир, цент- рифуга, қан.
Жұмыстың барысы: микроцентрифуга қақпағы бар кор- пустан тұрады. Қақпақ астында капиллярды бекітетін қондырғы орналасқан. Егер қан қолдан алынатын болса, ол ұйып қалмас үшін саусақтан шыққан қан тамшысына 1-2 түйір натрий цитра- тын орналастырады немесе капиллярды сол тұздың ерітіндісі- мен жуады. Капиллярды қанға толтырғаннан кейін қақпақ ас- тындағы қондырғыға орналастырады. Капиллярға ауа көпіршік- тері кірмеу керек. Центрифуганың қақпағын мықтап жабады да, қондырғы 7000 айналым/минут жылдамдықпен айналатындай етіп 5 минут бойы тұтқаны 60-70 рет айналдырады. Белгілі уа-
қыт өткеннен кейін центрифуганы біртіндеп тоқтатып, қақпағын ашадыда капилляр бекітілген қондырғыны алады. Қан түйіршік- терінің салмағы ауыр болғандықтан, олар капиллярдың екі ба- сына ығысады да, қан плазмасы капиллярдың орта бөлігінде ор- наласады.
Капиллярдағы шкаласы арқылы плазма мен қан түйіршікте- рі арасындағы литрмен алынған көлемдік қатынасты анықтауға болады. Қан көлемінің оның түйіршіктер аумағына қатынасын гематокрит көрсеткіші деп атайды. Гематокрит көрсеткіші ере- сек адамдарда 0,40-0,45 л/л, жас нәрестелерде 0,50-0,55 л/л, бес жасар балаларда 0,35-0,40 л/л мөлшерінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет