З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет40/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмыстың мақсаты: егеуқұйрыққа жасалған тәжірибден гипофиздің, бүйрекүсті, жыныс, қалқанша және ұйқы бездерінің анатомиясы мен топографиясын зерттеу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық аспап- тар жиынтығы, шыны қалпақ, корнцанг, хирургиялық инелер, лигатуралар, рингер ерітіндісі, мақта, бинт, эфир. Жұмыс егеу- құйрықпен орындалады.
Жұмыстың барысы: егеуқұйрықты эфирмен ұйықтатқаннан кейін операциялық үстелге арқасымен жатқызып, аяқтарын бекіте- ді, басын күрек тістері арқылы үстелге бекітеді. Тұмсығына эфирге шыланған мақтасы бар қалпақ кигізеді. Мойын және қарнының жүнін қырып, спиртпен өңдейді. Терісін ортаңғы сызық бойымен кеседі. Дене қуысын ашып, жараны қысқышпен кеңітеді.
Қалқанша без. Мойынның кесілген жерді ілгектің көмегі- мен екі жаққа ысыра отырып, көкірек-тіласты еттерін ашады. Ашылған жерден көкірек-тіласты еттерін екі жағынан жартылай жауып жатқан сілекей бездерін көруге болады. Жақасты безде- рін екі жаққа итеріп, өткір пинцент көмегімен көкірек-жақасты еттерін ортаңғы сызық бойымен кеседі де ілгектің көмегімен екі жаққа ығыстырады. Осы кезде үстіңгі жағында қалқанша без ор- наласқан кеңірдек көрінеді.
Ұйқы без. Егеуқұйрықтың ұйқы безі асқазан мен көкбауыр- дың жалғасқан жерінде орналасқан. Ол көптеген жекеленген бөлшектерден тұратын борпылдақ масса.
Бүйрекүсті бездер. Бүйрекүсті бездер бүйректердің жоғар- ғы жағында орналасқан. Бүйректің жоғарғы жағы мен бездің ас- тына пинцетті кіргізіп, екінші пинцеттің көмегімен безді майдан босатады да қоршаған ұлпамен бірге шығарып алады.
Аталық жыныс бездері. Уманы терісі арқылы жоғары көте- ріңкіреп, тұқым бездері аралығындағы сызық бойымен теріні 1 см етіп кеседі. Терінің шетін пинцетпен көтеріп, оны тұқым қабығы- мен жабысқан ұлпалардан тазалайды. Одан кейін уманың жоғары жағынан саусақпен басса тұқым безі сыртқа сығылып шығады.
Аналық жыныс бездері. Аналық без бүйректің төменгі жақ маңайында орналасады.
Гипофиз. Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде ор- наласқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет