З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет31/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысты қорытындылау: әртүрлі факторлардың әсерінен ағзаның рефлекторлық іс-әрекеті қалай өзгеретінін түсіндіріңіз.


  1. жұмыс. Бақаның жұлынымен байланысты рефлекстері




Жұмыстың мақсаты: бақа денесінің түрлі аудандарын тітіркендіру арқылы жұлындық рефлекстердің түрлерін анық- тау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық сай- мандар жиынтығы, штатив (бекіткіш), 0,5% және 1% күкірт- қышқылы ерітіндісі, су, сорғыш қағаз, медициналық стакандар. Жұмыс миы бұзылған бақамен орындалады.



Рет саны

Тітіркендіру аймақтары

Рефлекс түрлері

1.

Сирақтың сырты




2

Қарынның екі жағы




3.

Қарын үсті /алдыңғы екі аяқ тұ-
сы




4.

Артқы аяқ саусақтары




5.

Құйымшақ




6.

Арқа үсті






Жұмыстың барысы: тәжірибені бақаның бас миын бұзған- нан кейін 10-15 минут өткеннен соң бастайды. Рефлекторлық қозғалыстың пәрменділігі мен түрін бақаның артқы аяғының саусақтарын пинцетпен қысу немесе қышқылға шыланған қағаз жапсыру арқылы алдын ала тексеріп алады. Одан кейін бақа де- несінің түрлі аймақтарына 0,5% немесе 1% күкірт қышқылына шыланған қағазбен тітіркендіре отырып, жұлынмен байланысты қорғаныс рефлексінің түрлерін анықтайды. Қышқыл тиген жерді сумен бірнеше қайтара жуып, келесі аймақты тітіркендіруді 1-2 минут өткеннен кейін қайталайды.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын көшіріп жазу. Алынған нәтижені кесте түрінде қорытындылау.


  1. жұмыс. Гольц тәжірибесі бойынша тежелу




Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: бақа, пинцет
Жұмыстың барысы: екі саусақпен бақаны белінің екі жа- ғынан алса, дауыс шығару рефлексі туындайды. Алдыңғы аяғын пинцетпен қысса, дауыс шығару рефлексі тежеледі (19- сурет).
Жұмысты қорытындылау: осы тәжірибедегі тежелудің пайда болуы механизмін түсіндіріңіз.



  1. сурет. Гольц рефлекстің рефлекторлық доғасы: 1 – рецепторлар; 2 – сезгіш жүйке; 3 – жұлын; 4 – сопақша ми; 5 – кезеген жүйке; 6 – жүрек



    1. жұмыс. Жұлындық рефлекстердің орталық тежелуі (сеченовтік тежелу)


Жүйке қызметінің негізіне өзінің функционалды қасиеті бойынша активті және өзара қарама-қарсы екі үдеріс – қозу жә- не тежелу жатады. Тежелу дегеніміз – қозу нәтижесінде пайда


болатын және екінші бір қозуды әлсіздендіретін немесе толық басып тастайтын өзіндік активті үдеріс. Қозу үдерісінің орталық жүйке жүйесінде пайда болып дамитындығын 1862 жылы тәжі- рибе түрінде алғаш дәлелдеген И.М. Сеченов болды. Осыған байланысты бұл тәжірибе «Сеченов тәжірибесі» деген атқа ие болды. Бұл тәжірибесінде И.М. Сеченов аралық миды тітіркен- дірсе, жұлын арқылы орындалатын рефлекстердің тежелетінді- гін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет