Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын жазу.
Алынған нәтижені жоғарыдағы кесте ретінде көрсету.
жұмыс. Клиникалық маңызы бар адам рефлекстері
Өзін-өзі сақтап тұруда, кеңiстiкте дененiң жағдайын сүйе- мелдеуде, тепе-теңдіктің жылдам қалпына келуінде маңызды орын алатын көптеген рефлекстер нейрон тізбектері аз қатыса- тын «жылдам әсер ететін механизмдер» негізінде жүзеге асады. Мысалы, сіңір рефлекстерінің негізінде екі нейронды рефлек- торлы доғасы болады. Жалпы, ағзаның және локомоторлы (ті- рек-қимыл) аппараттың қызметтік жағдайына тест ретінде кли- никада сіңір рефлекстерінің маңыздылығы зор.
ТІЗЕ РЕФЛЕКСІ
Зерттелуші орындыққа отырып, аяғын бір-бірінің үстіне қояды. Балғашықпен тізеден төмен төрт күмбезді бұлшық еттің сі- ңірінен жаймен ұрады. 21-суретте тізе рефлексінің рефлекторлық доғасының сызбасы келтірілген.
21-сурет. Тізе рефлексі
АХИЛЛ РЕФЛЕКСІ
Зерттелуші табанын еркін салбыратып, орындыққа тізесі- мен тұрады. Балғашықпен ахилл сіңірінен жаймен ұрады.
Табан ұлтанының иілуін қадағалайды. 22-суретте ахилл рефлексінің рефректорлық доғасының сызбасы келтірілген.
КӨЗ ҚАРАШЫҒЫНЫҢ РЕФЛЕКСІ
Зерттелуші терезеге бетпе-бет отырып, көзін қолмен жабады. Зерттелушінің екінші көзін біресе экранмен жабады, біресе ашады. Көз қарашығының өзгерісін бақылайды.
22-сурет. Ахилл рефлексі
Жұмысты қорытындылау: рефлекстердің рефректорлы доғаларының сызбасын салыңыз. ОЖЖ-ның қандай бөлігі зерт- телген рефлекстердің қайсысына жауапты?
жұмыс. Зертханалық жануарлардың рефлекстерін зерттеу
Соматикалық рефлекстердің екі түрі фазалық және тоника- лық болады. Фазалық рефлекстер – күрделі үйлестiрiлген локо- моторлы актiлердің негізі. Олар дененің (жүріс, жүгіру, жүзу) немесе оның бөліктерінің кеңістіктегі орын ауысуын қамтама- сыз етеді.
Тоникалық рефлекстер дененi табиғи кейiптiң сақталуына бағытталған, яғни дененің кеңістіктегі белгілі бағытталуына, оның бөліктерінің бір-біріне белгілі орналасуына жауапты. Олар денеге қатысты бастың бағыты өзгерiсiнде пайда болады, поза- ның өзгеруінен, сонымен қатар тiк немесе көлденең жазықтық- тармен дененiң ауысу жағдайында туындайды. Тоникалық реф- лекстер статикалық және статокинетикалық деп бөлінеді.
Статикалық рефлекстер дене жағдайының пассивті және белсендi өзгерiстерi кезінде пайда болады, олар кеңiстiкте дене-
нің ауысуымен байланыспаған. Олардың қатарына жай-күй (жай-тоникалық) және түзету рефлекстері жатады.
Жай-тоникалық рефлекстер денеге қатысты бастың жағ- дайы өзгерiстерiнде пайда болады. Бұл жағдайда дене салмағы орталығының ауысуы нәтижесінде тепе-теңдіктің бұзылу қаупі байқалады. Онымен қоса вестибулярлы анализатордың отолит- ті аппараты, бұлшық еттер мен сіңірлердің проприорецептор- лары, оған қоса мойынның тері рецепторлары тітіркенеді, ол жай тоникалық рефлекстерге бастама береді. Бұл рефлекстер мойын, дене және қол-аяқ бұлшық еттері тонуысының қайта бөлінуіне алып келеді, ол салмақ орталығы түскен дене бөлімін қолдауды қамтамасыз етеді.
Бастың белсенді бұрылыстары кезінде бұлшық ет тону- сының қайта бөлінуі кеңестікте дененің ауысуына себепші бо- лады. Сондықтан жақсы жаттыққан спортшыда бастың бұры- лысы дененiң бұрылысының әрқашан алдында болады. Егер де гипсті жағамен оны шығарса, онда дене қозғалыстары жылдамдығы мен дәлдігін жоғалтады. Жай-тоникалық реф- лекстердің бар екендігін көптеген жануарлардан да байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |