З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар



бет55/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: стерилизацияланған инелер, шыны таяқшалар, анитрезустық және бақылау сарысу- лар, пипеткалар, мақта, йод. Зерттеу объектілері – адам.
Жұмыстың барысы: қан топтарын анықтауға арналған ақ түсті планшетканың үстіне пипеткамен екі жерге бір-бір тамшыдан антирезустық және бақылау үшін алынған сарысу- ларды орналастырады. Екі тамшыдағы сарысуларға шыны таяқшаның ұшымен қанды кіргізеді. 5 минуттан кейін нәти- жесін бақылайды.
Жұмысты қорытындылау: қай тамшыда агглютинация пайда болғанын бақылау. Тәжірибенің нәтижесі бойынша бұл қанның Rh-оң немесе Rh-теріс екені туралы қорытынды жасау.


    1. жұмыс. Эритроциттердің осмостық резистенттілігін анықтау


Эритроциттердің протеинді-липидтен тұратын қабығы бе- локтар мен катиондарды өткізбейді, ал аниондар мен суды жақ- сы өткізеді. Осыған байланысты эритроциттер гипотоникалық ерітінділерде (гипотоникалық ерітінділердің осмостық қысымы эритроциттермен салыстырғанда аз болады) ісінеді. Эритроцит- тің ішіне енген су эритроцитті керіп, оның сыртқы қабығының жарылуына алып келеді. Жарылған эритроциттің ішіндегі гемог- лобин сыртқа шығады, мұны гемолиз деп атайды. Нәтижесінде қан алқызыл түске («лак» түсті) боялады.


Эритроциттердің осмостық резистенттілігі дегеніміз – олар- дың гипотоникалық ерітінділердің бүлдіруші әсеріне қарсы тұра алатын қабілеті.
Жұмыстың мақсаты: әртүрлі концентрациялы ерітінділерде- гі қан эритроциттерінің гемолиз пайда болу шекарасын анықтау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: пробиркалар, 0,9%, 0,7%, 0,5%, 0,3% хлорлы натрий ерітінділері, қан, штатив.
Жұмыстың барысы: төрт пробиркаға:
№1 пробиркаға 10 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін;
№2 пробиркаға 10 мл 0,7% хлорлы натрий ерітіндісін;
№3 пробиркаға 10 мл 0,5% хлорлы натрий ерітіндісін;
№4 пробиркаға 10 мл 0,3% хлорлы натрий ерітіндісін құяды.
Пробирканың әрқайсысына 0,5 мл фибриннен тазартылған қан құйып, шайқап араластырғаннан кейін, штативке бекітіп, бір сағат мерзімге қалдырады. №1 және №2 пробиркаларда гемолиз жүрмейді. Эритроциттер пробирканың түбіне шөгеді де ерітінді- ні түссіздендіреді. №3 пробиркада гемолиз жартылай жүреді. Бұзылмаған эритроциттер пробирканың түбіне шөгеді. Ерітінді қызыл күйінде қалады. №4 пробиркада эритроциттердің бұзылу- ына байланысты гемолиз толық жүреді де ерітінді алқызыл («лак» түсті) түске боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет