Артериялық пульс – сол жақ қарыншаның систоласы мен диастоласы кезіндегі қолқадағы қан қысымының өзгеруіне байла- нысты пайда болған артерия тамыры қабырғасының қозғалысы.
Пульсті көбінесе шынтақ артериясының білезік тұсында 3 сау- сақпен сәл басып, бармақпен қолды демеп отырып анықтайды.
жұмыс. Пульсотахометр арқылы пульсті жазу
Пульсотахометр – ұзақ уақыт үздіксіз артериялық пульстің жиілігін жазып алу үшін қолданылатын аспап. Ол фотоэлектрлік қабылдағыштан, күшейткіш блоктан және көрсеткіш құралдан шкала және пульстің дыбысын естіртетін динамиктен тұрады. Пульсотахометрге осциллоскоп жалғастырылса, оның экраны- нан сфигмограмма көрінеді. Саусақтық қабылдағыш кішкентай жарық көзінен және фотокедергіден тұрады. Ол екеуінің арасы- на тырнағын жарық көзіне қаратып саусақты орналастырып, қояды. Пульсотахометрдің жұмысы саусаққа қан келген сайын оның мөлшері ұлғайып, одан өтетін жарық азайып, фотоэлектр- лік қабылдағыштағы жарық токтарының (фототок) тербелуіне негізделген.
Жұмыстың барысы: саусақтың бірінші буынына қабылда- ғышты бекітеді. Тырнақ шамға, ал буынның жұмсақ еті фотоке- дергіге қаратылады. Содан кейін тыныштық жағдайында пульс жиілігін өлшейді. Пульстің дыбысынан реттілігін байқайды, ал осциллоскоптан көрінген сфигмограммаға назар аударады.
Жұмысты қорытындылау: сфигмограмманың суретін са- лып, тісшелерді белгілеңіз, талдау жасаңыз. Сфигмограмманы талдаңыз. Пульсті сипаттаңыз.
Бақылау сұрақтары:
Кейбір саңырауқұлақтарда болатын у жүректің АРК-сын жылдам қысқартады. Осы саңырауқұлақтармен улану өлімге әкеле ме? Неге?
Синус-жүрек түйінінің клеткаларында және жүрекше мен қарынша- лардың бұлшық еттерінің клеткаларында МП өзгерістері синхронды жүрсе не болар еді?
Жүректің қай жерінде қозу пайда болады?
Жүректің қандай қасиеттері өткізуші жүйемен қамтамасыз етіледі?
Экстрасистола деп нені атайды?
Екі науқасқа велоэргометриялық субмаксимальды сынама жүргіз- генде ЖЖЖ айтарлықтай ұлғайғандығы тіркелді (160 соққы/ми- нут), онымен қоса бірінші науқаста қан айналудың минуттық кө- лемі (ҚАМК) 4,5 литрден 20-ға үлкейді, ал екіншісінде ҚАМК 4,8-ден 4,2 литрге төмендеді. Алынған нәтижені түсіндіріңіз. Бі- рінші науқастың сынамаға реакциясын түсіндіріңіз. Екінші нау- қастың реакциясы сәйкес пе? Екінші науқастағы ҚАМК төмендеуі немен байланысты?
Науқастың ЭКГ-ға тіркелуі мен талдануы кезінде жүрекшеден қарын- шаға қозуды өткізу 1,5 есе азайғандығы көрсетілді. ЭКГ-да қандай өз- герістер дәлел болады? Бұл өзгерістер қалай аталады?
Жүрек реттелуінің гомеометрикалық механизмі келесіге негізделеді: а) аортадағы қысымның өзгерістері кезіндегі жүрек жиырылуының күшеюі
ә) бұлшық ет талшықтарының бастапқы ұзындықтарының өзгерісі кезіндегі жүрек жиырылуының жиілеуі
б) бұлшық ет талшықтарының бастапқы ұзындықтарының өзгерісі кезіндегі жүрек жиырылуының күшеюі
в) аортадағы қысымның өзгерістері кезіндегі жүрек жиырылуының жиілеуі
Мүшенің қанмен қамтамасыз етілу қарқындылығын қандай шамамен бағалайды?
а) қан ағысының көлемдік жылдамдығымен
ә) пульстік толқынның таралу жылдамдығымен б) қан қысымымен
в) қан айналудың толық уақытымен
Кезеген (блуждающих) жүйкелерінің әсерін теріс инотропты және дромотропты деп атайды, егер:
а) жүрек жиырылу күші мен жиілігі төмендесе ә) күш пен өткізгіштік төмендесе
б) күш пен қозғыштық төмендесе
в) жиырылу күші мен жиілігі жоғарыласа
Жүректің негізгі заңы (Франк-Старлинг заңы) қай механизмде негіз- деледі?
а) жүректің гомеометрикалық реттелуі ә) жүректің гетерометрикалық реттелуі б) жүректің гуморальды реттелуі
в) жүректің экстракардиальды реттелуі
Жүрек бұлшық етінің жұмыс атқарушы гипертрофиясын қалай түсін- діруге болады?
а) қысқару белоктары синтезінің төмендеуімен
ә) қысқару белоктары синтезінің жоғарылауымен
б) жүректің өткізуші жүйесі белсенділігінің жоғарылауымен в) бұлшық ет талшықтары көлемінің жоғарылауымен
Жүректің кардиомиоцитті жүрекшесінде қандай гормон секреттеледі? а) окситоцин
ә) альдостерон б) атриопептин
в) антидиурездік гормон
Қандай гемодинамикалық факторлар артерия қысымының көлеміне әсер етеді?
а) жүректің қақпақшалары аппаратының жұмысы мен пульстік тол- қынның таралу жиілігі
ә) қан ағынының минуттық көлемі мен тыныс алу экскурсиялары б) пульстік толқынның таралу жиілігі
в) қан ағынының минуттық көлемі мен перифериялық кедергінің көлемі
Ауыстырылатын қан тамырлар: а) артериялар
ә) веналар
б) артериолдар в) капиллярлар
Қан тамырлардағы қанның қозғалысы мен оның жүрекке қайтуын анықтайтын факторлар:
а) пульстік толқын
ә) аяқ-қол венасының клапанды-бұлшық ет аппараты
б) жүректің қалған қозғалмалы күші мен жүректің сорушы күші в) плевра қуысының сору күші
Қан ағынына перифериялық кедергінің көлемін анықтайтын факторлар: а) артериолдар жолағы
ә) жүрек жұмысы
б) қанның тұтқырлығы в) веналардың тонусы
Жүрек жұмысының нейрогенді күшеюі келесінің әсерінен жүреді: а) симпатоадреналды жүйенің іске қосылуынан
ә) қаңғыма жүйкелері тонусының күшеюінен б) симпатикалық әсерлердің блокадаларынан в) қабырға аралық жүйке тонусы әлсіреуінен
Дромотропты әсер:
а) жүрек жиырылу жиілігінің өзгерісі ә) жүрек жиырылу күшінің өзгерісі
б) жүрек бұлшық ет қозуының өзгерісі
в) жүрек бұлшық ет өткізгіштігінің өзгерісі г) жүрек бұлшық ет тонусының өзгерісі
Хронотропты әсер:
а) жүрек жиырылу жиілігінің өзгерісі ә) жүрек жиырылу күшінің өзгерісі
б) жүрек бұлшық ет қозуының өзгерісі
в) жүрек бұлшық ет өткізгіштігінің өзгерісі г) жүрек бұлшық ет тонусының өзгерісі
Инотропты әсер:
а) жүрек жиырылу жиілігінің өзгерісі ә) жүрек жиырылу күшінің өзгерісі
б) жүрек бұлшық ет қозуының өзгерісі
в) жүрек бұлшық ет өткізгіштігінің өзгерісі г) жүрек бұлшық ет тонусының өзгерісі
Батмотропты әсер:
а) жүрек жиырылу жиілігінің өзгерісі ә) жүрек жиырылу күшінің өзгерісі
б) жүрек бұлшық ет қозуының өзгерісі
в) жүрек бұлшық ет өткізгіштігінің өзгерісі г) жүрек бұлшық еттонусының өзгерісі
Атриовентрикулярлы түйін клеткалары өздігінен қозу толқындарын генерациялай ма?
а) жасайды, егер синоартериальды түйін жұмыс істемесе
ә) жасай алмайды
б) жасайды, егер гис шоқтары аяқтарының қызметі бұзылса в) жасайды, егер пуркинье талшықтарының қызметі бұзылса г) жасайды, қарыншалар миокардының қызметі бұзылса
Жүректе бірінші реттік жүргізуші ырғақ орналасады: а) синоатриальды түйінде
ә) атриовентрикулярлы түйінде б) Пуркинье талшықтарында
в) Гис шоғының сол сабағында с) Гис шоғының оң сабағында
Миокард тетанустың пайда болуына қабілетсіз, себебі: а) жүректе қызметтік синцитияның бар болуынан
ә) автоматияның градиентінен б) автоматизмнен
в) рефракторлықтың ұзақ кезеңінен
г) миокард бөліктерінің синхронды жиырылуынан
Достарыңызбен бөлісу: |