$148.Бастапқы ақыл-ой қабілеттерін зерттеген кім? A)Терстон
B)Гильфорд
C)Бине
D)Спирмен
E)Теплов
$149.Э.Эриксон жеке адам дамуының қанша кезеңін ұсынады A)2
B)8
C)3
D)4
E)5
$150.Кез-келген интеллектуалдық тапсырманы шешу үш компонент: операция, мазмұн, нәтижелерден тұрады деген кім? A)Бине B)Спирмен C)Гильфорд
D)Теплов E)Эриксон
Семинар сабақтарының қысқаша сипаттамасы (семинар сабақтарының жоспары, МОӨЖ, МӨЖ) 1 Тақырып. Қазіргі психологиядағы ғылыми мектептер және теориялар пәні мен міндеттер
Отандық және шетелдік психологиялық мектептер және олардың даму беталыстары. Қазіргі тұлға теорияларына сипаттама. Тұлғаның психологиялық құрылымы.
2 Тақырып Тұлғаның психологиялық сипаттамасы Тұлғаның қажеттіліктер мен мотивтері. Тұлғаның мотивациялық құрылымдары мен мотивациялық қылықтары. Тұлғаның бағыттылығы.
3 Тақырып Тұлғаның дамуы туралы зерттеулер Тұлғаның дамуына ықпал етуші негізгі факторлар туралы түсінік. Адамның табиғатына қатысты негізгі тұрғыларға сипаттама. Жасөспірім және жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері. Жасөспірім шақтағы даму заңдылықтары. Жасөспірім шақ кезеңі.. Типтерге жіктеудің соционикалық тұрғылары. Тұлғаның студенттік шақтағы бағыттылығы. Кәсіби жетілудегі акме-деңгей (А.А. Бодалев, А.Н. Деркач).
4 Тақырып Қазіргі тұлға психологиясындағы зерттеу әдістері. Қазіргі тұлға психологиясының зерттеу әдістеріне сипаттама. Бақылау әдісі, анамнез әдісі, корреляциялық әдіс, экспериментті әдіс. Қазіргі тұлға психологиясындағы зерттеу әдістерінің салыстырмалы талдауы.
5 Тақырып Персонология бағытының қалыптасуы мен дамуы Персонологияның
қалыптасуы мен даму тарихына шолу. Персонологтардың теориялық бағыттарының қалыптасуына әсер негізгі тұрғылар. З. Фрейд бойынша мотивтер ықпалының түсіндірілуі. К.Г. Юнгтің аналитикалық психологиясы. Топтық бейсаналылық және архетиптер. Тұлға типологиясы. Тұлғаның неофрейдистік социодинамикалық теориялары. А. Адлердің жеке-дара психологиясы. Өмір сүру мәнері. К. Хорни теориялары. «Басты қауіп» тұлғаның мотивациялық факторы ретінде. Мінез-құлық, жүріс-тұрыс стратегиясы. Е. Фроммның гуманистік психоанализі. А. Маслоудың қажеттіліктер теориясы.
6 Тақырып Психология ғылымын дағы қазіргі тұлға теориясы. Тұлғаны психологиялық құрылым ретінде талдаудың негізгі деңгейлері. Қазіргі психологиядағы тұлғаны зерттеудің негізгі тұрғылары.
7 Тақырып Тұлға туралы психиодинамикалық теория.Тұлғаның психодинамикалық теориясының негізгі бағыты. Зигмунд Фрейд – тұлғаның мінез бітістерінің кезеңдері туралы. Зигмунд Фрейд – тұлғаның негізгі үш тұжырымды сатысы туралы (ид, эго, супер эго).
8 Тақырып Тұлғаның психоаналитикалық теориясы Тұлғаның психоаналитикалық теориясына сипаттама. К.Г.Юнг тұлға дамуындағы негізгі қайнар көздері туралы. К.Г.Юнг тұлғаның дамуындағы негізгі үш белгісі туралы (ұжымдық бейсаналылық, дара бейсаналылық, индивидуалды жеке саналы). К.Г.Юнг ақпаратты өңдеудің төрт типі туралы.
9 Тақырып Тұлғаның индивидуалды (даралық) теориясы Тұлғаның даралық теориясына сипаттама. Адлер бойынша даралық психологияның негізгі құрылымдары. Отбасында баланың туу ретінің оның өмір стилінің негізгі себептері туралы.
10 Тақырып Тұлғаның гуманистік теориясы. Тұлғаның гуманистік теориясына сипаттама. Карл Роджерс бойынша адам психикасындағы екі бетбұрыс (“идеалды мен”+ “реалды мен” “МЕН” құрылымының пайда болуы). Абрахам Маслоу - өзін-өзі кемелдендіру тұжырымдамасы туралы. Гуманистік психология өкілдері көзқарастарының салыстырмалы талдауы.
11 Тақырып Тұлғаның когнитивті (танымдық) теориясына сипаттама. Дж.Келли - тұлға дамуының қайнар көздері туралы. Когнитивті теория бойынша адамдағы конструктілердің өзіндік жүйесінің деңгейлері. Шығармашылыққа бейім тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері. Дж. Гилфорд және Э.П. Торренс, М. Воллах пен Н. Коган, С. Медник, Р. Стернберг, В.Н. Дружинин және Н.В. Хазратова бойынша креативтілік тұжырымдамалары.
12Тақырып Тұлғаның бихевиористік (мінез-құлықтық) теориясы. Тұлғаның бихевиористік (мінез-құлықтық) теориясына сипаттама. Бихевиористердің пікірінше тұлғаның қалыптасып дамуындағы әлеуметтену, тәрбиелеу және үйренудің маңызы. Тұлғаның мінез-құлықтық теориясының негізгі блогтары.