З. А. Мовкебаева (қолы)



бет17/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

4.2. Тұлғаның мотивтері


Тұлғаның мотивтері, мотивациялары және мотивациялық сферасы осы күрделі психологиялық тақырыптың негізгі мәселелері болып табылады. Қажеттіліктер мен мотивтер адамның тұлғасының өзегін құрайды. Бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан осы күнге дейін психологтар осы ұғымдарға дұрыс анықтамасын беріп, арасындағы өзара қатынасты түсіндіре қойған жоқ.


Мотив ұғымы


Шын мәнінде, түрлі психологиялық феномендер мотив ретінде аталады. Бұл – ниет, елестер, идеялар, сезімдер, күйзелістер (Л.И.Божович) қажеттіліктер, әуестіктер, түрткі күш, бейімділіктер (Х.Хекхаузен); ықыластар, қалаулар, әдеттер, ойлар, борышты ой-сезімі (П.А.Рудик); моралды-саяси бағдарлар мен ойлар (Г.А.Ковалев); тұлғаның психикалық процестері, күйлері және қасиеттері (К.К.Платонов); сыртқы әлемнің заттары (А.Н.Леонтьев); ішкі сенімдер (А.Маслоу); тіршілік ету жағдайлары (К.Вилюнас) әрекеттердің мақсатты сипатын тәуелдетін түрткі күштер (В.С.Мерлин); субъект негізге ала отырып әрекет ететін түсініктер (Ф.Годфруа).
Көзқарастардың осындай көптүрлілігіне қарамастан психологтардың көпшілігі, мотив, бұл – не түрткі күш, не болмаса мақсат (зат), не болмаса ниет, не болмаса қажеттілік, не болмаса тұлғаның қасиеті, не болмаса оның күйі деп тұжырымдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет