Әуестіктер, тілектер, қалаулар
Осы ұғымдарды анықтауда екі көзқарас бар. Оның біріншісі оларды бір-бірінен бөліп алып, әрқайсысында өзінің психологиялық мазмұнын табуға әрекеттенеді. Бұл көзқарас С.Л.Рубинштейннің жұмыстарында өте айқын көрінеді.
Оның ойынша “әуестік бұл – органикалық сезімталдықта бейнеленген органикалық қажеттілік”. Оның соматикалық шығу тегі “ағзаның ішінде” пайда болған қозу. Осылайша, әуестік бұл қажеттіліктердің көрінуінің бір түрі.
Субъект өз қажеттілігін сезінуі бойынша, қажеттілік тілекке ауысады. С.Л.Рубинштейннің ойынша тілекте оның заттық айқындалу өз бейнесін табады, яғни қажеттілікті қанағаттандырудың заты ұғынылады. Тілек субъектінің әрекетінің мақсаты жайлы білімді қамтиды.
Қалау, бұл – субъектінің әуестігінің затын иеленуге бағытталған ұмтылысы. С.Л.Рубинштейннің ойынша қалау бұл тек мақсат қана емес, оған әкелетін әрекет туындағанда пайда болады. Бұл көзқарасты П.И.Иванов, К.К.Платонов, П.А.Рудик те мақұлдайды.
Басқа зерттеушілердің ойынша әуестік, тілек, қалау ұғымдары бір ғана күйзелістердің әр жақтарын анықтайтын синонимдер деп түсініледі. Ал әуестікті тілектің бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Қызығушылықтар
Психологтар қызығушылықтың психологиялық мазмұнын талдап, оның құрамындағы қажеттілікті және осы қажеттілікті сезінудің жағымдылығын бөліп қарастырады. Осы тұрғыда Б.И.Додонов процессуалды және процессуалды-мақсатты қызығушылықтарды қарастырады. Процессуалды қызығушылықтарда іс-әрекеттің нақты түрін сезінудің жағымдылығы көрінеді. Алайда адамның өміріндегі таза процессуалды қызығушылықтар онша мәнді емес. Адам жағымды эмоцияларды сезіне бермейді, бұған қоса өз қажеттіліктерін қанағаттандырғысы келеді. Сондықтан да процессуалды қызығушылықтарда адамның мәнді қажеттіліктері қанағаттандырылып, жағымды эмоцияларды сезіну ләззаты қатар жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |