Тұлғаның мотивациялық құрылымдары мен мотивациялық бітістері
Тұлғаның мотивациялық құрылымдарына тұлғаның мотивациялық ішкі сенімдері (ниеттері) әуестіктері, тілектері, қалаулары және түрлі қызығушылықтары жатады.
“Мотивациялық ішкі сенім, бұл – тиісті жағдай, себеп пайда болғанда жүзеге асатын, жоспарланған, бірақ кейінге қалдырған ниет” (Е.П.Ильин). Іс-әрекеттің мақсатының алыстығы және оны тікелей қанағаттандыра алмау мүмкіншілігі оның негізгі бітістері болып табылады. Міне, сондықтан да мотивациялық ішкі сенім ұғымы ниетпен сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |