З. А. Мовкебаева (қолы)



бет32/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

1.4. Экспериментті әдіс
Эксперименттің жүргізілуі зерттеушінің себеп-салдарлы қатынастарды анықтаудың жалғыз тәсілі болып табылады. Осыған байланысты, экспериментті әдісті тұлғаға қатысты маңызды мәселерді зерттеудің мүлтіксіз амалы деп есептеуге болады.
Экспериментті әдісті және клиникалық жағдайларды зерттеу әдісі мен корреляциялы әдістің арасындағы негзгі айырмашылықты түсінудің кілті біріншісінің зерттеушінің бір өзгергіштікті пайдалануына және оны қызықтырып отырған басқа өзгергіштікке тигізетін ықпалын бақылауға мүмкіндік береді. Өзгертіліп отыратын өзгергіштік – тәуелсіз өзгергіштік деп аталады. Тәуелсіз өзгергіштік – бұл эуспериментшінің оның басқа өзгергіштікке тигізетін ықпалын бағалау үшін жүйелі өзгертіп отыратын қайсібір жағдай. Тәуелсіз айнымалының (өзгергіштіктің) өзгерісінінің негізінде өзгеретін айнымалы(өзгергіштік) – тәуелді айнымалы (өзгергіштік) деп аталады. Тәуелді өзгергіштік – бұл субьектінің мінез құлқының тәуелсіз өзгергіштіктің әрекетіне бақыланатын немесе өлшенетін жауап ретіндегі кез келген қыры. Осылайша, тәуелді өзгергіштік тәуелсіз өзгергіштіктен туындайтын қызмет болып табылады; ол эксериментшінің тәуелсіз өзгергіштікке деген әсерінен туындаған өзгерістерге тәуелді.
Жақсы ұйымдастырылған эксперимент нәтижелердің нақтылығына және ғылыми мәнділігіне әсер етуі мүмкін көптеген факторларды есепке алуы тиіс. Тәжірибеде, бұл біздің өлшеп жатқанымызға әсер етуі мүмкін барлық өзгергіштіктер мен міндеттерді жою керек немесе олар бүкіл эксперименттің барысында тұрақты деңгейде қолданылуы керек. Тәуелді өзгергіштікке әсер етуге қабілетті, бөгде өзгергіштіктерді жоюдың тәсілдері көп. Объектілердің кездейсоқ үлгіде әртүрлі экспериментті жағдайларға немесе топтарға орналастырылуы оның едәуір кең таралған түрі болып табылады. Кездейсоқ үлестірілу – барлық объектілердің эксперименттегі кез келген жағдайға немесе топқа жатқызылуының тең мүмкіндіктерінің болатынына кепілдік етеді. Бұл жағдайда зерттелуші сыналушының экспериментке әсер етуі мүмкін кез келген сипаттамаларының (жасы, интеллектісі, туу реті т.б.), әртүрлі экспериментті жағдайларда немесе топтарда үлестірілуіндегі мүмкндіктері тең екеніне сенімді бола алады. Рандомизация экспериментті әдісті анықтайтын сипаттама ретінде тәуелсіз өзгергіштіктің қатысуы немесе қатыспауы сияқты бір өлшемді қоспағанда барлық субъектілердің эксперименттің басында бірдей болатыны жайлы болжамға сүйенеді.
Психолог Стенли Шахтер “Бейбіт өмірде, өлім де қызыл тартады” деген мәтелге қызығушылық білдірді. [Schacter, 1959]. Сәйкес эмпирикалық әдебиеттердің шолуы, Шахтерді, бітіссіз ситуацияда ұшырауы мүмкін қайсібір бітіссіздіктен қауіптенетін адамдар, жалғыздықта болғаннан гөрі, бейтаныс болса да бір адамның болғанын қалайтындары жайлы қортынды жасайды. Нақтырақ айтсақ, Шахтер: мазасыздану сезімінің үдеуі басқалардың жанында болу тілегін, психологтардың сөзімен айтсақ “аффиляцияға деген қажеттілікті” тудыруы мүмкін екенін болжайды. Шахтер бұл болжамды тексеру үшін, жоғары курстағы студент қыздарды шақырады. Сыналушылар тексерілуге келгенде оларды электр құралдардың арасында ақ халат киген экспериментші қарсы алады. Ол өзін неврология және психология бөліміндегі Зильштейн атты дәрігермін деп таныстырып, зерттеудің мақсаты – электр тогы соққысының жүректің жиырылу жиілігі мен артериялы қысымға әсерін зерттеуде екенін түсіндірді. Осыдан кейін эксперименттің әрбір қатысушысына олардың электр тогының бірнеше соққысын алатындары және сол мезетте тамырдың соққысы мен қан қысымның өлшенетіні хабарланады. Шахтер сыналушылардың мазасыздану деңгейін өзгерту үшін (тәуелсіз өзгергіштікті), электр тоғы әрекетінің екі түрлі сипаттамасын қолданды.
“Жоғары мазасыз” ситуациясын құру үшін, сыналушылардың жартысы қаһарлы үнмен айтылған: “Сіздерді не күтіп тұрғаны жайлы барлық шындықты айтайын. Тоқтың соққылары өте күшті, өте ауыр болады. Осы тектес зерттеулерде біз шынымен адамға көмектесетін нәрселердің барлығын зерттеуіміз керек, сондықтан, тоқ соққыларының қарқынды болғаны қажет, - нұсқау алады. Шахтер сыналушылардың екінші бөлігіне: тоқ соққыларының қалыпты болатынын және ауыр болмайтынын айтады. Мысалы, «Сіздерді “соққы” сөзі қорқытпай ақ қойсын. Сіздердің эксперименттен рахат алатындарыңызға сенімдімін. Сзінетіндеріңіздің барлығының ауыр болайтынына кепіл беремін. Ол жағымсыз бір нәрседен гөрі, қытықтауға немесе шымшылауға ұқсайтын болады.- деген анықтама беріледі. Шын мәнінде, Шахтердің зерттеуінде ешқандай тоқ соққылары жоспарланбаған еді. Нұсқау сыналушылардағы мазасызданудың түрлі деңгейлерін модельдеудің мақсатында айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет