5 тақырып. Персонология дәуірінің қалыптасуы мен даму тарихы.
Жоспары:
1. Персонология дәуірінің қалыптасуы мен даму тарихына шолу.
2. Персонологтардың теориялық бағыттарының қалыптасуына әсер етуші негізгі тұрғылар.
1. Персонология дәуірінің қалыптасуы мен даму тарихына шолу.
Персонологияның нақ ғылыми пән ретінде ХХ ғасырда дамиды. Жиырмасыншы ғасырдың басында қалыптасқан З.Фрейдтің, А.Адлердің теорияларын және психодинамикалық бағыттағы бірнеше теорияларды қоспағанда тұлғаның қызмет етуінің негізгі үлгісі сол ғасырдың соңында ғана пайда болды.
Кесте -2 Тұлға теориялары қалыптасуының тарихи кезеңдері.
Тұлға теоретиктері
1890 1930 1940 1950 1960 1970 1980 1990
|
|
Фрейд
|
(1890-1939)
|
Психодинамикалық теория
|
Адлер
|
(1907-1937)
|
Даралық психологиясының теориясы
|
Юнг
|
(1913-1961)
|
Аналиткалық психологияның теориясы
|
Эриксон
|
(1950-1975)
|
Психологоиялық әлеуметтік теория
|
Фромм
|
(1941-1965)
|
Гуманистік психоаналитикалық теория
|
Хорни
|
(1937-1973)
|
Әлеуметтік мәдени психоаналитикалық теория
|
Олпорт
|
(1937-1961)
|
Тұлғаның бітістері жайлы теория
|
Кеттел
|
(1946-1990)
|
Тұлға бітістерінің құрылымдық теориясы
|
Айзенк
|
(1947-1990)
|
Тұлғалардың типі жайлы теориясы
|
Скиннер
|
(1938-1985)
|
Бихевиоральды-үйрету теориясы
|
Бандура
|
(1959-1990)
|
Үйренудің әлеуметтік-танымдық теориясы
|
Роттер
|
(1947-1982)
|
Әлеуметтік үйрету теориясы
|
Келли
|
(1955-1965)
|
Танымдық теория
|
Маслоу
|
(1950 -1970)
|
Гуманистік теория
|
Роджерс
|
(1951-1975)
|
Феноменология лық теория
|
2. Персонологтардың теориялық бағыттарының қалыптасуына әсер етуші негізгі тұрғылар.
Басты идея, адам табиғаты жайлы негізгі ой-желістерінің жеке тұлға жайлы көзқарастар үлгіленетін және тексерілетін іргетасын қалайды.
Негізгі ой-желістері теоретиктің жеке тұлғаға деген көзқарасын кеңейтеді және тарылтады. Мысалы, өз еркімен көңіл білдіру мүмкіндігін қабылдаушы теоретиктің, адамның еркін (бос) тірі жан ретінде әрекет жасауына қабілетті екенін білдіретін, адамның қызмет жасау қырларына екпіндетіп зейін қояры анық. Сонымен қатар, ол детерминизм бағытымен адам мінез-құлқы өте жеңіл түсіндірілетін қырларын елемеуге де тырысуы мүмкін.
Негізгі тұрғылар үнемі персонологтрадың теориялық бағыттарының қалыптасуына түрлі факторлармен өзара әрекеттесіп отырады.
Адамзат деген не? деген сұраққа қатысты болғасын, персонологтар үшін бұл негізгі ой-желістерінің мәні болашақта да төмендемейді. Соған орай, адам табиғаты жайлы пәлсафалық ой-желістері де болашақтағы жеке тұлғаға қатысты барлық ықпалдардың ірге тасын құрайтыны анық.
Жеке тұлға теориясын негізгі ой-желістеріне қарай емес, соны мен бірге, басқа да критерияларға сәйкес салыстыруға болады. Бұл тарауда біз жеке тұлға теориясының басты бағыттарын алты шешуші критериялары тұрғысынан бағаладық: верификацияланушылық, эвристикалық құндылық, ішкі келісімділік,үнемділік, ауқымның кеңдігі және функционалды мәнділік.
Жеке тұлға психологиясы зерттеудің өте жас аймағы, тек соңғы бес онжылдық ішінде ғана бұл аймақта нақты әрі өмірлік қабілеті бар бағыттар пайда болды. Болашақты шығармашылықпен зерттеушілер, өздерінен бұрыңғылардың интеллектілі қазынасына сүйенетін болады.
Адамға қатысты негізгі ғылыми ықпалдардың мәні, олардың жаңа зерттеулерге қаншалықты дәрежеде дем беруімен байланысты болады. Сонымен бірге, өзінің ғылыми мәнділіктерін жойып алмау үшін, жекем тұлға теориялары жаңа эмпирикалық мәліметтердің жиналу шамасына қарай түзетіліп отырылуы керек.
Қорыта келе адамның жеке тұлғалылығына қатысты жаңа зерттеулер негізгі бес бағыт бойынша жүзеге асады деп шамалауға болады:
Танымдық процестерді және олардың психологиялық қызмет жасаудың басқа қырлары мен өзара әрекетін зерттеу;
Жағдайланған факторлар мен жеке өзгергіштіктердің өзара әрекеттесуі мен олардың мінез-құлыққа қосқан үлесін зерттеу;
Жеке тұлғаның нейрофизиологиялық, биохимиялық және генетикалық негіздерін зерттеу;
Орта және үлкен жас шамасындағы жеке тұлғалық дамуды зерттеу;
Адамның тәжірибелі іс-әрекетіне қатысты проблемаларды зерттеу.
Жыл өткен сайын бұл аймақтарда қызықты әрі сынды зерттеулер саны өсуде, ол біздің адам табиғаты жайлы түсінігімізді тереңдетуге және байытуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |