З. А. Мовкебаева (қолы)


Тұлғаның мінез-құлықтық теориясының негізгі үш блогы



бет56/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

3. Тұлғаның мінез-құлықтық теориясының негізгі үш блогы.

1. Тұлғаның бихевиористік (мінез-құлықтық) теориясына сипаттама.


Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясы – “үйретілген” деген басқа да атауы бар, өйткені бұл теорияның басты тезисі: “біздің жеке тұлғамыз үйренудің өнімі” дегенді баяндайды.
Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясында екі бағыт бар: рефлекторлы және әлеуметті. Рефлекторлы бағыт белгілі американ бихевиористтері Дж. Уотсон мен Б. Скинердің еңбектерімен ұсынылған. Ал, әлеуметтік бағыттың негізін салушылар американдық зерттеушілері А.Бандура мен Дж. Роттер.
Екі бағыт бойынша да жеке тұлғаның дамуының қайнар көзі – орта боп саналады. Жеке тұлғада ешқандай генетикалық және психологиялық мұралану жоқ. Жеке тұлға үйренудің өнімі (жемісі) боп келеді де, ал оның қасиеті – бұл жалпыланған мінез-құлықтың рефлекстер мен әлеуметтік дағдылар. Бихевиористердің көзқарастары бойынша, жеке тұлғаның қандай да болмасын типін тапсырыс бойынша құрастырып алуға болады,яғни еңбекқор немесе бұзақы, саудагер немесе ақынды. Мәселен, Дж. Уотсон адамның эмоционалды реакциялары мен иттегі сілекей бөлінетін рефлекті өңдеудің арасында ешқандай айырмашылықтар (өзгерістер) жасаған жоқ, себебі ол жеке тұлғаның эмоционалды қасиеттерінің барлығы (қорқыныш, мазасыздану, қуаныш, ашу т.б.) классикалық шартты рефлекстерді өңдеудің нәтижесі боп келеді деп пайымдады.
Американдық психолог, әлеуметтік үйрету теориясының авторы Бандура (Bandura) Альберт 1925 жылы Канадада дүниеге келген. 1949 жылы Британдық колумбиядағы университетті бітіреді де, Америка құрама штаттарына келеді. Ол Америкада Айова университетінде клиникалық психологиядан дәріс алады. 1963 жылдан бастап Стенфордтық университетте психологияның профессоры ретінде, ал 1973 жылы психология саласныда әлеуметтік ғылымдардың профессоры ретінде қызмет етеді. Осында ол Миллер мен Доллардтың еңбектерімен танысады және де оған Спенс біршама ықпал етеді. Ол «стимул-реакция» әдістемесінен бастап, ондай модельдің адамның мінез-құлқына аса қолайлы емес екені жайлы қортындыға келіп, бақыланатын мінез-құлықты жақсырақ түсіндіретін жеке моделін ұсынады. Ол көптеген зерттеулердің үлгіні бақылау жолымен үйретуге зер салып, құралмен міндеттеудің жаңа көрінісін ұсынады. Сондай-ақ ол бекітуді үйретудің жалғыз детерминанты ретінде емес, тек қосалқы факторы ретінде қарастырылды.
Ал адамды үйретудің негізгі детерминанты ретінде басқа адамдардың мінез-құлықтарының үлгілерін бақылау болып табылады. Мінез-құлықтың кез келген түрі сол әрекеттердің салдарын алдын ала болжаудың есебінен ынталандырушы формаға айналады. Ондай салдардың қатарына басқа адамдардың тарапынан бекітумен бірге, мінез-құлықтың іштей міндетті стандарттарын ұстанудың бағасынмен міндеттелеген.
Үйретудің жылдамдығы еліктеу затының психологиялық қолайлылығына және де бақыланатын мінез-құлықтың сөзбен кодталуының тиімділігіне де байланысты. Бандура Өзінің әлеуметтік үйрету теориясына сүйеніп, агрессияны басқаша түсіндірмек болды.
Алғашында Бандура агрессияның астарында фрустрацияға деген патологиялыққа жақын импульсивті реакцияны қарастырады да, кейіннен оның дұрыс емес екеніне көзі жетеді. Фрустрация ретіндегі агрессия теориясының қолданылатын деректерді агрессияның салдарына сый тағайындауды бақылаудың негізіндегі үйрету териясынан нашар түсіндіретіні анықталады. Ол ересектердің агрессивті мінез- құлықтарының үлгілерінде үйрену жағдайындағы балаларда агрессивті мінез-құлықтың дамитынын анықтайды.
Жеке тұлғаны зерттеу дәстүрінің шеңберіндегі Бандураның үлесі ең алдымен оның мінез-құлықтың жағдайға байланысты ерекше формаларын экспериментті зерттеуінде.
Скинер болса, жеке тұлға – оперантты үйретудің нәтижесінде қалыптасып құрылған әлеуметті дағдылардың жиынтығы деді. Скинер қандай да бір моторлы акттың нәтижесінен болған ортадағы әрбір өзгерісті оперант деп атады. Адам артынан бекіту жүретін операнттарды орындауға ұмтылады да, артынан жазалау жүретін операнттарды жасаудан қашқақтайды.
Міне, осылай бекітулер мен жазалаудың арнайы жүйесі нәтижесінде адам жаңа әлеуметтік дағдыларға қол жеткізеді және соған орай, қайырымдылық немесе шыншылдық, агрессивтілік немесе альтруизм сияқты жеке тұлғаның жаңа қасиеттеріне де қол жеткізеді (Годфруа Ж., 1992; Скинер Б.Ф., 1978)
Екінші бағыттың өкілдерінің пікірінше, жеке тұлғаның дамуында маңызды рольді сыртқы емес, күту, мақсат, маңыздылығы т.б. сияқты ішкі факторлар ойнайды. Бандура адамның мінез-құлқын төмендеткен ішкі фактор, өзін-өзі реттеу деп атады.
Өзін-өзі реттеудің негізгі міндеті - өзінің қолайлығын қамтамасыз ету, яғни әрбір дәл уақытта ішкі факторларға сүйене отырып, адам жүзеге асыра алатын мінез-құлық түрлерін жасау. Өткен тәжірибеде ұқсағыштық арқылы үйренудің нәтижесінде пайда болса да, ішкі факторлар өзінің ішкі заңдылықтары бойынша әрекет етеді. (Хъелл А., Зиглер Д., 1997). Роттер Бандурадан да өткен когнитивист. Адамның мінез-құлқын түсіндіру үшін, Роттер белгілі бір ситуацияда адамның қандай мінез-құлық көрсету (жасау) мүмкіндігі шамасын білдіретін “мінездік, мүмкіндік, шама” деген арнайы ұғымды енгізеді. Мінез-құлықтың шамасы (потенциал) екі сыңардан (компоненттен) құрылады: арнайы бір мінез-құлықты бекітудің маңыздылығы (болайын деп тұрған бекіту адам үшін қаншалықты маңызды) мен сол бекітудің мүмкіндігі (болайын деп тұрған бекіту сол ситуацияда қаншалықты түрде жүзеге асады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет