15 тақырып. Психологиялық мектептер – тұлға туралы.
Жоспары:
1. Гештальпсихология тұлға туралы.
2. Ж.Пиаженің тұлға туралы конструктивті тоериясы.
3. Тұлға туралы Вюрцбургтік психологиялық мектеп өкілдерінің көзқарастары.
Психология ғылымының дамуында тұлға туралы мәселелерді түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырған әртүрлі бағыттар мен мектептер көптеп саналады, мәселен, Гештальпсихология, Конструктивизм, Вюрцбургтік психологиялық мектептерінің негізгі идеялары.
1. Гештальпсихология тұлға туралы.
Неміс сөзі «гештальт» құрылымды, ұйымды немесе конфигурацияны білдіреді. Гештальтизм немесе құрылым психологиясы жиырмасыншы ғасырдың басында пайда болған ағым. Осы ілім теоретиктерінің ойынша айналамыздағы қоршаған орта құралған заттар біздің сезім ағзаларымызбен жеке элементтер түрінде қабылданбайды.
Келер (1887-1967жж.) мен гештальтистер үшін бізді қоршаған орта ұйымдасқан формалардан тұрады әрі қабылдауымыздың өзі де ұйымдасқан.
Бірінен кейін бірі тізбектеліп жүретін, нақты ретпен және ұсынылған ырғақта қабылданатын музыкалық тондардың қатары әуенге ұласады; егер наталардың қатары өзгертілсе немесе олардың біреуін өзгертсе тұтастай әуен өзгереді. Яғни біз элементтердің қарапайым жиынтығын емес, сол элементтерден құралған ұйымдасқан тұтастылықты қабылдаймыз.
Гештальтпсихологтардың ұсынған көптеген тұжырымдамалары қабылдауды зерттеуден топтардың динамикасына (топтың өзі құрамындағы индивидуумдардың қарапайым жиынынан ерекше тұтастылық болып табылады) дейін пихологияның әрқилы бөлімдеріне енді.
Достарыңызбен бөлісу: |