З. А. Мовкебаева (қолы)


Іс-әрекеттік тұрғыда тұлғаның негізгі құрылымдық блоктары



бет60/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

2. Іс-әрекеттік тұрғыда тұлғаның негізгі құрылымдық блоктары.
Іс-әрекетік тұрғыда ең танымалы негізгі құрылымды блоктар ретінде бағыттылық, қабілет, мінез бен өзін-өзі бақылаудан тұратын тұлғаның төрт компонентті үлгісі болып табылады.
Бағыттылық - бұл жеке тұлға мінез-құлқының басты бетбұрыстарын беретін, жеке тұлғаның тұрақты талғам мен түрткілерінің (қызығушылық, идеалдар, установкалар) жүйесі. Бағыттылығы айқын адам еңбекқор, алға қойған мақсатына ұмтылған болып келеді.
Қабілеттер - іс-әрекеттің табыстылығын қамтамасыз ететін индивидуалды-психологиялық қасиеттер. Қабілеттер жалпы және арнайы (әншілік, математикалық т.б.) боп бөлінеді. Қабілеттер өзара байланысты. Бір қабілет жетекші роль, басқалары көмекші роль атқарады. Адамдар бірінен-бірі жалпы қабілеттерінің деңгейімен ғана емес, сонымен қатар, арнайы қабілеттерінің үйлесімділігімен де ажыратылады. Мәселен, бір адамда жақсы әншілік қабілет болып, математикалық қабілеті нашар болуы мүмкін (немесе керісінше).
Мінезадамның адамгершілік- өнегелі және ырықты қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік қасиеттеріне адамға қатысты болса, сақтық пен қатыгездік, ал қоғамдық міндеттерге қатысты қарапайымдылық жатады. Адамгершілік - өнегелі қасиеттер жеке тұлғаның әдет, салт-дәстүр мен әдет ғұрыптарда бекіген адамның негізгі нормативті әрекеті туралы (ұғым) білімдерді бейнелейді. Ырық сапалары мінез-құлықтың арнай бір стилі мен практикалық тапсырмалардың шешілу тәсілін қамтамасыз ететін табандылық, тұрақтылық және өзін ұстай білуді де қоса алып жүреді.
Адамның адамгершілік және ырықты қасиеттерінің айқындығы негізінде мінездің мынадай түрлері болады: Моральды ырықты, аморальды ырықты, моральды-абуликалық (абулия-ырық жоқ), аморальды- абуликалық.
Моральды-ырықты мінезді адам әлеуметті белсенді, әлеуметтік нормаларды үнемі сақтайды және оларды орындап жүру үшін ырықты күшін жұмсайды. Мұндай адамдарды шешімді, табанды, тұрақты, шыншыл, қайратты адамдар деп атайды.
Мінезі аморальды – ырықты адамдар әлеуметтік нормаларды мойындамайды және барлық ырық күшін өзінің мақсаттарын қанағаттандыруға жұмсайды. Мінезі моральды – абуликалық адамдар әлеуметтік нормалардың пайдалы әрі маңыздылығын мойындайды, алайда, ырықсыздығына орай, өздері соны тілемесе де жағдайлар күшіне байланысты қоғамға қарсы әрекеттер жасап қояды. Мінезі аморальды – абуликалық типтегі адамдар әлеуметтік нормаларға талғаусыз және оларды орындауға ешқандай күш жұмсамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет