З. А. Мовкебаева (қолы)



бет63/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

Оллпорттың ізбасарлары түрлі математикалық тәсілдерді, соның ішінде факторлы талдауды да жиі қолдана отырып, адамдағы жалпы белгілердің санын анықтауға тырысты. Клиникалық мәліметтер базасынан анықталған белгілер мен факторлы талдаудың көмегімен нормадан алынған белгілердің сәйкес келуі туралы сұрақ, арнайы ғылыми зерттеудің пәні (заты) болып табылады (Мельников В.М., Ямпольский Л.Т., 1985).
Формальды-динамикалық бағыттың өкілдері жеке тұлғаның негізгі элементі ретінде төрт формальды-динамикалық қасиеттерді көрсетеді:

  1. Жігерлік (қайраттық-энергичность)- психикалық күштену деңгейі, төзімділік;

  2. Ырғақтылық- мінез-құлық бағдарламасынан басқа бір түріне жеңіл ауысу;

  3. Шапшаңдық - Мінез-құлықтың индивидуалды шапшаңдығы (типі);

  4. Эмоционалды табалдырық - кері байланыс, шынайы және жоспарланған мінез құлыққа сәйкес келмеуге сезімталдық.

Осы қасиеттердің әр қайсысы: психоторлы, интеллектуалды және қарым-қатынастық сияқты адам мінез-құлқының үш аймағында анықталып көрсетіледі. Әрбір адамда тұтастай барлығын қосып алғанда 12 формальды-динамикалық қасиет болады.
Осы негізгі төрт қасиеттерге тағы да осы бағытта өзінің ерекшелігі жоқ және іс-әрекеттік ықпалдағы қасиеттермен (білім, жасай алу, дағды, мінез, мағына, ішкі құрылымдар, мақсаттар т.б.) сәйкес келетін жеке тұлғаның мазмұнды қасиеттері (Русалов В.М., 1979) де қосылады.
Диспозициональды ықпал шегінде жеке тұлғаның негізгі блогы- темперамент. Жоғарыда атап өткендей, кейбір авторлар, мысалы: Г.Айзенк жеке тұлға мен темпераментті теңестіреді. Темперамент қасиеттерінің белгілі ара қатынасы темперамент типтерін құрайды.
Г.Айзенк темпераменттің мынадай түрлерін сипаттайды:
Холерик- эмоционалды тұрақсыз экстраверт. Ашуланшақ, тынымсыз, агрессивті, тез қозғыш, өзгермелі, импульсивті, белсенді, оптимист.
Меланхолик- Эмоционалды тұрақсыз интроверт. Көңіл күйі бойынша өзгермелі, енжар, пессимист, тұйық, байсалды, қарым-қатынасқа түспейтін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет