3. Тұлға туралыВюрцбургтік психологиялық мектеп өкілдерінің көзқарастары. Вюрцбургтік психологиялық мектептің негізін Освальд Кюлпе (1862-1962жж.) қалаған. Кюльпе Вундтың шәкірті болғандықтан алғашында соның идеяларын ұстанады, алайда кейінірек студенттердің тобымен бірге Вундтың шектеулеріне (жоғары психикалық қызметтер, атап айтқанда ойлау эксперимент жүзінде зерттеліне алмайды) қарсы шықты. 1896 жылы Вюрцбург университетінде Кюльпе Вундтың ғылыми көзқарастарына қарсы келген психология лабораториясын ашады. Вюрцбург мектебі он төрт жыл тіршілік етіп Кюльпенің алдымен Боннға кейін Мюнхенге жер аударына байланысты тіршілігін тоқтатты. Зерттеулер негізінен жүйелі экспериментті интроспекция немесе ретроспективті интроспекция әдісінің көмегімен жүргізілді. Нақты тапсырманы шешкен сыналушы (мәселен, ұғымдардың арасында қисынды байланыстарды жасайды), шешу процесі жайында реторсективті есеп береді.
Осылайша Вюрцбург мектебінің ғалымдары ойлау процесіне жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Олар ойлау обьектіге бағдарланады, таңдамалы және мақсатты сипатқа ие, онда сыртқы орта заттарының арасындағы қатынастар сипатталады. Ойлау механизмдерінің субьектімен сезілмейтіндігі анықталды.