З. А. Мовкебаева (қолы)



бет31/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

1.3. Корреляциялық әдіс.
Клиникалық әдіс шектеулерін жеңу үшін, тұлғаны зерттеушіліер, корреляциялы әдіс деп аталатын альтернативті стратегияны жиі қолданады. Бұл әдіс жағдай (өзгергішітік) мен оның ішіндегі жағадай арасындағы өзара байланысты анықтауға ұмтылады. Өзгергішітік - өлшеуге болатын және сандық көрсеткіші түрлі континуумге дейін түрленіп отыратын қандай да болмасын көлем. Мәселен, мазасыздану - өзгергіштік, себебі оны өлшеуге болады және адамдар өздерінде мазасызданудың көріну дәрежесі бойынша ажыратылады. Корреляциялы зерттеуді, кейбір адамдар саны арасынан мазасыздану деңгейін жай ғана өлшеп, сонымен қатар, топқа берілген әр күрделі тапсырманы орындау барысындағы нақты әрекеттер деңгейін өлшеу арқылы да жүргізуге болады.
Тестілеуден алынған мәліметтер, демографиялық сипаттамалар (жасы, туу тәртібі, әлеуметті-нарықтық мәртебесі), өзін-өзі бағалау әдісі бойынша мінез бітістерін зерттеу нәтижелері, түрткілер, құндылықтар мен ішкі құрылымдар, физиологиялық реакциялар және мінез-құлық стилдері корреляциялы зерттеуде өзгергіштіктер бола алады. Психологтар корреляциялық әдісті пайдалануда: жоғары білім болашақтағы кәсіби табысқа әсер ете ме?, өзін-өзі бағалау мен жалғыздық өзара байланысты ма? деген арнайы сұрақтардың жауабын тапқысы келеді. Корреляциялық әдіс осындай сұрақтарға “ия” не “жоқ” деп жауап беріп қана қоймай, бір өзгергіштік мәнінің екінші өзгергіштіктің мәніне сәйкес келуін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Психологтар, осы мәселені шешу үшін “корреляция коэффиценті” атты статистикалық индексті есептеп шығарады (Пирсон бойынша сызықтық корреляция коэффиценті ретінде де бітісліы). Корреляция коэффициенті (r әрпімен бітісленеді) бізге:
1) екі өзгергіштіктің тәуелділік дәрежесін; 2) сол тәуелділіктің бағыты н(тура және кері тәуелділік) көрсетеді.
Корреляция коэффициентінің сандық мәні -1 ден (толықтай теріс немесе кері байланыс) 0 арқылы (байланыстың жоқтығы) +1 ге дейін (толықтай оң немесе тура тәуелділік) өзгереді. Мәні бойынша нөлге жақын коэффициент өлшенуші екі өзгергіштіктің көрінердей байланыспағанын білдіреді. Мысал ретінде, дене салмағы мен интеллектінің арасындағы байланысты қарастырып көрелік. Жалпы арықтау адамдарға қарағанда толықтау адамдардың интеллектісі біршама жоғары немесе төмен болмайды. Және керісінше, +1 немесе -1 есебіндегі корреляция коэффициенті екі өзгергіштіктің арасындағы айқын сәйкестікті білдіреді. Тұлғаның зерттелуінде Ғ0,30 және Ғ0,60 шегіндегі корреляция коэффициентінің мәні кеңінен таралған, әрі ғылыми болжамның тәжірибелі және теориялық құндылығын білдіреді. 0 және Ғ0,30 корреляция коэффициентіне сақтықпен қараған жөн, себебі, ғылыми болжам үшін оның құндылығы төмен. 2-2 суретінде корреляция коэффициентінің түрлі мәндеріндегі екі өзгергіштіктің мәнін үлестірудің графигі ұсынылаған. Тігінен бір өзгергіштіктің мәні , ал көлденеңнен келесі өзгергіштіктің мәні орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет