Практикалық тапсырмалар:
1. Сенім, мұрат деген ұғымдар туралы өзінің пікірін жазу.
2. «Дін және жастар», «Дүниетанымды қалыптастыруда АБҚ-ның ролі» деген тақырыптарға реферат дайындау.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Дұрыс жауапты таңдаңыз:
І. Дүниетаным дегеніміз не?
А) Адамдық қарым-қатынасты түсіну
В) Өзіндік позицияны таңдау
С) Адам санасының өзіндік (спецификалық) формасы
D) Шынайылықты сезіну
Е) Басқа адамды түсіну қабілеті
ІІ. Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және саяси білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі
А) әлеуметтік тәжірибе
В) ғылыми дүниетаным
С) білім беру мазмұны
D) ғылымдар жүйесі
Е) оқыту нәтижесі
Әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004
3. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. А.1994
4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №10
Тақырыбы: Тәрбие технологиясы
Мақсаты: тәрбие технологиясы, тәрбие істері туралы түсінік беру, тәрбие істерін жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдеріне сипаттама беру.
Жоспар:
1. Тәрбие технологиясы және оның ерекшеліктері
2. Тәрбиенің комплекстілігі
3. Тәрбие ісі туралы түсінік, оның мақсаты
Негізгі ұғымдар: технология, тәрбие істері, ұжымдық шығармашылық істер.
1. Тәжірибеде теория технологияның көмегімен жүзеге асады. «Технология» термині «техно» - өнер, шеберлік және «логос» - ғылым деген сөздерден құралған Технология - бұл өндірістің қол жеткізер деңгейінің белгісі, ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі.
Мектеп тәрбиесі мен өндіріс түсініктері бір-бірінен алыс емес. Өндіріс сияқты мектепке де қоғам өзінің әлеуметтік тапсырыстарын жасайды, өндірістегі сияқты мектептің де алдына қойылған міндеттеріне сәйкес белгілі материалдық базасының болуы көзделеді. Осы міндеттерді шешуге тәрбие процесіне бағытталады. Бұл процестің негізі - жоспарланған нәтижеге жету тәсілдерімен, сол тәсілдердің модельденуімен, адамдар іс-әрекет және қылығын басқарумен байланысты педагогтардың іс-әрекеті.
Өндірістегі технологияға қарағанда тәрбие технологиясының ерекшелігі - оның біртұтастығы, жеке шеберлікпен ұштастыру және барлық тәрбиешілерге ортақтығы. Тәрбие процесін жеке операцияларға бөліп-жаруға, жеке қасиеттер қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпалдар бірізді - параллель схемада емес, комплексті түрде орындалады. Тәрбиеші алдында технологиялық процесті басынан аяғына дейін жүргізу қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген жеке шеберлікпен ұштасады.
2. Тәрбие комплекстілігінің маңызды шарты - тәрбие мақсаттарының, міндеттерінің, мазмұнының, әдістері мен формаларының бірлігі.
Қазіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт мәселесін шеше отырып, мынадай талаптарды орындайды:
* Тәрбиеленушілерге үш бағытта, яғни санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету;
* Тәрбие және өзіндік тәрбиенің бірлігі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу;
* Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі;
* Ақыл-ой, еңбек, дене, адамгершілік, эстетикалық т.б. тәрбие бөлімдерінің міндеттерінің бір мезгілде орындалуы;
* Тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйелілігі;
3. Тәрбие істері - тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың бір түрі (формасы). Тәрбие процесі үздіксіз, жалғасты тәрбие істерінен тұрады. Тәрбие істері ұжымдық және шығармашылық сипатта болғандықтан, ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.
Кез келген ТІ мынадай кезеңдерден тұрады:
мақсат анықтау;
жоспарлау;
дайындық және ұйымдастыру;
жұмысты жүзеге асыру;
нәтижені талдау;
Практикалық тапсырмалар:
1. Технология термині туралы анықтамаларды жазу.
2. Бір тәрбие ісін жоспарлау.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Тәрбие ісі деген не?
Тәрбие істерінің құрылымы қандай?
Тәрбие ісін ұйымдастырудағы тәрбиешінің міндеттері қандай?
Тәрбие істерінің қандай түрлерін білесіздер?
Әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004
3. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. 1998.
4. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.
Лекция №11
Тақырыбы: Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау
Мақсаты: тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің қызметімен таныстыру, өз бетімен тәрбие жұмысының жоспарын құра білуге үйрету.
Жоспар:
Сынып жетекшісінің жеке басына қойылатын талаптар
Тәрбие жұмысын жоспарлау
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының үлгі жоспары
Негізгі ұғымдар: сынып жетекшісі, педагогикалық шеберлік, тәрбие жоспары.
Сынып жетекшісі – кәсіптік даярлығы, арнайы білімі бар, өз пәнін,тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін терең білетін, практикалық дағдысы мен іскерлігі қалыптасқан, өмір сүріп отырған қоғамын, халқын сүйетін, оның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты білетін, мінез-құлқы оңды қалыптасқан адам болуы керек.
Сынып жетекшісі – оқушылармен, ата-аналармен, педагогтар ұжымымен, жұртшылықпен тіл табысуға міндетті.
Сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігінің құрамына педагогикалық, психологиялық, әдістемелік білімінің, эрудициясының, өрісінің болуы, кәсіптік қабілетінің (көрегендік, ұйымдастырушылық, іскерлік, дербестік) дамығандығы, ғылыми хабардың бастауы бола білуі, өзін-өзі ұстау мәнерінің беріктігі жатады.
2. Тәрбие жұмысын жоспарлағанда төмендегі педагогикалық талаптар ескеріледі:
а) Сыныптан тыс тәлім-тәрбие жұмысы оқу ісінің логикалық жалғасы;
ә) тәрбие жұмысының жоспары тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне, бағыттарына сәйкес келуі;
б) тәрбие жұмысы оқушылардың талап-тілектеріне сәйкес келуі;
в) тәрбие жұмысы жоғары идеялық-құқықтық, ғылыми дәрежеде, шебер сынып жетекшісінің басшылығымен өткізілуі;
г) тәрбие жұмысында оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері, білімі мен тәжірибесі, қызығушылығы ескеріледі;
3. Тәрбие жұмысының жылдық үлгі жоспары:
р/с
|
Жұмыстың мазмұны мен бөлімдері
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
|
|
|
|
Тәрбие жұмысының апталық үлгі жоспары
Күндер
|
Сынып
пен жұмыс
|
Белсенді оқушылармен жұмыс
|
Жеке жұмыс
|
Пән мұғалімдерімен жұмыс
|
Ата-аналармен жұмыс
|
|
|
|
|
|
|
Практикалық тапсырмалар:
1. Тәрбие жұмысының үлгі жоспарын құру.
2. Тәрбие жұмысының сценариін құру, үзінді көрсету.
3. Тәрбие жұмысына талдау жасау.
Тәрбие жұмысына талдау жасау схемасы:
І. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру:
Сынып.
Оқушылар саны.
Өткізілген уақыты.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырушы.
Оның көмекшілері. Олардың әрқайсысы қандай тапсырма орындады.
Тәрбие жұмысының уақытында басталуы.
Дайындық және өткізілу сапасы.
ІІ. Тәрбие жұмысын өткізу:
Тақырыбы.
Тақырыптың өзектілігі.
Жұмыстың өткізілу формасы.
Тәрбиелік міндеттері.
Тәрбие жұмысының мазмұны мен өту барысы.
Көрнекіліктер мен техникалық құралдардың қолданылуы.
Жұмыстың сәтті кезеңдері.
ІІІ. Педагогикалық-психологиялық қорытынды:
Жұмыстың тәрбиелік құндылығы.
Оқушылардың белсенділігі.
Тәрбие жұмысының жеке оқушыға, оқушылар ұжымына әсері.
Қойылған міндеттер шешілді ме?
Әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004
3. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. 1998.
4. Классный час и его организация. А. 1989
5. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. А. 1987.
6. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А. 1978.
Лекция №12
Тақырыбы: Девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жұмыстар
Мақсаты: «қиын балалардың» ерекшеліктерімен, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізуде ескеретін талаптармен таныстыру
Жоспар:
1. Девиантты мінез-құлықты балалардың ерекшеліктері
2. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептер.
3. Сынып жетекшілері ескеретін мәселелер
Негізгі ұғымдар: девиантты мінез-құлық, қиын балалар, қайта тәрбиелеу.
1. Девиантты мінез-құлықты балалар немесе педагогикалық тәрбиесі қиын балалар - бұлар еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
2. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептер: отбасы тәрбиесіндегі кемшілік, отбасындағы сәтсіздік, ұл балаға жеткіліксіз көңіл бөлу, сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысындағы кемшіліктер.
3. Тәрбиесі қиын балалармен жұмыста сынып жетекшілері мына мәселелерді ескеруі керек:
а) Балалардың жас және дербес ерекшеліктерін;
ә) Кемшіліктерін терең зерттеу;
б) Тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру;
Практикалық тапсырмалар:
1. Қиын балалармен жүргізілетін жұмыстарды жоспарлаңыз.
2. Тәрбиесі қиын балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстарды жоспарлаңыз.
3. Педагогикалық ситуацияларды шешіңіз.
1 ситуация
12 жасар Қуан мектепте «қиын бала» атанған.
Наурыз мейрамы күні класс жетекшісі оған бір-екі жолдасымен бірге мектеп ауласына 20 шақты тал отырғызуды міндеттеді. Қуан өз жолдастарымен бірге тапсырманы тиянақты орындап шықты. Мектеп линейкасында оларға алғыс айтылды. Осы кезден бастап бала өміріне өзгерістер ене бастады.
Сұрақтар:
Балаға жасалған педагогикалық ықпалдың нәтижелі болуының себебі неде?
«Қиын бала» мен педагогтың арасындағы қарым-қатынас қандай болуы тиіс?
2 ситуация
7 «а» класына басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Класс оқушылары арасында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіп те төмендеді. Класс жетекшісі кластағы беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, оларды класс дәстүрін мойындауға мәжбүр етті.
Ал 7 «б» класында, осындай педагогикалық жағдайда класс жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап,балалар ұжымы бұл істен сырт қалды. Қиын оқушылардың тәртіпсіздігі туралы шағымдар басқа мұғалімдерден түсе бастады. Класс «қиын класс» атанды.
Сұрақтар:
Класс ұжымындағы тәрбие жұмысындағы класс жетекшісінің іс-әрекеттерін салыстырыңыздар.
Өз іс-тәжірибеңізде қай әдісті қолданған болар едіңіз?
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
«Қиын бала» дегеніміз кім?
«Қиын баланы» тудыратын қандай себептер?
Сіз сынып жетекшісі болсаңыз, «қиын баламен» қандай тәрбие шараларын жоспарлап, өткізер едіңіз?
«Қиын баланың» ата-анасымен қандай жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады?
Әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004
3. Керімов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. А. 1978
Лекция №13
Тақырыбы: Тәрбие түрлері
Мақсаты: тәрбие түрлеріне тоқталу, әр тәрбие түрінің мақсаты, мазмұны, жүзеге асыру жолдары туралы мағлұмат беру.
Жоспар:
1. Адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі
2. Еңбек және экономикалық тәрбиесі
3. Құқық және дене тәрбиесі
4. Экологиялық және эстетикалық тәрбие
Негізгі ұғымдар: адамгершілік, мораль, еңбек, экономикалық, экология, эстетика, құқық, дене тәрбиесі.
1. Оқушылардың саналы тәртібі, жағымды мінез-құлқы, соған сәйкес сенімі мен сезімі - адамгершілік тәрбиесіне байланысты. Адамгершілік тәрбиесі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғасады. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері - оқушыларды қоғамдық моральдық нормаларды орындауға қатыстыру, Отанға, халыққа деген жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу. Ақыл-ой тәрбиесі жастарға білім берудің негізгі құралы. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеттері - білім қорын жинау, ойлау операцияларын меңгерту, дүниетанымды қалыптастыру.
2. Мектептегі еңбек тәрбиесінің жүйесі - оқу еңбегі, өзіне-өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек. Еңбек тәрбиесінің міндеттері - еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбекті құрметтеу, кәсіптік бағдар беру. Еңбек және экономикалық тәрбиелер бір-бірімен тығыз байланысты. Экономикалық тәрбие дегеніміз - оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, экономикалық саясатты, қатынастарды түсіндіру.
3. Жеке адамды жан-жақты тәрбиелеуде дене тәрбиесінің маңызы зор. Дене тәрбиесін ұйымдастыруда туризм, спорт, дене жаттығулары, ойын маңызды роль атқарады. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде құқықтық лекторийлер мен кинолекторийлер, заңтану мектептері, лекция, баяндамалар, кездесулер қолданылады. Сабақта басталған құқықтық білім беру ісі сыныптан тыс жұмыстар арқылы жалғасады. Адамның құқықтық білімі неғұрлым толық әрі терең болған сайын оның құқықтық мәдениеті соғұрлым бай болады, заңдылық сезімі бекиді. Мемлекеттік құқық, елтаңба, Ту, Әнұранға деген құрмет пайда болады. Саналы тәртіп пен мінез-құлықты құқықтық мәдениеттің іргетасы деп қарастыруға болады.
4. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары - экологиялық нормалардың қажеттілігін балалар мен жастардың бойында тәрбиелеу, қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарауға жол бермеу, жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдыларын қалыптастыру, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы табиғатты көркейту, күту, экологиялық білімді насихаттау. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - өнер, әдебиет, табиғат. Сонымен қатар ана тілі, музыка, бейнелеу өнері сабақтары. Басқа сабақтарда да тақтаға, дәптерге әдемі жазу, мәнерлеп сөйлеу, өзін ұстау дағдылары қалыптасады. Экологиялық және эстетикалық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыс формалары - экскурсия, конкурстар, т.б. қолданылады.
Практикалық тапсырмалар:
1. Әр тәрбие түріне байланысты сыныптан тыс жұмыстың сценарийін құрыңыз.
2. Әр тәрбие түріне байланысты мақал жинаңыз.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:
І. Адамгершілік тәрбиесі – бұл:
А) Адамгершілік идеалын құру
В) Моральдік қасиеттер, адамгершілік мінез сипаттары, жүріс-тұрыс дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру процесі
С) Моральдік принциптер жүйесімен таныстыру
D) Адамгершілік санасын қалыптастыру процесі
Е) Мораль туралы білімдерді беру процесі
ІІ. Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиелері
А) тәрбие моделі
В) тәрбие жүйесі
С) тәрбие құралдары
D) тәрбие бағыттары
Е) тәрбие мақсаты
ІІІ. Болмыстағы және өмірдегі сұлулық пен әдемілікті дұрыс қабылдау қабылетін қалыптастыру:
А) эстетикалық тәрбие
В) дене тәрбиесі
С) адамгершілік тәрбиесі
D) экологиялық тәрбиесі
Е) еңбек тәрбиесі
Әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004
3. Төлеубеков А.Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. А. 1991
4. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.
5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №14
Тақырыбы: Балалар мен жастар ұйымдары
Мақсаты: балалар мен жастардың әр түрлі ұйымдарының жұмыстарымен таныстыру.
Жоспар:
1. «Атамекен» бағдарламасының мақсаты мен мазмұны
2. «Жұлдыз» бағдарламасының мақсаты мен мазмұны
3. «Елім-ай» бағдарламасының мақсаты мен мазмұны
4. «Кәусар бұлақ» бағдарламасының мақсаты мен мазмұны
Негізгі ұғымдар: бағдарлама, жастар ұйымдары.
«Атамекен» бағдарламасының авторы М.Құрсабаев. Бағдарламаның мақсаты - қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, өнерін оқып-үйрену, оны құрметтеу, сақтау. «Атамекен» бағдарламасы бойынша мектепте «Атамекен» ордасы құрылады, оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш бірлестікке бірігеді: бастауыш сынып оқушылары 1-4 сыныптар - «Балдырғандар ата-баба елінде», 5-8 сыныптар - «Мирас», 9-11 сыныптар «Мұрагер» бірлестігі деп аталады. «Атамекен» бағдарламасы 30 шығармашылық бағыттан тұрады.
Ал «Жұлдыз» төрт кезеңге бөлінеді: «Балапан» 6-8 жас, «Балдырған» - 9-11жас, «Жас ұлан» - 12-14 жас, «Мұрагер» - 15-18 жас. Осы кезеңдер жеті сәуле бойынша жұмыс жүргізеді. «Жұлдыз» бағдарламасы сенің жарқын өмір сүруіңе, қиындықтарды жеңуіңе, нағыз достар тауып, бақытты болуыңа көмектеседі. «Жұлдыз» бағдарламасының авторы - Е.А.Дмитриенко.
«Кәусар бұлақ» бағдарламасының авторы З.Ахметова. Бағдарлама сегіз бөлімнен тұрады. Бағдарлама оқушы балаларды халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбиелейді.
«Елім-ай» бағдарламасының авторы М.Балтабаев. Бағдарлама оқушыларға халықтық өнер негізінде эстетикалық тәрбие беруді көздейді.
Практикалық тапсырмалар:
1. Бағдарламалардың мазмұнын конспектілеу.
2. Бағдарламаны негізге алып, тәрбие жұмысының сценариін құру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Бағдарламалардың авторлары кім?
Бағдарламалардың мақсаты қандай?
Бағдарламаларды салыстыру
Әдебиеттер:
Бағдарламалар
Лекция №15
Тақырыбы: Отбасы тәрбиесі. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Мақсаты: бала тәрбиесіндегі отбасының ролін көрсету, мектеп пен отбасының бірлескен жұмыс формаларымен таныстыру.
Жоспар:
1. Отбасы - баланың алғашқы ұжымы
2. Мектеп - тәрбие жұмысының орталығы
3. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Негізгі ұғымдар: отбасы тәрбиесі, ынтымақтастық.
Отбасы - бала алғаш өмірге келіп, ең алғашқы сөзін айтатын, тәй-тәй аяғын басатын ортасы. Отбасындағы тәрбие баланың дамып қалыптасуындағы маңызды фактор. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» деген халық мақалында айтылғандай, баланың болашақта қандай адам болатыны отбасындағы қарым-қатынасқа, ата-ананың берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Егер отбасындағы жағдай бірқалыпты, ата-анасы бір-бірін сыйлап, ақылдасып әрекет етсе, бала да ертең өзінің отбасын солай құрады. Алайда кейбір отбасында теріс қылықтар да көрініп қалады. Бұл балаға кері әсерін тигізеді.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастырады және басқарады. Мектептің басшылығымен ата-аналармен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстары.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар: ата-аналар жиналысы, педагогтардың оқушының үйіне баруы, насихат жұмысы, ата-аналар комитетінің жұмысы.
Практикалық тапсырмалар:
1. Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы бір баяндама дайындау.
2. Ата-аналар арасында анкеталық зерттеу жүргізу.
3. Ата-аналардың қатысуымен өткізілетін тәрбие жұмысының сценарийін дайындау.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
І. «Сіз қандай ата – анасыз ?» деген тақырыпта бала тәрбиесі туралы ата – аналарға арналған анкета құрастырыңыз.
ІІ. Қайсысы дұрыс?
Қазіргі отбасы өзінің функциясын бұдан жақсырақ орындай алмайды
Педагогтардың кеңестері отбасы тәрбиесінің сапасына әсер етпейді
Отбасындағы тәрбиеге ең алдымен экономикалық себептер әсер етеді
Отбасы тәрбиесінің мәдениеті толық жойылған
Отбасы өмірі ата-аналардың тілегінен тыс өтеді
Ата-ана тәрбиесінің шеберлігі тек қана ата-аналардың шеберлігіне байланысты
Ата-аналар баласына әртүрлі ықпал етсе, бала жан-жақты болып өседі
Дұрыс тәрбиеге шетелдік телесериалдар кедергі келтіреді
Ата-аналардың қолданатын әдістері әр уақытта дұрыс емес
Басты тәрбиешілер - аталар мен әжелер, олар немерелерімен бірге тұрулары керек.
Әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004
3. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. М. 1985
4. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.
5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
ІІ модуль бойынша тест сұрақтары
Тәрбие процесі дегеніміз не?
A) Тәрбие жұмысының мақсатын жүзеге асыратын процесс
В) Тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесі
С) Тәрбие жұмыстарын өткізу
Д) Тәрбие жұмысын жоспарлау
Е) Тәрбие жұмысын бақылау
Тәрбие принциптері дегеніміз не?
A) Тәрбие әдістері
В) Тәрбие ерекшеліктері
С) Тәрбиеге қойылатын талаптар
Д) Тәрбиенің мақсаты
Е) Тәрбие түрлері
Тәрбие жұмысының мақсаттылығын талап ететін принцип
A) Көрнекілік
В) Беріктілік
С) Мақсаттылық
Д) Ынталандыру
Е) Бірізділік
4. Тәрбие шараларының сабақтастығын талап ететін принцип
A) Ізгілендіру
В) Проблемалық
С) Сабақтастық
Д) Мақсаттылық
Е) Ынталандыру
5. Оқушының өзінің тәртібі мен мінез-құлқына сын көзбен қарауы
A) Өзін-өзі тәрбиелеу
В) Үйрету
С) Қайта тәрбиелеу
Д) Жаттықтыру
Е) Мадақтау
6. Оқушылардың теріс қылықтарын түзету
A) Өзін-өзі тәрбиелеу
В) Үйрету
С) Қайта тәрбиелеу
Д) Жаттықтыру
Е) Жазалау
7. Тәрбиенің мақсатына жету жолдары
A) Әдіс-тәсілдер
В) Құралдар
С) Принциптер
Д) Сөз
Е) Еңбек
8. Тәрбие әдістері қандай сұраққа жауап береді?
A) Қалай оқыту керек?
В) Қалай тәрбиелеу керек?
С) Неге тәрбиелеу керек?
Д) Кім үшін тәрбиелеу керек?
Е) Не үшін тәрбиелеу керек?
9. Балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру әдісі
A) Үйрету
В) Талап қою
С) Қоғамдық пікір
Д) Сұрау
Е) Өнеге
10. Ұжым мүшелерінің баға беруі
A) Өнеге
В) Жарыс
С) Анкета
Д) Қоғамдық пікір
Е) Пікірталас
11. Оқушыларды қажетті дағдыға төселдіру әдісі
A) Мадақтау
В) Жаттықтыру
С)Жазалау
Д) Үйрету
Е) Әңгіме
12. Төменгі сынып оқушыларының санасын қалыптастыру әдісі
A) Пікірталас
В) Әңгіме
С) Сұрау
Д) Анкета
Е) Мадақтау
13. Оқушылардың жағымды мінез-құлқын ынталандыру әдісі
A) Мадақтау
В) Өнеге
С) Жазалау
Д) Үйрету
Е) Жарыс
14. Жоғарғы сынып оқушыларының пікір айтуын қалыптастыру әдісі
A) Әңгіме
В) Жаттықтыру
С) Пікірталас
Д) Үйрету
Е) Жарыс
15. Оқушылардың теріс қылығын тежеу әдісі
A) Жарыс
В) Мадақтау
С) Жазалау
Д) Әңгіме
Е) Өнеге
16. Балалардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдісі
A) Пікірталас
В) Әңгіме
С) Өнеге
Д) Жарыс
Е) Бақылау
17. Тәрбиедегі үлкендердің үлгі көрсетуі
A) Әңгіме
В) Өнеге
С) Ұрысу
Д) Мадақтау
Е) Жазалау
18. Ұжым дегеніміз не?
A) Ұйымдасқан адамдар тобы
В) Кез келген адамдар тобы
С) Оқушылар тобы
Д) Ересектер тобы
Е) Шағын топ
19. Ұжымды қалыптастырудың негізгі шарты
A) Қоғамдық пікір
В) Талап қою
С) Жарыс
Д) Әңгіме
Е) Сынау
20. Жақсы ұйымдасқан ұжымның белгісі
A) Мұғалімді тыңдау
В) Бірін-бірі сынау
С) Өзін-өзі басқару
Д) Өзін-өзі сынау
Е) Бірін-бірі тексеру
21. Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі жолы
A) Экскурсия
В) Лекция
С) Семинар
Д) Әңгіме
Е) Үйрету
22. Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы
A) Сабақ
В) Жарыс
С) Ойын
Д) Еңбек
Е) Дін
23. Сыныптағы кезекшілік еңбектің қай түріне жатады?
A) Қоғамдық пайдалы еңбек
В) Өзіне-өзі қызмет көрсету
С) Өнімді еңбек.
Д) Шефтік жұмыс
Е) Қарапайым еңбек
24. Көшелерді көгалдандыру еңбектің қай түріне жатады?
A) Қоғамдық пайдалы еңбек
В) Өзіне-өзі қызмет көрсету
С) Өнімді еңбек.
Д) Шефтік жұмыс
Е) Күрделі еңбек
25. Еңбек, соғыс ардагерлеріне көмектесу еңбектің қай түріне жатады?
A) Қоғамдық пайдалы еңбек
В) Өзіне-өзі қызмет көрсету
С) Өнімді еңбек.
Д) Шефтік жұмыс
Е) Пайдасыз еңбек
26. Өзіне, қоғамға қажетті құндылықтарды жасау еңбектің қай түріне жатады?
A) Қоғамдық пайдалы еңбек
В) Өзіне-өзі қызмет көрсету
С) Өнімді еңбек.
Д) Шефтік жұмыс
Е) Қарапайым еңбек
27. Экономикалық тәрбиенің мақсаты
A) Экономикалық саясатты түсіндіру
В) Сұлулыққа тәрбиелеу
С) Мемлекеттің заңдарын құрметтеу
Д) Денені шынықтыру
Е) Мінезді қалыптастыру
28. Дене тәрбиесінің мақсаты
A) Экономикалық саясатты түсіндіру
В) Сұлулыққа тәрбиелеу
С) Мемлекеттің заңдарын құрметтеу
Д) Денені шынықтыру
Е) Табиғатты қорғау
29. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты
A) Экономикалық саясатты түсіндіру
В) Сұлулыққа тәрбиелеу
С) Мемлекеттің заңдарын құрметтеу
Д) Денені шынықтыру
Е) Білім беру
30. Құқық тәрбиесінің мақсаты
A) Экономикалық саясатты түсіндіру
В) Сұлулыққа тәрбиелеу
С) Мемлекеттің заңдарын құрметтеу
Д) Денені шынықтыру
Е) Еңбекке тәрбиелеу
31. Табиғатты қорғауды мақсат еткен тәрбие түрі
A) Дене тәрбиесі
В) Экологиялық тәрбие
С) Адамгершілік тәрбиесі
Д) Еңбек тәрбиесі
Е) Құқық тәрбиесі
32. Дене тәрбиесінің негізгі құралы
A) Еңбек
В) Ойын
С) Дін
Д) Табиғат
Е) Сөз
33. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құқралы
A) Ойын
В) Жарыс
С) Еңбек
Д) Өнер
Е) Сөз
34. Дене тәрбиесін ұйымдастырудың мектептен тыс формасы
A) Туризм
В) Секция
С) Сабақ
Д) Ойын
Е) Еңбек
35. "Атамекен" бағдарламасының авторы
A) З.Ахметова
В) М.Құрсабаев
С) Н.Құлжанова
Д) Қ.Жарықбаев
Е) Ә.Табылдиев
36. "Кәусар бұлақ" бағдарламасының авторы
A) З.Ахметова
В) М.Құрсабаев
С) Н.Құлжанова
Д) Қ.Жарықбаев
Е) С.Ұзақбаева
37. "Ұстаздық дастан" еңбегінің авторы
A) Н.Крупская
В) В.Сухомлинский
С) А.Макаренко
Д) А.Блонский
Е) Ы.Алтынсарин
38. "Коллективтің құдіретті күші" еңбегінің авторы
A) Н.Крупская
В) В.Сухомлинский
С) А.Макаренко
Д) А.Блонский
Е) Ж.Қоянбаев
39. "Атамекен" бағдарламасы неше бағыттан құралған?
A) 25
В) 30
С) 35
Д) 40
Е) 15
40. "Кәусар бұлақ" бағдарламасы неше бөлімнен тұрады?
A) 6
В) 7
С) 9
Д) 10
Е) 8
41. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар
A) Табиғат, қоғам
В) Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие
С) Еңбек, ойын
Д) Мектеп, мұғалімдер
Е) Дін
42. Жеке адамның дамуына әсер ететін әлеуметтік фактор
A) Тәрбие
В) Орта
С) Тұқым қуалаушылық
Д) Дін
Е) Еңбек
43. Жеке адамның дамуына әсер ететін қоғамдық фактор
A) Тәрбие
В) Орта
С) Тұқым қуалаушылық
Д) Дін
Е) Мектеп
44. Жеке адамның дамуына әсер ететін биологиялық фактор
A) Тәрбие
В) Орта
С) Тұқым қуалаушылық
Д) Дін
Е) Мектеп
45. Жеке адамның дамуындағы әлеуметтік ортаның ролін жоққа шығаратын бағыт
A) Преформизм
В) Экзистенциализм
С) Неотомизм
Д) Педология
Е) Идеализм
46. Жеке адамның дамуындағы тұқым қуалаушылықты асыра бағалайтын бағыт
A) Преформизм
В) Экзистенциализм
С) Неотомизм
Д) Педология
Е) Материализм
47. Жеке адамның дамуын Құдайдың жаратуымен байланыстыратын бағыт
A) Преформизм
В) Экзистенциализм
С) Неотомизм
Д) Педология
Е) Утопизм
48. Мектеп жасына дейінгі кезең
A) 3-5 жас
В) 4-7 жас
С) 7-10 жас
Д) 10-12 жас
Е) 12-15 жас
49. Бастауыш мектеп жасындағы кезең
A) 7-11 жас
В) 8-9 жас
С) 12-14 жас
Д) 6-8 жас
Е) 11-15 жас
50. Жеткіншек кезең
A) 9-11 жас
В) 10-14 жас
С) 12-15 жас
Д) 15-17 жас
Е) 7-11 жас
Тест жауаптары
ІІ модуль. Тәрбие теориясы
а
с
с
с
а
с
а
в
в
д
д
в
а
с
с
д
в
а
в
с
д
а
в
а
д
с
а
д
в
с
в
в
д
а
в
а
с
в
в
е
в
в
а
с
в
а
с
в
а
с
ІІІ модуль. Оқыту теориясы
Лекция №1
Тақырыбы: Дидактика туралы түсінік
Мақсаты: дидактика, оқыту туралы түсінік беру, дидактиканың негізін салушы педагогтардың пікірлеріне талдау жасау.
Жоспар:
Дидактика туралы түсінік
Дидактиканың негізгі категориялары
Дидактиканың негізін салушылар
Негізгі ұғымдар: дидактика, білім, іскерлік, дағды.
1. «Дидактика» деген термин гректің «дидактикос» деген сөзінен шыққан, қазақша мағынасы оқыту, үйрету дегенді білдіреді.
Дидактика термині алғаш рет неміс педагогы Вольфганг Раткенің (1571-1635) еңбегінде қолданылған. Ол бұл терминді «оқыту өнері» мағынасында қолданған. Соған ұқсас дидактиканы «бәрін, барлығын да оқытудың әмбебап өнері» деген мағынада Я.А.Коменский «Ұлы Дидактика» еңбегінде қолданған.
Дидактика педагогика ғылымының дербес бір саласы болып табылады. Дидактиканың зерттейтін пәні - білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы. Басқаша айтқанда, дидактика білім беру мен оқыту процесінің заңдылықтары мен ережелерін, мазмұны мен формасын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Оның негізгі мақсаты - нені оқыту керек және қалай оқыту керек деген сұрақтарға жауап беру.
2. Дидактиканың негізгі ұғымдары - білім, іскерлік, дағды. Білім деп адамның табиғат пен қоғам заңдарын тануының нәтижесін, басқаша айтқанда, әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер мен ұғымдар, заңдылықтар жүйесін айтамыз. Іскерлік деп білім негізінде оқушының белгілі іс-әрекетті орындай алу бейімділігін айтамыз. Дағды деп әрекеттің саналы түрде автоматтануын айтамыз. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Іскерлік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екенін көрсетеді.
3. Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский. Ол өзінің «Ұлы Дидактика» деген еңбегінде оқытуды жаңаша ұйымдастырудың теориялық негізін салды. Оның идеяларын әрі қарай жалғастырушы швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци бастауыш білім берудің теориясы мен практикасын дамытуда зор үлес қосты. Орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский, қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин бастауыш мектепте ана тілінде оқытуды ұсынып, бастауыш класс балаларына арнап оқулықтар жазған. ХХғ. басында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, т.б. қазақтың ағартушы-педагогтары бастауыш білім берудің мазмұны, оқытудың ғылыми-методикалық негіздері туралы құнды педагогикалық еңбектер жазды. Әсіресе, Ж.Аймауытовты ерекше атап өту керек. «Тәрбиеге жетекші» (1924ж) деген еңбегінде тұңғыш рет дидактикаға қазақ тілінде былай деп анықтама береді: «Баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі дидактика деп аталады».
Практикалық тапсырмалар:
1. Я.Коменскийдің «Ұлы Дидактика» еңбегімен танысу, керек жерін конспектілеу.
2. Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші» еңбегімен танысу, конспектілеу.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
І. Дидактика дегеніміз не ?
Берілген жауаптардың арасынан бір дұрысын көрсетіңіз, қалғандарының қателігін түсіндіріңіз.
А) Дидактика – жеке адамның даму заңдылықтары туралы ғылым.
В) Дидактика – баланың жеке басының қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым.
С) Дидактика – оқыту мен білім беру теориясын зерттейтін педагогиканың саласы.
Д) Дидактика – тәрбие процесін зерттейді.
Е) Дидактика деп педагогиканың жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жайлы бөлімін айтады.
ІІ. Мына терминдердің арасынан дидактиканың негізгі категорияларын көрсетіңіздер:
даму
қалыптасу
оқыту
тәрбие
білім
іскерлік
сабақ
міндет
мазмұн
дағды
іскерлік
сабақ
оқыту әдістері
қоғам
табиғат
Әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004
3. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А. 1976
4. Иванова Н., Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні. А. 1991
5. Лихачев Б. Педагогика. М., 1998.
6. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. А. 1992
7. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.
8. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №2
Тақырыбы: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту және оның мәні
Мақсаты: оқыту процесінің мәні мен ерекшеліктерін түсіндіру, қазіргі кездегі оқытудың мақсатын анықтау.
Жоспар:
Оқыту процесі туралы түсінік
Оқыту процесінің мақсаты
Оқыту процесінің функциялары
Негізгі ұғымдар: оқыту, процесс, мақсат.
1. Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процесті құрайтын екі процестің біреуі болып табылады. Ертедегі және орта ғасырдағы ойшылдар «оқыту», «оқыту процесі» деген ұғымдарды «үйрету» деп түсіндірді. Тек ХХғ басында ғана «үйрету», «оқу» деген түсініктер қатар айтыла бастады. Үйрету деп мұғалімнің оқу материалын игеруді ұйымдастыру қызметі болса, оқу - оқушының сол материалды игеру қызметі. Кейін оқыту ұғымына мұғалімнің жетекшілік қызметі, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті деген түсініктер қосылды.
Оқыту процесі дидактикалық жүйелерге негізделеді. Дидактикалық жүйелердің түрлері: дәстүрлі, педоцентристік, қазіргі жүйе.
Оқытудың дәстүрлі жүйесінде басты роль мұғалімнің іс-әрекетіне, білім беруге беріледі. Бұл жүйені Я.А.Коменский, И.г.Песталоцци, И,Гербарт сияқты педагогтардың теориялары құрайды.
Педоцентристік тұжырымдамада басты роль баланың іс-әрекетіне, оқуға беріледі. Оның негізіне Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің «еңбек мектебі», В.Лайдың «әрекеттегі педагогика» тұжырымдамалары жатады.
2. Оқытудың мақсаты тәрбиенің мақсатына ұқсас. Егер мақсат болмаса, оқыту процесінің нәтижесі де болмас еді. Сонда оқыту процесі - оқытудың мақсатын жүзеге асыратын процесс. Оқыту процесінің негізгі мақсаты: мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу. Бұл міндеттер төмендегідей:
Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту;
Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру;
Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру;
Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру ;
3. Оқытудың 3 функциясы бар:
білімдік - оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру.
тәрбиелік - адамгершілік, ұқыптылық, жауапкершілік, отансүйгіштік, т.б. қасиеттерді тәрбиелеу.
дамытушылық - баланың таным қабілеттерін арттыру.
Практикалық тапсырмалар:
1. Оқыту процесі туралы әртүрлі оқулықтардағы мәліметтермен танысу, оларды талдау.
2. Қазіргі кездегі оқытудың мақсаты туралы жазу.
3. Оқыту мен тәрбиенің өзара байланысы қандай?
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Схеманы қолданып, ТПП сипаттама беріңіз
Мақсат мұғалім бөліктерінің
Міндет арасындағы
Әдіс байланыс
Форма
Еңбек субьектісі
Компоненттері заңдылықтары
Терминін
енгізген зерттеген
Тұтас
педагогикалық
процесс
П.Ф.Каптерев Н.Д.Хмель
Элементарлық бастапқы қозғаушы күші
Бірлігі абстракция
немесе
қалыптасудың
қасқағым сәті
кереге көз педагогикалық жағдаят қарама қайшылық
Оқыту процесі дегеніміз не?
Оқыту процесінің функцияларын атаңыздар.
Мына ұғымдардың арасынан оқыту процесінің компоненттерін көрсетіңіздер:
білім
іскерлік
дағды
еңбек құралдары
идея
дүниетаным
білімділік
тапқырлық
ақыл-ой
тәрбие
ізгілендіру
оқу
белсенділік
акселерация
еңбексүйгіштік
Әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004
3. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А. 1976
4. Иванова Н., Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні. А. 1991
5. Лихачев Б. Педагогика. М., 1998.
6. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. А. 1992
7. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.
8. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №3
Тақырыбы: Оқыту процесінің ерекшеліктері
Мақсаты: оқыту процесінің ерекшеліктеріне сипаттама беру, мысалдар арқылы түсіндіру.
Жоспар:
Оқыту - тәрбие құралы
Оқыту - қоғамдық құбылыс
Оқыту - танымдық процесс
Оқыту - екі жақты процесс
Негізгі ұғымдар: қоғамдық құбылыс, танымдық процесс, екі жақты процесс.
Оқыту процесінде оқушыларға білім берумен қатар, ең алдымен тәрбие берілуі керек. Оқушыларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, ақыл-ой, дене, т.б. тәрбие беру міндеті жүзеге асырылады. Соның ішінде оқыту, ең алдымен, ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты.
Оқытудың мақсат-міндеттері, мазмұны қоғам қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады. Қарапайым қоғамда оқытудың мазмұны да қарапайым: бала тек оқу, жазу, санау білсе жеткілікті. Қоғамның дамуына байланысты өндірістің, техниканың дамуына қарай оқытудың мазмұны да күрделенді, бұрынғы қарапайым білім өндірісте жұмыс істеуге жеткіліксіз болды. Оқу орындарында техникалық білім беріле басталды. ЭЕМ дамыған қазіргі қоғамда компьютерлік білімнің қажеттілігі туды.
Оқытуда бала үнемі білмеуден білуге қарай жылжып отырады. Баланың танымдық қабілеттері - ойлау, есте сақтау, зейінділік, т.б. дамиды. Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі - мотивтер. Мотив деп белгілі әрекетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады.
Оқыту процесіне мұғалім мен оқушы қатысады. Оқытуда жетекші рольді мұғалім атқарады. Алайда оқушы тек обьект ғана болмай, субьект болуы керек. Оқытуда жақсы оқитын балалар белсенділік көрсетсе, үлгермеушілер енжарлық жасап, оқуға ешқандай күш жұмсамайды. Мұғалім балалардың бәрін де оқуға қызықтырып, ынталандыруы керек.
Практикалық тапсырмалар:
Оқытудың қоғамдық құбылыс екенін мысалдар арқылы дәлелдеу.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Оқыту деген не?
Оқыту процесі деген не?
«Процесс» деген не?
Оқыту процесінің ерекшеліктерін атаңыздар.
Әдебиеттер:
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004
3. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А. 1976
4. Иванова Н., Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні. А. 1991
5. Лихачев Б. Педагогика. М., 1998.
6. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. А. 1992
7. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.
8. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №4
Тақырыбы: Оқыту процесінің құрылымы
Мақсаты: оқыту процесінің құрылымына сипаттама беру.
Жоспар:
1. Білім алудың мақсаты мен мотивін анықтау
2. Жаңа оқу материалын қабылдау
3. Білімді бекіту
4. Білім мен дағдыны практикада қолдану
5. Оқушылардың БІД тексеру, бағалау
Негізгі ұғымдар: мақсат, мотив, құрылым.
1. Мотив әрекеттің себебін, ал мақсат әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиіс екенін анықтайды. Баланың оқудағы негізгі мотивінің бірі - қызығу. Өйткені бала білім алуға қызықпаса, талаптанбаса, оны зорлап оқытуға болмайды. Баланы қызықтыру үшін білімнің мақсаты мен қажеттілігін түсіндіру керек.
2. Оқушының білімді меңгеруі жаңа материалды қабылдаудан басталады. Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, мұғалім оларды жаңа білімді қабылдауға дайындайды.
3. Оқыту процесінде оқушылардың алған білімін бекітіп отыру маңызды. Ол үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыру қолданылады. Бекітуді ұйымдастырғанда түрлі жаттығулар, ойындар, көрнекі және техникалық құралдарды пайдалануға болады.
4. Білімді толық меңгеру оны практикада қолдануды керек етеді. Егер оқушы алған білімін практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағанын көрсетеді. Білім мен дағды түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады.
5. Тексеру мен бағалау оқытудың әрбір кезеңінде қолданылады. Бұл арқылы оқушының біліміндегі жетістіктер мен кемшіліктер анықталады. Оқушының білім алудағы жетістіктеріне талдау жасап, айтып отыру маңызды. Дұрыс, әділ қойылған баға оқушының ынтасын арттырады, өз күшіне деген сенімділігін тудырады.
Практикалық тапсырмалар:
Оқыту процесінің құрылымының схемасын сызу, әр бөліктерінің арасындағы байланысты түсіндіру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
І. Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:
Қабылдау, пайымдау, қорыту, бекіту, практикада қолдану:
А) оқыту процесінің компоненттері
В) білімді игеру процесінің кезеңдері
С) педагогикалық процесс кезеңдері
D) сабақ элементтері
Е) іс-әрекет компоненттері
ІІ. Схеманы пайдаланып жауап беріңіз:
Достарыңызбен бөлісу: |