З. Е. Сүлейменова, М. Т.Қошанова педагогика ббк 74. 00 С 90 Рецензенттер


Лекция №16 Тақырыбы: Сабаққа талдау жасау



бет8/11
Дата25.08.2017
өлшемі2,88 Mb.
#27827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция №16

Тақырыбы: Сабаққа талдау жасау
Мақсаты: схеманы қолданып сабаққа талдау жасай білуге үйрету.
Негізгі ұғымдар: сабақтың талдауы, хаттама.
Оқу жұмысын тексерудің барысында сабақтың сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Сабақты талдау шамамен мына үлгі бойынша жүреді:

  • Оқу пәні

  • Сынып

  • Мұғалім

  • Сабақ тақырыбы

  • Сабақ мақсаты

Талдау барысында мына мәселелер еске алынады:

  1. Сабақтың типі мен құрылымы;

  2. Сабақтың мазмұны, оқу материалының сапасы;

  3. Оқыту әдістері;

  4. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеті;

  5. Мұғалімге мінездеме беру;

  6. Сабақтың нәтижесі;

Сабаққа қатысу аяқталғаннан кейін талдау басталады. Алдымен сабақты мұғалімнің өзі талдайды, содан кейін басқа қатысушылар өз пікірлерін, ұсыныстарын айтады.
Практикалық тапсырмалар:

Педпрактика барысында өзі бекітілген сыныптың бір сабағына қатысып, хаттамасын толтыру.


Сабаққа талдау жасау схемасы:

  1. Өткізілген күні.

  2. Орны.

  3. Сынып.

  4. Оқу пәні.

  5. Сабақтың тақырыбы.

  6. Сабақтың мақсаты.

  7. Сабақтың типі және құрылымы.

  8. Сабақтың мазмұны: оқу материалының сапасы, ғылымилығы, өзектілігі.

  9. Әдіс-тәсілдер, олардың талапқа сай болуы.

  10. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

  11. Мұғалімнің теориялық дайындығы, әдістемелік шеберлігі.

  12. Сабақтың қорытындысы.

Сабақтың протоколы:

Күні


Мектеп, сынып

Мұғалімнің аты-жөні

Жұмыс стажы

Пәні


Тізім бойынша оқушылар саны Қатысқандар саны

Нешінші сабақ Өткізілген орны

Сабақтың мақсаты: а) білімдік ә) тәрбиелік б) дамытушылық


Сабақ уақыты

Сабақ кезеңдері

Іс-әрекеті

Сіздің

пікіріңіз




Мұғалімнің

Оқушының
















Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.


Лекция №17

Тақырыбы: Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Мақсаты: тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын құруға үйрету, мұғалімнің сабаққа дайындығының маңызын түсіндіру.
Жоспар:

  1. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

  2. Тақырыптық жоспарлау

  3. Күнделікті жоспарлау


Негізгі ұғымдар: сабақтың жоспары, тақырыптық, күнделікті жоспарлау.
1. Жақсы жоспарланған, шебер ұйымдастырылған сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады. Мұғалім әр сабағына мұқият дайындалып, оның мазмұнын, өтілуін жан-жақты ойластыруы керек. Егер мұғалім сабақты дұрыс жоспарламаса, ол өз пәнін жетік білгенімен, сабақтың ірі кемшіліктері болады. «40 жыл мұғалім болсаң да, 45 минуттық сабағыңа әзірленуді ұмытпа!» деген ережені есте ұстаған дұрыс.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы екі кезеңнен тұрады: тақырыптық жоспарлау және күнделікті жоспарлау.

2. Оқу жұмысы тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша жүреді. Тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқулық негізінде жарты жылға, немесе бір жылға құрылады. Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарды ойластыруға мүмкіндік береді. Тақырыптық жоспарда тақырыптардың сағатқа бөлінген аттары, сағат саны, өтілетін күні, көрнекі құралдары көрсетіледі.

3. Күнделікті сабақ жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Онда сабақтың тақырыбы, мақсаты мен құрылымы, сабақтың мазмұны, әдіс-тәсілдері, үй тапсырмасы көрсетіледі. Сабақтың әрбір кезеңіне жұмсалатын уақытты көрсетудің мәні зор. Жас мұғалімдерге сабақтың жоспарын толық жазған дұрыс. Кейін тәжірибе жинақтаған кезде қысқартулар қолдануға болады. Бірақ жоспар қандай формада жазылса да, онда сабақтың барлық кезеңдері қамтылуы керек.


Практикалық тапсырмалар:

1. Мұғалімнің тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларымен танысу.

2. Өз пәні бойынша тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын құру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Күнделікті-тақырыптық жоспар дегеніміз не?

  2. Күнделікті сабақ жоспары дегеніміз не?

  3. Күнделікті сабақ жоспарының нақты үлгісі бола ма?

  4. Егер сабақ материалын жатқа білсең, жоспарсыз сабақ өткізуге бола ма?


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Онищук В.А. Урок в современной школе. М. 1985

5. Дидактика средней школы) под ред. Скаткина. М. 1982

6. Махмутов М.И. Современный урок. М. 1985

7. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.


Лекция №18

Тақырыбы: Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру, бағалау
Мақсаты: оқыту процесіндегі бақылау мен бағалаудың маңызын көрсету, олардың формалары мен түрлерімен таныстыру.
Жоспар:

1. Тексеру мен бағалаудың маңызы

2. Бақылау мен бағалаудың түрлері, әдістері, формалары
Негізгі ұғымдар: білімді тексеру және бағалау.
Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бақылау мен бағалау – оқу процесінің маңызды және қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бақылау мен бағалау арқылы мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін анықтайды.

Педагогтар П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, Е.И.Перовский, т.б. еңбектерінде бақылаудың тақырыптық түрлері практикалық жағынан талданады. Ал М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, Т.Л.Коган, т.б. бақылауды ұйымдастырудың теориялық мәселелеріне талдау жасайды.

ХХғ. 20-шы жылдары «бригадалық» әдіске негізделген «өздігінен бақылау» түрлері кең көлемде қолданылды. Бұл жағдайда оқушылар тарапынан жауапкершілік азайып, оқу сапасы төмендеп кетті.

30-шы жылдары Е.В.Гурьянов, П.Г.Ананьев сияқты педагогтар бақылаудың тәрбиелік қызметіне көңіл бөле бастады.

40-60-шы жылдары оқушылардың білімін бағалау әрі оқыту, әрі тәрбиелеу мақсатын көздеді.

80-ші жылдардан бастап оқыту нәтижелерінің бақылау мен бағалау жұмыстарының дидактикалық-әдістемелік негіздері талданып, бір жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіле бастады.



Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру дегенді білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні – оқушыларға дер кезінде көмек көрсету.



Бағалау деп оқушылардың Б.І.Д.-ның сапасын анықтауды айтады. Бағалау арқылы оқушылардың оқу үлгерімін бақылаудың нәтижесі көрінеді.

Бақылау мен бағалаудың қызметі үш жақты сипатталады: білімдік, тәрбиелік, дамытушылық.



Бақылаудың қызметі:

1. Білімдік – Оқушылар жаңа білімді қабылдайды, бұрынғы білімдерін толықтырады.

2. Тәрбиелік – Бақылау нәтижесінде күнделікті сабаққа дайындалады, жауапкершілігі артады.

3. Дамытушылық - өз бетімен жаңа білімді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар дайындайды.



Бағалаудың қызметі:

1. Білімдік – Оқушылар обьективті білім алады, іскерлік пен дағдыны игереді.

2. Әділ қойылған баға оқушылардың жауапкершілігін, ынтасын арттырады, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелейді.

3. Ой-өрісін кеңейтеді, ойлау тәсілдеріне үйретеді, кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.

Бақылау мен бағалау сабақтың әр кезеңінде жүзеге асырылады.

Педагогикада бақылаудың көптеген түрлері бар. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокина бақылауды 3-ке бөледі:

* күнделікті бақылау

* оқтын-оқтын бақылау

* қорытынды бақылау.

Ал Г.И.Щукина бақылауды 5 түрге бөледі:

* күнделікті бақылау

* оқтын-оқтын бақылау

* тақырыптық бақылау

* қорытынды бақылау

* емтихан

Педагог –ғалым Е.А.Дмитриев 4-ке бөледі:



  • күнделікті бақылау

  • тақырыптық бақылау

  • қорытынды бақылау

  • нәтижесі

Ал профессорлар Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаевтың «Педагогика» (Алматы, 1998ж.) оқулығында:

  • тарау бойынша бақылау (оқтын-оқтын)

  • тақырыптық бақылау

  • қорытынды бақылау

деп бөлінген. Енді бақылаудың кейбір түрлеріне тоқталайық:

Күнделікті бақылау – оқыту процесінде күнделікті қолоданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық қызметіне басшылық жасайды. Күнделікті бақылау – мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылардың жұмысына жүйелі түрде бақылау жасауы.

Тарау бойынша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның соңында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мақсаты - әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.

Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың Б.І.Д.-ды игеруі тексеріледі. Сонымен қатар мұғалім кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ережелерді оқушылардың есіне салады.

Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Оқушылардың жыл бойы алған теориялық және практикалық білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық бағадан қорытынды баға шығарылады.

Зачет (сынақ) – қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі тарау немесе тақырып бойынша атқарылған жұмыстардың бүкіл өн бойында мұғалім қолоданған тексерудің барлық түрлерін ескере отырып қойылады. Зачет 1959 жылдан бастап енгізілді. Ол оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері мен тақырыптардағы Б.І.Д.-ларды жүйеге келтіру, тереңдету міндетін шешеді.

Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Емтихан 1944 жылдан бастап енгізілді. Ол оқушылардың білімін жинақтауға, бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша ынталандыруға, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.

Бақылаудың ауызша, жазбаша және графикалық әдістері қолданылады. Сонымен қатар бағдарламалап бақылау әдісі бар. Ол машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістері болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарламалап бақылауда перфокарталар қолданылады. Бұнда мұғалім 20-25 сұрақ дайындап, әр сұраққа 4 вариантты жауап дайындайды. Олардың ішінде бір жауап дұрыс, қалғандары дұрыс емес, толық емес жауаптар. Машиналы бағдарламалап оқытуда техникалық құралдар қолданылады. Олар:

1. Автоматтандырылған сыныптар.

2. Микро ЭВМ «Агат», «ДВК».

3. Электронды емтихан алушы «АИСИ-3», т.б.

Оқыту процесінде бақылаудың жаппай (фронталдық), топтық және дербес формалары қолданылады.



Фронталдық (жаппай) бақылауда барлық оқушыларға мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі.

Топтық бақылауда оқушылардың белгілі бір тобы тапсырма алып орындайды.

Дербес бақылауда әрбір оқушының Б.І.Д.-сын терең және жан-жақты анықтайды.

Сонымен қатар оқушыларды өзін-өзі бақылау тәсілдеріне үйреткен дұрыс. Бұл олардың жауапкершілігін, өз күшіне деген сенімін туғызады.

Оқушылардың білімін бағалауда немқұрайдылыққа жол беруге болмайды. Өйткені баға білімді есепке алу құралы болумен қатар, тәрбиелік құрал да болып есептеледі.

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылатын бағалау жүйесі «5 баллдық» жүйе.



«5» бағасы – оқу материалын толық, дұрыс, дәл логикалық бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады.

«4» бағасы – оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады.

«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар есепке алынбаған жауапқа қойылады.

«2» бағасы – оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады.

«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.

Революцияға дейін Россияда 0-ден 5-ке дейін «6» баллдық жүйе болған. 1918 жылы «о» бағасы қысқартылды. Қазіргі кезде «1» деген баға да өте сирек қойылады. Сөйтіп «5» баллдық жүйе «4» баллдық жүйеге айналды.

Алайда көптеген педагогтар баға қоюда басқа да әртүрлі әдістерді қолданады:

1-әдіс. «+», «-» таңбаларымен баға қою. Мысалы, «4+» немесе «4-». Әрине қосымша таңба қою журналда ескерілмеген. Сондықтан журналға бағаның өзін қояды да, өзінің жеке дәптеріне нақтыланған, «+», «-» таңбаларымен қояды. Бұл әдісті ынталандыру құралы ретінде пайдаланады.

2-әдіс. Ауызша бағалау. Оқушының білімін сөзбен бағалайды.

3-әдіс. Күнделікке қойылған бағаны ата-аналарға арналған жазулармен толықтыру. Сөйтіп оқушының отбасы алдындағы жауапкершілігін көтермекші болады. Алайда бұл әдіс әруақытта ойдағыдай нәтиже бермейді.

4-әдіс. Үлгерім экранын қолдану. Оқушылардың барлық бағалары түсірілген экранды классқа іліп қояды. Бұл әдістің кемшілігі де бар. Жақсы оқитындарда менмендік, өзін артық санау сезімдерін туғызуы, ал нашар оқитындарда керісінше немқұрайдылықты туғызуы мүмкін.

Оқушылардың үлгерімін сандық бағалау жүйесі «балл» түрінде басқа елдерде де қолданылады.

Венгрия, Югославия, Чехославакияда «5 баллдық» жүйе қолданылады. Венгрия мен Югославияда 5 – жоғары, 1 – төмен баға болса, Чехославакияда керісінше, 1 – жоғары, ал 5 – төмен баға болып саналады. Румыния, Голландия, Ауғаныстанда оқушыларға 1-ден 10-ға дейінгі бағалар қойылады. 10 - өте жақсы, 1 - өте жаман баға, ал класстан классқа көшіру 5-6 сандық белгілермен бағаланады. Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға «10 баллдық» жүйе бойынша, ал лицейлерде «20 баллдық» жүйе бойынша баға қойылады. Америка Құрама Штаттарында оқушыларға баға қоюда әріп жүйесі қолданылады: А, В, С – жақсы баға, Д, Е – жаман баға. Көптеген оқу орындарында әртүрлі топтарға бөледі: А – дарынды, В - қарапайым, С – қабілетсіз. Оқушының қай топқа жататынын анықтау үшін әртүрлі сынақтан өткізеді. Дарынды оқушыларды дамыту үшін барлық жағдай жасалады, ал қарапайым оқушылар тек қана практикалық білім мен пайдалы дағдыларды меңгерсе жеткілікті. Жапонияда оқушылардың білімін есепке алу мен бағалаудың ауызша формасы қолданылады, ол мадақтау деп аталады. Бірақ баға қойылмайды. Оқушылардың білімін тексеру үшін тесттер қолданылады. Тестті мұғалім дайындайды және оқушының жауабы 10-нан 100 ұпайға дейін бағаланады. Ал оқу жылының аяғында оқушыға мінездеме жазылады, онда әр оқушының жинаған ұпай саны көрсетіледі.

Есепке алу – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту. Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді еске алған жөн:



  • оқу бағдаоламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып үйрену процесінде оқушылардың Б.І.Д.-сын жан-жақты бақылау керек;

  • әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті, толық қорытынды шығарып отыру;

  • оқушыларға толық, пайымды мінездеме беру үшін, олардың бірнеше оқу жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.

Сонымен, әрбір мұғалім оқу жұмысын есепке алудың әдісін және техникасын жақсы білумен қатар, оқу жұмысы жөнінде обьективті мәліметтердің болуы тиіс.
Практикалық тапсырмалар:

1. Мұғалімнің сабақта бақылаудың қандай түрлері мен формаларын қолданғанын бақылау.

2. «5 баллдық» жүйенің тиімділігін анықтаңыз.

3. «Шетелдегі бағалау түрлері» деген тақырыпта хабарлама дайындау.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:

І. Бақылаудың түрлері:

А) Оқушылар дайындығын бақылау, жаппай бақылау

В) Оқу-материалын логикалық дұрыс беру, экскурсиялар

С) Мектеп жетістіктерін бақылау, жекелеген сынып жұмыстарын бақылау.

D) Алдын-ала бақылау, күнделікті бақылау, қорытынды бақылау

Е) Лекциялар, семинарлар, практикумдар.

ІІ. Оқушының білімін жүйелеу мақсатында жаңа тақырыпты, тарауды өтуге орай кезеңмен жүргізілетін бақылау:

А) алдын-ала

В) тақырыптық

С) қорытынды

D) ағымдық

Е) аралық

ІІІ. Схеманы пайдаланып, бағалау мен бақылау туралы түсіндіріңіз:




Бақылаудың түрлері

тақырыптық тарау бойынша қорытынды


Бақылаудың формалары

фронталдық топтық дербес


Бағалаудың формалары

бес баллдық ауызша жазбаша тест рейтинг


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Караев Ж., Кобдыкова Ж. Оценка деятельности учащихся в условиях применения пед. технологии обучения /Вестник высшей школы Казахстана 1998. № 5

5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.


Лекция №19

Тақырыбы:Оқушылардың БІД-рын бағалаудың жаңа технологиясы
Мақсаты: рейтинг және тест жүйелерінің тиімділігін көрсету, оларды қолдану тәсілімен таныстыру.
Жоспар:

  1. Рейтинг жүйесі

  2. Тест


Негізгі ұғымдар: тест, рейтинг.
Оқыту процесінің сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. «5 баллдық» жүйе арқылы бағалауда обьективтілік толық қамтамасыз етілмейді. Сондықтан соңғы жылдары бағалаудың жаңа технологиялары енгізілді. Олар - рейтинг және тест арқылы бағалау.

Соңғы жылдары мектептерде бақылау мен бағалаудың тесттік және рейтинг жүйесі енгізілуде.



«Тест» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «тексеру», «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Тестілеу белгілі бір мақсатпен, барлық орындаушыларға ортақ өткізіледі. Тестілеудің ерекшелігі – оның нақтылығы, қарапайымдылығы және автоматтандыруға ыңғайлылығы. Тестілеу ХІХ ғ. 80-90-шы жылдары пайда болған. Шетелдік зерттеушілер тестілеуді адамның дербес ерекшеліктерін анықтауға қолданған. Бұл – психологиялық тесттер. Ал педагогикада жиі қолданылатыны – білімді тексеруге арналған тесттер. Онда сұрақтардың саны 10-15-тен кем болмауы тиіс. Тесттің сұрақтары бірмәнді, нақты болады және оқулықтағы сұрақтар қайталанбауы керек. Әр сұраққа 4-5 жауаптан ұсынылады. Европалық тесттерде 5 жауаптан беріледі. Жауаптардың ішінде біреуі ғана дұрыс, Қалғандары жартылай дұрыс, толық емес немесе қате жауаптар. Оқушы дұрыс жауапта таңдап, белгілейді. Бұл жерде оқушының таңдау еркі ескеріледі.

«Рейтинг» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген мағынаны білдіреді. Рейтинг жүйесінің мақсаты:

1. Оқу-таным әрекетінің сапасын арттыру.

2. Оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру.

3. Оқу-таным әрекетіндегі Б.І.Д.-ның сапасын бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету.

4. Оқушылардың жауапкершілігін, белсенділігін арттыру.

5. Уақытты үнемдеу.

Бұл жүйенің ерекшелігі – тексеру, бақылау және бағалау оқу процесінің барлық кезеңдерінде жүреді.

Рейтинг және тест арқылы бағалау үшін барлық оқу материалы модульдерге (блок) біріктіріледі. Бағалау нәтижесі баллмен есептеледі. Рейтинг-тест бақылау түрлері: күнделікті (текущий), аралық (рубежный), қорытынды (итоговый).


Практикалық тапсырмалар:

1. Топтың рейтинг деңгейін анықтау.

2. Пән бойынша тест сұрақтарын дайындау, өткізу.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:

Валидтілік, мықтылық, объективтілік

А) тестіге қойылатын талаптар

В) тест формалары

С) тест түрлері

D) тест нәтижелерін өңдеуге қойылатын талаптар

Е) тест құрылымы
Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Положения о рейтинго-тестовом контроле качества знании, умении и навыков студентов. А. 1996

5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.


ІІІ модуль бойынша тест сұрақтары

1. «Дидактика» термині қай елдің сөзі?

A) Орыс

В) Латын

С) Грек

Д) Араб


Е) Қазақ

2. Дидактика сөзі қандай мағынаны білдіреді?

A) Тәрбие

В) Мектеп

С) Оқушы

Д) Оқыту


Е) Үйрету

3. Дидактиканың негізін салған ұлы педагог

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) Ы.Алтынсарин

Д) К.Д.Ушинский

Е) Ж.Руссо

4. Россияда дидактиканың негізін салушы

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) Ы.Алтынсарин

Д) К.Д.Ушинский

Е) А.Макаренко

5. Қазақстанда дидактиканың негізін салушы

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) Ы.Алтынсарин

Д) К.Д.Ушинский

Е) М.Жұмабаев

6. Дидактикаға қазақ тілінде анықтама берген педагог

A) А.Байтұрсынов

В) М.Жұмабаев

С) Ж.Аймауытов

Д) Ы.Алтынсарин

Е) Н.Құлжанова

7. Оқыту процесінің функциялары

A) Білімдік, тәрбиелік, дамытушылық

В) Үйрету, көрсету

С) Әдіс-тәсілдерді меңгерту

Д) Іскерлікті қалыптастыру

Е) Үйрету

8. Дидактиканың негізгі ұғымдары

A) Білім, іскерлік, дағды

В) Бақылау, зерттеу

С) Ойлау, қиял

Д) Тексеру, бақылау

Е) Мұғалім, оқушы

9. Оқыту процесі дегеніміз не?

A) Оқулықпен жұмыс істеу

В) Оқытудың мақсатын жүзеге асыру

С) Оқушыны дамыту

Д) Жоспар құру

Е) Тәрбиелеу

10. Оқытудың ерекшелігі

A) Жеке адамға тән

В) Топтық жұмыс

С) Сыныпта өтеді

Д) Қоғамдық құбылыс

Е) Қоғамнан тәуелсіз

11. Оқытудың мақсаттылығын талап ететін принцип

A) Көрнекілік

В) Мақсаттылық

С) Беріктілік

Д) Проблемалық

Е) Саналылық

12. Оқушылардың табиғат, қоғам дамуының заңдылықтарын білуін талап ететін принцип

A) Беріктілік

В) Интеграциялық

С) Ғылымилық

Д) Ынталандыру

Е) Көрнекілік

13. Жеңілден қиынға қарай оқытуды көздейтін принцип

A) Түсініктілік

В) Ғылымилық

С) Саналылық

Д) Бірізділік

Е) Жүйелілік

14. Оқу бағдарламаларын, оқулықтарды құрастырғанда басшылыққа алынатын принцип

A) Ғылымилық

В) Түсініктілік

С) Жүйелілік

Д) Көрнекілік

Е) Проблемалық

15. Қарапайымнан күрделіге қарай оқыту принципі

A) Жүйелілік

В) Көрнекілік

С) Түсініктілік

Д) Қарапайымдылық

Е) Интеграциялық

16. Оқыту процесіне қойылатын талаптар

A) Әдіс-тәсілдер

В) Құралдар

С) Принциптер

Д) Ережелер

Е) Қасиеттер

17. Тақырыптардың бірізділікпен өтілуін көздейтін принцип

A) Саналылық

В) Жүйелілік және бірізділік

С) Ынталандыру

Д) Беріктілік

Е) Ізгілендіру

18. Білімнің мазмұнын саналы түрде меңгерту принципі

A) Беріктілік

В) Ізгілендіру

С) Ғылымилық

Д) Саналылық және белсенділік

Е) Ынталандыру


  1. Оқушылардың білімді көру арқылы қабылдауын қадағалайтын принцип

A) Көрнекілік

В) Ынталандыру

С) Беріктілік

Д) Саналылық

Е) Проблемалық

20. Оқушылардың өткенді қайталап, еске түсіруін талап ететін принцип

A) Көрнекілік

В) Ынталандыру

С) Беріктілік

Д) Саналылық

Е) Интеграциялық

21. Оқу пәндерінің құрамын анықтайтын құжат

A) Оқулық

В) Оқу бағдарламасы

С) Оқу жоспары

Д) Сабақ кестесі

Е) Күнделік

22. Пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын құжат

A) Оқулық

В) Оқу бағдарламасы

С) Оқу жоспары

Д) Сабақ кестесі

Е) Тақырыптық жоспар


  1. Өтілетін тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат

A) Оқулық

В) Оқу бағдарламасы

С) Оқу жоспары

Д) Сабақ кестесі

Е) Оқу құралы


  1. Оқушыларға білім берудің негізгі көзі

A) Сөздік

В) Оқулық

С) Дәптер

Д) Күнделік

Е) Анықтамалық


  1. Оқытудың мақсатын жүзеге асыру жолдары

A) Әдіс-тәсілдер

В) Құралдар

С) Принциптер

Д) Ережелер

Е) Үйрету


  1. Оқыту әдістері қандай сұраққа жауап береді?

A) Кімді оқыту керек?

В) Қалай оқыту керек?

С) Неге оқыту керек?

Д) Не үшін оқыту керек?

Е) Кім үшін оқыту керек?


  1. Сұрақ-жауап түрінде қолданылатын әдіс

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Жаттығу


  1. Мұғалімнің материалды бірізділікпен баяндауы

A) Көрсету

В) Үйрету

С) Түсіндіру

Д) Сұрау


Е) Бақылау

  1. Диафильм, кинофильм көрсету қай әдіске жатады?

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Ойын


  1. Оқушылардың өсімдікті бақылауы қай әдіске жатады?

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Жаттығу


  1. Приборлармен жұмыс қай әдіске жатады?

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Сұрау


  1. Оқулықпен жұмыс қай әдіске жатады?

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Жаттығу


  1. Жаттығу орындау қай әдіске жатады?

A) Көрнекілік

В) Практикалық

С) Сөздік

Д) Ғылыми

Е) Үйрету


  1. Оқытуды ұйымдастырудың ең алғашқы формасы

A) Жеке-топтық

В) Трамп-план

С) Сабақ

Д) Семинар

Е) Лекция


  1. Кластық-сабақтық оқытудың негізін салушы

A) Ы.Алтынсарин

В) Я.А.Коменский

С) И.Песталоцци

Д) И.Гербарт

Е) Ж.Руссо


  1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

A) Лекция

В) Сабақ

С) Семинар

Д) Факультатив

Е) Үйірме


  1. Сабаққа басшылықты кім жасайды?

A) Директор

В) Ата-ана

С) Оқушы

Д) Мұғалім

Е) Орынбасар


  1. Табиғат, музей, көрме, т.б. орындарда өтетін оқыту түрі

A) Сабақ

В) Экскурсия

С) Саяхат

Д) Лекция

Е) Семинар


  1. Оқушылардың қалауы бойынша өтетін оқыту түрі

A) Экскурсия

В) Семинар

С) Лекция

Д) Факультатив

Е) Сабақ


  1. Жоғары сыныптарға арналған сабақ түрі

A) Үйірме

В) Лекция

С) Әңгіме

Д) Сабақ


Е) Жарыс

  1. Мектепте жиі қолданылатын дәстүрлі сабақтың түрі

A) Жаңа

В) Қайталау

С) Аралас

Д) Бекіту

Е) Бақылау


  1. Жаңа материалды хабарлау сабағы

A) Қайталау

В) Бекіту

С) Аралас

Д) Жаңа


Е) Бақылау

  1. Өтілген материалды жинақтау, жүйелеу сабағы

A) Бекіту

В) Қайталау

С) Бақылау

Д) Аралас

Е) Жаңа


  1. Бірнеше міндет жүзеге асырылатын сабақ

A) Жаңа

В) Қайталау

С) Аралас

Д) Бекіту

Е) Үйірме


  1. Білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыратын сабақ

A) Жаңа

В) Қайталау

С) Аралас

Д) Бекіту

Е) Экскурсия


  1. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін бақылау түрі

A) Тарау бойынша

В) Тақырыптық

С) Қорытынды

Д) Күнделікті

Е) Ұжымдық


  1. Тоқсан соңындағы бақылау түрі

A) Тарау бойынша

В) Тақырыптық

С) Қорытынды

Д) Күнделікті

Е) Жеке-дара


  1. Жыл аяғындағы бақылау түрі

A) Тарау бойынша

В) Тақырыптық

С) Қорытынды

Д) Күнделікті

Е) Дербес


  1. Оқушылардың білімін бағалаудың дәстүрлі формасы

A) Бес баллдық жүйе

В) Тест


С) Ауызша

Д) Жазбаша

Е) Рейтинг


  1. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың жаңа түрі

A) Бес баллдық жүйе

В) Тест


С) Ауызша

Д) Жазбаша

Е) Сұрау
Тест жауаптары

ІІІ тарау. Оқыту теориясы



    1. с

    2. д

    3. а

    4. д

    5. с

    6. с

    7. а

    8. а

    9. в

    10. д

    11. в

    12. с

    13. а

    14. а

    15. с

    16. с

    17. в

    18. д

    19. а

    20. с

    21. с

    22. с

    23. в

    24. в

    25. а

    26. в

    27. с

    28. с

    29. а

    30. с

    31. в

    32. с

    33. в

    34. а

    35. в

    36. в

    37. д

    38. а

    39. д

    40. в

    41. с

    42. д

    43. в

    44. с

    45. д

    46. в

    47. а

    48. с

    49. а

    50. в


ІҮ модуль. Мектептану негіздері

Лекция №1

Тақырыбы: ҚР білім беру жүйесі
Мақсаты: ҚР білім беру жүйесінің міндеттері мен құрылымымен таныстыру.
Жоспар:

1. Білім беру жүйесінің міндеттері

2. Білім беру жүйесінің құрылымы

3. 12-жылдық жалпы орта білім беретін мектептің моделі


Негізгі ұғымдар: білім беру жүйесі, мемлекеттік принциптер,фактор, демократияландыру.

Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.

Білім беру жүйесі деп білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемелердің жиынтығын айтады.

Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:



  • жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

  • азаматтықты, отбасының, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

  • Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алуға жағдай жасау;

  • жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;

  • қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін оқып-үйренуге жағдай жасау;

Бұл міндеттерді жүзеге асыруға түрлі факторлар әсер етеді: қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың дамуы, педагогикалық фактор - баланың мектепке дайындығы.

Білім беру жүйесінің құрылымы:



  1. Отбасындағы тәрбие;

  2. Мектепке дейінгі тәрбие;

  3. Жалпы орта білім;

  4. Мектептен тыс тәрбие мен оқыту;

  5. Арнаулы білім мекемелері;

  6. Кәсіптік-техникалық білім;

  7. Орта арнаулы білім;

  8. Жоғары білім;

  9. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

  10. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;

  11. Қосымша білім.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары

1) Нәтиже бағдары мен құзырлылық тәсілге (жол) бағдарланған білім беру құндылықтары.

2) Білім беруді бағдарландыру – оқытуды саралау және даралау құралы.

3) Білім мазмұнының гимназиялық және лицейлік компоненттер.

4) Қашықтықтан оқыту технологиясы.

5) Оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңашылдық, инновациялық модельдері.

6) Қоғамдық белсенді мектеп, серіктестік тетігі ретрінде.

7) Ауыл мектептерінде білім беру сапасының тетігі мен білім берудің инновациялық үлгісі.

8) Әдістемелік жұмысты жаңа әдіснамалық негізде дамыту.

Мектеп қоғамның жағдайы мен даму тенденциясының көрсеткіші болып табылады. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңарулар білім беру жүйесіне де өзгерістер әкелді.

Соңғы 10-15 жыл ішінде мектептегі оқу жүктемесінің көбеюі оқушылардың денсаулығына зиянын тигізуде. Кейбір пәндер бойынша оқытылатын материалдың көлемін сақтай отырып, оқытуға бөлінген сағат санының қысқаруы үйге берілетін тапсырмалардың көлемінің көбеюіне, сөйтіп балалардың шамадан тыс шаршауына әкеледі. Оқу жоспарын орындауға көңіл бөлген мұғалімдердің оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеруіне мүмкіндіктері болмады.

Міндетті 11 жылдық, толық 12 жылдық орта білім беру арқылы отандық білім берудің сапасын арттыруды, бәсекелестікке қабілеттілікті қамтамасыз етеді. Өйткені Европа Кеңесінің Декларациясына (1992ж.) сәйкес, халықаралық тәжірибеде 12 жылдық білім беру кеңінен қолданылады.

12 жылдық білім беруде оқушылар мектепті 18-19 жаста бітіріп, Қазақстан азаматтарының барлық конституциялық құқықтарын пайдалана алады.

12 жылдық білім беру 3 деңгейден құралады:

І деңгей - жалпы бастауыш білім беру (міндетті), 1-4 сыныптар.

ІІ деңгей - негізгі жалпы орта білім (міндетті), 5-10 сыныптар.

ІІІ деңгей - жалпы орта (толық) білім беру, 11-12 сыныптар.

Соңғы екі жылда оқушыларға қызығушылықтарына қарай кәсіби бағыттағы білім беріледі.


Практикалық тапсырмалар:

  1. ҚР «Білім туралы» Заңынан (2007ж.) білім беру жүйесінің принциптерін конспектілеңіз.

  2. Білім жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы туралы реферат дайындаңыз.

  3. Баспасөз материалдарынан 12 жылдық білім беру туралы материалдар жинаңыз. 12 жылдық білім беру бағдарламасымен танысу, талқылау.

  4. Интернеттен әлемдік білім беру деңгейі туралы мәліметтерді жазып алу.

  5. Схеманы пайдаланып ҚР-ның білім беру жүйесіне сипаттама беріңіз:

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі


жасы

Класс

дең-гей

Білім

беру


Білім беру орындары







6

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру

- Докторантура (доктор атағы, 3 ж.)

- Аспирантура (3 ж)

- Резидентура (жоғ. мед. білім)

- Адьюнктура (жоғ.әскери білім 2-3ж)



18-23




5

Жоғары білім беру

- Жоғары ғылыми-пед. білім (магистр атағы 1-2 ж)

- Арнаулы жоғ. білім (4 ж)

- Базалық жоғ.білім (бакалавр 4ж)


16-17

Х-ХІІ

3-4

Орта білім беру

- Орта кәсіптік білім (колледждер, кәсіптік оқу орындары 3-4ж)

- Бастауыш кәсіптік білім беру (КТУ, КТЛ 2-4 ж)

- Жалпы орта білім беру (жалпы орта білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер 10-11(12) кл)


11-15

Ү-ІХ

2

Базалық жалпы білім беру

- Базалық жалпы білім (жалпы орта білім беретін мектептер, гимназиялар 5-9 кл )

7-10

І-ІҮ

1

Бастау-ыш білім беру

- Бастауыш білім беру (мектептер, гимназиялар 1-4 кл)

1-6




0

Мектеп. дейінгі білім беру мен оқыту

- Мектепке дейінгі білім беру мен оқыту (отбасы, балабақшалар, мектептер, м.д. мекемелер)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Білім беру жүйесі дегеніміз не?

  2. Көкшетау қаласының білім беру жүйесіне сипаттама беріңіз.

  3. Білім беру жүйесінің міндеттері мен принциптерін атаңыз.


Әдебиеттер:

1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007

2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

3. ҚР жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы. А. РБК. 1995.

4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция 2

Тақырыбы: Мектепішілік басқару, бақылау,

мектепішілік менеджмент
Мақсаты: мектепішілік менеджмент ұғымына түсінік беру, мектепішілік басқару мен бақылаудың түрлері мен мазмұны жайлы түсіндіру.
Жоспар:

1. Мектеп басшылары және олардың қызметтері

2. Мектепішілік бақылаудың мазмұны мен түрлері

3. Мектепішілік менеджменттің мәні


Негізгі ұғымдар: басқару, бақылау, менеджмент, өзіндік басқару.
Мектепті басқару әдістері – бұл барлық ұжым мүшелерінің бірлесіп тұтас педагогикалық процестің мақсаттарын, принциптерін және мазмұнын іске асыруды басқару тәсілдерінің жүйесі.

Қазіргі кезеңде мектепті басқару әдістері негізінен екі бағытта іске асырылады. Бірінші бағыт бойынша мектепті басқару әдістерін Т.М.Куриленко үш топқа бөледі:

1. Психологиялық-педагогикалық әдістер - бұл ұжым мүшелерінің оқушылардың тапсырған іске жауапкершілік сезімін арттыруға,өз борышын орындауға байланысты. Бұған сендіру, түсіндіру, өнеге, кәсіби әңгіме, кадрлармен дербес жұмыс, т.б. әдістер жатады.

2. Педагогикалық – ұйымдастыру әдістеріне жұмыс міндеттерін өзара бөлісу, мектепте іс-әрекетінің түрлеріне сәйкес түрлі ережелерді, іс тәртібін анықтау және жасау, ұжым іс-әрекетін іріктеу, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мәселелері жатады.

Автордың пікірі бойынша бұл мәселелер түрлі ұйғарым, ресми жарлық, бұйрық және басқару шешімдері арқылы орындалуы тиіс.

3. Әлеуметтік-психологиялық әдістерге келешек бағыттарды белгілеу, нақты міндеттер қою, жалпы тапсырмаларды орындауда мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру, мұғалімдер мен оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды сақтау, дәстүр, т.б. кіреді. Бұл басқару әдістері мектеп ұжымындағы микроклиматтың қалыптасуына қолайлы әсер етеді. Сонымен бірге мұғалімдердің шығармашылық еңбегі оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Бұл әдістер оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың іс-әрекетін мерзімінде орындалуын талап етеді. Мектеп директоры өз құқығын пайдалана отырып, педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар жұртшылығының пікірлерімен санасады. Жұмысты осылай басқарудың нәтижесінде ұйымдастыру және басқара білу әдістері еңбекті мөлшерлеу әдістеріне айналады.

Мектеп басшылары педагогтармен және оқушылардың қоғамдық ұйымдармен бірігіп, оқу-тәрбие жұмысында іргелі өзгерістер жасау мақсатымен негізгі мәселелерді зерттеу елегінен өткізіп, нәтижесін бүкіл мұғалімдер мен ата-аналар жұртшылығының игілігіне айналдыруы тиіс.

1.Тұтас педагогикалық процесті демократияландыру, ізгілендіру, гуманитарландыру идеяларын басшылыққа алып, халық педагогикасымен қабыстыра жүргізуді қамтамасыз ету.

2. Мектепішілік бақылауды дұрыс жолға салу, оқытушылардың іс-тәжірибесін зерттеу, жинақтау, олардың нәтижесін оқу-тәрбие процесіне енгізу.

3. Озат мұғалімдердің тәжірибесімен танысу, оны мектеп жұмысында кеңінен пйдалану.

4. Мектеп басшылары оқу-тәрбие процесін басқарудың әдістерін, тәсілдерін игеруді, жұмыс стилін заман талаптарына сай жетілдіруді іздестіреді.

5. Мұғалім еңбегін ғылыми негізде ұйымдастырудың үдемелі жолдарын қарастырып, бірізділік жүйеге келтіру.

6. Ұлт және ұлтаралық тәрбиеге ерекше көңіл аудару, оны іске асыру процесінде ұлттардың, ұлыстардың достық және бірлік тілектеріне сәйкес үйлестіре басқару.

7. Үйелмен оқу мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Сондықтан оның этикалық құрамын және құрылымын /толық, толық емес үйелмен, бірұлттық, көпұлттық үйелмен, т.б/ еске алып отырған жөн .

8. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының іс-әрекетіне көмектесу, олармен ынтымақтасып жұмыс істеудің тиімді жолдарын қарастыру.

Мектеп ісін бақылау үшін оған бірнеше педагогикалық талаптар қойылады. Олар:

- бақылауды ұдайы және жүйелі түрде жүргізіп отыру;

- бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану;

- бақылаудың әділеттілігі, жариялылығы;

- бақылаудың тиімділігі және нәтижелілігі.

Мектепшілік бақылау мазмұнына кіретін мәселелер:

а) оқу жоспары мен оқу бағдарламалары,олардың орындалуы;

ә) сабақ берудің және оқудың жағдайы (сабақ берудің теориялық және әдістемелік деңгейі, оқушылар білімінің ,іскерлігінің және дағдысының сапасы)

б) жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену, тарату және оқу-тәрбие процесіне енгізу;

в) тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару (сыныптар бойынша тәрбие жұмыстары, ұзартылған күн топтары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары);

г) әдістемелік жұмыстар (педагогикалық және әдістемелік кеңестер, әдістемелік пән бірлестіктері, шығармашылық топтар, т.б);

д) ата-аналар және жұртшылықпен жүргізетін жұмыстар;

е) мектеп құжаттары;

ж) педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру.

Оқу - тәрбие процесін бақылаудың бірнеше түрлері бар:

- жаппай, мысалы, барлық сыныптарда жүргізілетін жазба бақылау жұмыстары;

- бірнеше күн оқушылардың сабаққа қатынасуын, яғни сабаққа келушілер санын бақылау, т.б.;

- тақырыптық - оқу немесе тәрбие жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы тақырып бойынша тексеру;

- дербес - кейбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылау;

- ұжымдық - сынып ұжымының, оқушылардың ұзартылған күн тобының, кейбір үйірмелердің іс-әрекеттерімен танысып бақылау.

Бақылау жүйесін және оған қойылатын талаптарды орындау үшін мектеп директоры өзінің орынбасарларымен бірлесіп, бақылаудың түрлерін, орындау мерзімін және мақсаты мен міндеттерін мектептің жалпы жоспарында көрсетеді, жоспар педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Практикалық тапсырмалар:

1. Тақырып бойынша негізгі ұғымдарға анықтама жазып келу.

2. Өзі басынан кешірген бақылау түрлерін сипаттау
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:

І. Мектептегі тәрбиелік қызмет жүктеледі:

А) Мектеп директорына

В) Пән мұғаліміне

С) Сынып жетекшісіне

Д) Мектеп оқу ісі меңгерушісіне

Е) Сынып старостасына

ІІ. Мектеп құжаттарын тексеру, бақылау, ауызша және жазбаша бақылау жұмыстары, анкета алу, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу:

А) Мектепішілік бақылау формалары

В) Мектепішілік бақылау әдістері

С) Мектепішілік бақылау түрлері

Д) Мектепішілік бақылау құралдары

Е) Басқару әдістері

ІІІ. Мектепті басқару мен ондағы жұмысты ұйымдастыруды және халықтық білім берудің мазмұны мен әдістерін зерттеуді мақсат еткен педегогика ғылымының саласы

А) оқыту теориясы

В) дидактика

С) мектептану

D) педагогиканың негіздері

Е) тәрбие теориясы
Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Основы внутришкольного управления. /под ред. П.В.Судоминского, М. 1987

5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.


Лекция №3

Тақырыбы: Мектеп басшысына қойылатын талаптар
Мақсаты: мектеп басшысының қызметі, оған қойылатын талаптар туралы мағлұмат беру.
Жоспар:

1. Мектеп басшысына қойылатын кәсіби талаптар.

2. Мектеп басшысына қойылатын өнегелік талаптар.

3. Мектеп басшысына қойылатын экономикалық талаптар.

4. Мектепті басқару стилі.

Негізгі ұғымдар: кәсіби талаптар, адамгершілік талаптар, экономикалық талаптар, басқару стилі
Мектеп басшысы жаңа ойлармен, жаңа идеялармен қаруланады, оқу-тәрбие жұмысына заман талабына сай жаңа көзқарастармен қарайды, басқарудың жаңа демократиялық стилі пайда болады. Жаңашыл директор мұғалімнің шығармашылық ынтасын, құзіретін, дербестігін,ынтымақтастығы мен жауапкершілігін бағалайды.Мектеп директорының оқу- тәрбие жұмысын басқарудағы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер :шығармашылық, педагогикалық шеберлік, білімдарлық, жоғары идеялық ұжымшылдық. Сонымен бірге оның бойындағы құзіреттілік, шешімділік,тапқырлық сияқты қасиеттердің де болуы тиіс. Мектеп директоры мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналар жұршылығымен ұласу әдістерін, ынтымақтастық принципін жүзеге асыруда негізгі рухтандырушы, ұйымдастырушы. Мектеп басшыларына кәсіби және адамгершілік-психологиялық талаптар қойылады.

Кәсіби талаптар - бұл кәсіби бағытта ғылыми білімді және педагогикалық іскерлікті кешенді игеру қажеттілігі.

Адамгершілік талаптар - ұстамдылық, әділеттілік, қайырымдылық, тілектестік қарым-қатынас, талап қоюшылық т.б. Мектеп директорлары өз ісіндегі жауапкершілік сезімді дамытады, ұжымшылдық, ізгілендіру принциптерін басшылыққа алады. Ол өзінің басқару әдістерінде ең алдымен қоғамның, халықтың мүддесін мектеп ұжымының қажеттігін қанағаттандыруды еске алады.

Мектептің іс-әрекетін басқару әдістерін үйлесімді етіп шеберлікпен пайдалану жұмысты басқарудың стилін анықтайды.



Басқару стилі - бұл жеке адамдарға және ұжымға әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

Стиль объективтік және субъективтік факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады.

Объективтік фактор – ұжымның ұйымшылдығы, іс қабілеті, басты міндеттерді шеше білуі, ұжым мүшелерінің сауаттылығы және сапалық деңгейі.

Субъективтік фактор - мектеп басшысының жеке басының қасиеттері.

Әлеуметтік психология және мектепті басқару теориясына сүйеніп, басқару стилінің үш түрін атауға болады : өктемдік стиль, демократиялық стиль, ымырашылдық стиль.

Өктемдік стиль - бұл әкімдікке құмар, шексіз билеуге, құрғақ беделге ие болу, басшының ролін көтеру, ұжымының мүмкіншіліктерін бағаламау. Мұндай басшы қарамағындағы қызметкерлерімен құрғақ ресми сөйлеседі, сынды көтермейді, өз пікірін зорлап міндеттейді.

Демократиялық стиль - бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарларымен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіруді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерінің қатысуымен мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдер қабылдайды.

Ымырашылдық стиль - мектеп басшысының өз қызметіне жауапкершілігінің төмендігі, кемшіліктерді көрсе де, көрмеген болуы.
Практикалық тапсырмалар:

1. «Егер мен директор болсам...» деген тақырыпта шығарма жазу.

2. Ұсынылған педситуацияларды шешу.


  1. Бағалау ситуациясы

Қоңырау соғылды. Сабақ басталды. Мұғалім сабақ өткізіп жатыр. Бір кезде класқа мектеп директоры кірді де, мұғалімнен кеше мектептің педагогикалық кеңесіне неге келмегенін, оның себептерін ежелеп сұрай бастады. Мұғалімде үн жоқ.

Сұрақтар:

  1. Мұғалім мұндай жағдайда не істеуі керек? Жағдайдан қалай шығуы керек?

  2. Директор дұрыс істеді ме?

  3. Директордың орнында болсаңыз, сіз не істер едіңіз?

2. Бағалау ситуациясы

Мектеп директоры өзінің жұмыс практикасында үнемі, сабақ басталарда, мұғалімдердің жоспарларын тексеретін болған. Осындай тексерістердің бірінде, бір мұғалімді жоспары болмағандықтан, екінші мұғалімді жоспары болғанымен, сабаққа қажетті құралдарды әзірлемегендіктен, сабаққа жібермеген.

Сұрақтар:


  1. Директор дұрыс істеді ме?

  2. Ол осылай жасауға құқылы ма?

  3. Сіз директордың орнында болсаңыз , не істер едіңіз?

3. Жаттығу ситуациясы

Оқу жылы басталарда ауырлау 4-сынып мұғалімсіз қалды. Директор бұл сыныпқа 1-сыныпты қабылдамақшы болған тәжірибелі мұғалімді жібергісі келеді, ал оның орнына педучилищені бітіріп келген жас маманды қоймақ..

Сұрақ:

Осындай шешім қабылдау үшін, сіздің ойыңызша, директор қандай жағдайларды ескеруі тиіс?



4. Проблемалық ситуация

Сіз директорсыз. Сіз бір мұғалімнің сәтсіз сабағына қатыстыңыз. Бұл мұғалім беделді адам болатын. Облыста, ауданда оны мақтайтын, ол өзі де осыған мәз болып жүретін.

Сұрақ:

Мұғалімнің сәтсіз сабағын қалай талдар едіңіз?



5. Проблемалық ситуация.

Сіз мектеп директорысыз. Коллективіңізде балаларға жан-жақты білім, іскерлік, дағды беру жөніндегі өз міндетін атқара алмайтын мұғалім бар.

Сұрақ:

Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Мектеп директорына кімді тағайындайды?

  2. Мектеп директорына қандай талаптар қойылады?


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Сухомлинский В.А. Мектептің жас директорларымен сырласу. А. 1987

5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.


Лекция №4

Тақырыбы. Мектеп жұмысын жоспарлау
Мақсаты: мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарымен жоспардың құрылымымен таныстыру.
Жоспар:

1. Жоспарлаудың маңызы

2. Жоспарлаудың түрлері. және құрылымы

3. Жоспарлауға қойылатын талаптар


Негізгі ұғымдар: жоспарлау, жылдық жоспар, жоспардың құрылымы.
Мектеп жұмысын жақсарту және оны жетілдіру оқу-тәрбие процесін дұрыс ғылыми – педагогикалық негізінде жоспарлай білуге байланысты. Мектеп жұмысын директор жоспарлайды.

Мектеп жұмысын жоспарлаудың мынандай тиімді жолдары бар:

- арнайы топ құрайды, оның құрамына тәжірибелі мұғалімдер, сынып жетекшілері, әдістемелік бірлестіктердің, проблемалық топтардың, психология-педагогикалық семинардың жетекшілері, кабинет меңгерушілері кіреді. Олар директордың басшылығымен жұмысты өзара бөліседі, жоспардың әрбір бөлімі бойынша жазған және жинақтаған материалдарды тамыз айында мектеп директорына тапсырады. Ол оқу-тәрбие жұмысы салаларындағы орынбасарларымен материалды тексереді, жинақтайды, зерттейді. Осының негізінде мектеп жоспарын жасайды. Жоспарды жаңа оқу жылының бірінші педагогикалық кеңесінде талқыға салып бекітеді.

Жылдық оқу-тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы:

1. Кіріспе - өткен оқу жылындағы мектеп жұмысына қысқаша талдау жасау, негізгі жетістіктерді, олардың себептерін көрсету.

2. Жаңа оқу жылына қойылатын міндеттерді өткен оқу жылының нәтижелеріне сәйкес анықтау.

3. Жоспардың негізгі бөлімдері, олардың мазмұны.


Практикалық тапсырмалар:

Мектептің жұмыс жоспарының үлгісін құрыңыз. Оған талдау жасаңыз.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:

Жоспар дегеніміз:

А) жұмыстың орындалу мерзімі мен бірізділігі алдын

ала жобаланып көрсетілген іс-шаралардың жүйесі

В) оқу-тәрбие жұмысы мен міндеттері мен жұмыстың

формалары

С) мектептің негізгі міндеттері мен жұмыстың

формалары

D) әрекет түрлері мен жұмыстың формалары

Е) оқу-тәрбие процесіне талдау жасау


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Педагогикалық басшылық //Бастауыш мектеп, №3, 1987

5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.



Лекция №5

Тақырыбы: Мектептегі әдістемелік жұмыстар
Мақсаты: мектептегі әдістемелік жұмыстардың формалары мен олардың қызметі туралы мағлүмат беру.
Жоспар

  1. Әдістемелік жұмыстың дербес формасы

  2. Әдістемелік жұмыстың ұжымдық формалары


Негізгі ұғымдар: педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, әдістемелік пән бірлестігі, педагогикалық-психологиялық семинар.
1. Мектепте мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дербес және ұжымдық формалары пайдаланылады.

Дербес формалары:

а) педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды;

ә) әдістемелік ұсынбалар, оқу құралдарын жасау, конференцияларға қатысу;

б) пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу;



Ұжымдық формалар:

а) педагогикалық кеңес;

ә) әдістемелік кеңес;

б) мұғалімдердің әдістемелік пән бірлестігі;

в) сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі;

г) кіші шығармашылық топтар;

д) пед-психологиялық семинарлар;

е) ғылыми-практикалық конференциялар;

ж) педагогикалық оқулар;
Практикалық тапсырмалар:

Педпрактика барысында мектептің әдістемелік кеңесіне қатысыңыз. Қандай мәселелер қаралғанын, шешімдердің орындалуы қалай бақыланғанын күнделікке жазу.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:

І. Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеру

А) оқушылар комитетінің функциясы

В) мектеп кеңесінің функциясы

С) әдістемелік кеңестің функциясы

D) ата-аналар комитетінің функциясы

Е) педагогикалық кеңестің функциясы



ІІ. Педагогикалық процестің даму стратегиясын ғылыми негізде басқарудың коллегиялық органы

А) мектептің педагогикалық кеңесі

В) мемлекеттік стандарт

С) жиналыс

D) мектептің әдіскері

Е) пән бірлестіктері



ІІІ. Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формасына жатпайды:

А) проблемалық семинар

В) Әдістемелік кеңес

С) Әдістемелік күн

Д) Пәндік-әдістемелік бірлестік

Е) Мектеп кеңесі



ІҮ. Мұғалімдердің теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған әдістемелік жұмыс формасы:

А) проблемалық семинар және практикум

В) әдістемелік кеңес

С) әдістемелік күн

D) жас мұғалім мектебі

Е) пәндік-әдістемелік бірлестік



Ү. Схеманы пайдаланып мектепті басқару жүйесіне сипаттама беріңіз:

Білім және ғылым министрлігі

Облыстық білім департаменті


Аудандық (қалалық) білім департаменті


Мектеп


М


ектеп кеңесі
Д
иректор Пед. кеңес Оқушылар кеңесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет