Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Тұлға адамгершілік дамуында қандай кезеңдерден өтеді? Сипаттама
беріңіз.
2. Адамгершілік тəрбиенің міндеттері қандай? Сол міндеттердің
шешілуіне қандай тəрбие əдістерін ұсынар едіңіз?
3. «Ішкі бақылау», «адамгершілік
,
тəрбиелілік» түсініктерінің
мазмұнын ашыңыз.
1- тапсырма. Әбу Насыр Әл
-
Фарабидің «Адамға ең əуелі білім емес,
тəрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім
-
адамзаттың қас жауы. Ол
келешекте оның барлық өміріне апат əкеледі» деген пікіріне түсініктеме
беріңіз, өзіңіздің позицияңызды айтыңыз.
2- тапсырма. Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев,
А.Байтұрсыновтың
адамгершілік принциптері мен ережелерін салыстырыңыз. Өзіңіздің
10
адамгершілік ережеңізді ұсыныңыз.
3- тапсырма. Өзіңді танып біл! Ертегіден үзінді: «Баяғыда бір батыр
өзіне өмірлік жар таңдау үшін жолға шығыпты. Бір кезде батыр үш жолдың
торабына келіп жетіпті. Жолдардың тоғысқан жерінде тасқа мынадай сөздер
жазылыпты: «Солға жүрсең
–
атыңды жоғалтасың! Оңға жүрсең
–
өзіңді
жоғалтасың! Тура жүрсең ештеңеде таппайсың!»
Сұрақ:
-
Сіз батырдың орнында болсаңыз, қай жолды таңдар едіңіз?
Жауапты дəптеріңе жазып ал.
Ендігі кезекте келесі мəліметпен танысыңыз: «Сол жақтағы атын
жоғалтатын жолды таңдағандар
–
прагматиктер, өз мақсаттарына аз шығын
жұмсап жеткенді қалайды, əр қадамын ойланып басатын сақ адамдар, алайда
жанкештілікке жəне құрбандыққа жол бере алмайды. Оң жаққа бұрылып,
өзін жоғалтудан қорықпағандар
–
жаңалықты, жаңғыруды көксегендер, олар
белгісіздіктен тайсалмайтын нағыз батырлар. Ал тура жүргендер
–
өмірде
нақты ұстанымдары мен позициялары бар адамдар, олар өз мақсаттарына
тура жолмен жетуді қалайды».