109
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамның рухани
-
адамгершілік ортасы оның өзін
-
өзі дамыту мен кəсіби
өзін
-
өзі дамытудың негізін құрайды. Адамгершілік
-
мұғалім ақыл
-
ойының,
жəне шығармашылық əлеуетінің іргетасы,
оны өзін
-
өзі дамытатын, өзін
-
өзі
қамтамасыз ететін тұлға ретінде қалыптастырады. Мұғалімнің рухани
-
адамгершілік мəдениеті қаншалықты педагогикалық шеберлікке ие болса да,
ешқашан аяқталмайды. Себебі, рухани
-
адамгершілік мəдениет
–
ең алдымен
үздіксіз өзін
-
өзі жетілдіру жəне өзін
-
өзі дамыту мəдениеті.
Өзін
-
өзі
тану мұғалімі, ең алдымен, өзін
-
өзі тануға, өзін
-
өзі жүзеге
асыруға, өзін
-
өзі анықтауға қабілетті, оқушыларын қалай тəрбиелегісі келсе,
өзі де солай болуға ұмтылатын педагог.
Егер де болашақ маман «Педагогикалық этиканың» негізгі идеясын
саналы түрде
қабылдап, жүзеге асырып жатса, онда біз алға қойған
міндетімзді шештік деп санаймыз.
Біздің
ойымызша, болашақта заман талабына сай этикалық білім
кеңейе түседі, түрленеді əрі тереңдетіледі.
Қазақстанның
болашағы
азаматтарының
рухани
-
адамгершілік
мəдениетіне байланысты. Осыған байланысты əр мұғалім өзінің рухани жəне
моральдық өзін
-
өзі дамытуға бағытталған жəне оқушыларының рухани
-
адамгершілік мəдениетін дамытуға бағытталған күш
-
жігердің
ауқымды
жұмыс екенін үнемі есте ұстауы керек, өйткені, бұл біздің өмірімізді
жақсартудың негізгі жүйелік қағидаты болып табылады
.