103
7.1-
кесте
Педагог тұлғасының кəсіптік
-
маңызды қасиеттері
(В.И. Журавлевтің жіктеуі бойынша)
Интеллектуалдық
өлшемдер
Дүниетанымдық
бағыт
Психотипологиялық
қасиеттер
Экстраверттік
қасиеттер
-
жазбаша жəне
ауызша сөйлеу;
-
өзін
-
өзі
жетілдіруге
дайындығы;
-
өзіне сын көзбен
қарау, сабырлық;
-
есте сақтауы
жоғары, эрудиция.
-
балалармен
жұмыс жасауға
деген ынтасы;
-
мамандыққа деген
сүйіспеншілігі;
-
адалдық, мінездің
беріктігі;
-
кəсіби
ұстанымның
болуы.
-
ерік,
беріктік;
-
байқампаздық;
-
ұстанымдылық,
өзін
-
өзі реттей алу;
-
салмақтылық,
тұрақтылық;
-
шыдамдылық.
-
альтуризм,
мейірімділк,
коммуникативтілік;
-
нəзіктік,
қайырымдылық;
-
əділдік, оқушыға
деген құрмет;
-
эмпатия.
Мейірімділік, түсіністік, нəзіктік, оқушыны жəне
басқаларды
құрметтеу сияқты қасиеттерді таңдау мұғалімнің моральдық сезім саласына
назар аударады. Эмоционалдық тіршілік жəне мұғалімнің моральдық
сезімінің мəдениеті оның моральдық деңгейін көрсетеді жəне тəрбиелеудің
ең маңызды құралы болып табылады.
Психологиялық сипаты бойынша,
сезімдер адамның ақыл
-
ойы бойынша əртүрлі жағдайларда оның аффективті
-
ерікті реакцияларының негізін құрайтын тұрақты рефлекторлық құрылымдар
болып табылады. Мұғалім шеберлігінің көрсеткіштері мынадай:
-
баланың сезіміне, оның пікір
-
ойына қызығушылық білдіру;
-
əрбір бала бойындағы ерекшелікті байқау жəне оны аша алу;
баланы тыңдай алу;
-
оқушының өз өмірін ұйымдастыра алуына сенім білдіру;
-
балаға еркіндік беру, тұрақты қамқорлықтан арылту;
-
мейірімді жəне əділ болу;
-
баланың қабілетінің ашылуын күту, шыдамдылық көрсету;
-
балаларға мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен қарау;
тұйық, əлсіз балаға балаларды айыптамау қолдау көрсету.
Профессиограмма
-
мұғалімнің, оқытушының,
сынып жетекшісінің,
педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі
.
Қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тəжірибе
жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге
бөліп қарастыруға болады:
-
жалпы адамзаттық қасиеттері;
-
кəсіби
-
педагогикалық касиетгері;
-
арнайы пəн бойынша білім, білік, дағдылары.
Болашақ мұғалімнің адамгершілік бағдарлау міндеті тек педагогикалық
əдістемелер мен педагогикалық шеберліктің теориялықжəне
практикалық
курстар көмегімен ғана шешілмейді. Болашақ мұғалімнің адамгершілік
бағдарлау міндеті қабылдаумүмкіндіктерін
(есте сақтау, эмоциялық сезім,
104
балалық шақта қоршаған орта шындығын қабылдау реакциясы)
белсендендіретін əдістемелер негізінде шешілуі мүмкін. Педагогикалық
этика болашақ мұғалімнің оқушыға деген жағымды адамгершілік сезімдерін
қалыптастыруға ықпал етеді. Тəрбиелеу
ұстанымдары студент өзінің
жағымды қасиеттерін сезінуін қамтамасыз ететін əдістемелерді қажет етеді.
Тұлғаның адамгершілік бағдарлау міндеттері:
-
эмоциялық бағалау негізінде адамгершілік таңдау қабілетін дамыту
(балаға деген мейірімді түсіну);
-
өзара көмек көрсету қажеттілігін қалыптастыру (балаға көмек
көрсету, тренингтер жүйесі);
-
қарым
-
қатынаста теңдік сезіміне деген əдетін тəрбиелеу (балаға деген
құрмет).
Достарыңызбен бөлісу: