З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет13/84
Дата03.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#167355
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84
Байланысты:
З.С.Алканова

Еңбектің ұжымдық сипаты
-
егер басқа кəсіптегі «адам
-
адам» 
топтары кəсіптің өкілінің əрекеттері болатын болса (сатушы, дəрігер, 
кітапханашы), ал педагогикалық кəсіпте əр педагогтың, отбасының жəне де 
басқа да субъектінің дұрыс білім алуындағы еңбегін бөліп алып қарау мүмкін 
емес.
Педагогикалық кəсіптің ұжымдық бастамасын заңды түрде мойындаған 
сайын педагогикалық қызметтің бірлескен субъектісі түсінігі сөзі жиі 
қолданылып келеді. Бірлескен субъект ретінде толығымен мектептің немесе 
басқа да білім беру орнының педагогикалық ұжымы екені түсіндірілсе, ал тар 
мағынада 
-
оқушылар тобына немесе жеке оқушыға қатысы бар педагогтар 
екені түсіндіріледі. 
Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар: 
1.
Мұғалімдік мамандықтың ерекшелігі жайлы ғылыми
-
педагогикалық
түсініктерді кестеге салыңыз. 
2.
«Мен неге мұғалімдік мамандықты таңдадым?», «Педагогтық
қызметтің ерекшелігі» тақырыптарында педагогикалық шығарма жазыңыз. 
1-
тапсырма.
Ақпараттық жоба: «Өзін
-
өзі тану пəні мұғаліміне
қойылатын талаптар
».
2-
тапсырма.
«Гуманизм» сөзіне диаманта жазыңыздар. Диаманта 

жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші жəне соңғы жолдары қарама
-
қарсы 
мəнде болуы қажет. Мағыналары қарама
-
қарсы түсініктермен жұмыс 
істегенде пайдалы.
1,7-
жолдары 
-
антоним
-
зат есімдер
2 -
бірінші зат есімге екі сын есім
3 -
бірінші зат есімге үш етістік
4 -
зат есімді екі сөз тіркесі
5 -
екінші зат есімге үш етістік
6 -
екінші зат есімге екі сын есім
3-
тапсырма.
Әр студент өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің
бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Әрқайсысы 
өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді. 
4-
тапсырма. 
Әрбір қатысушы өзінің есімхатын дайындайды. Тек өзінің
атынан басқасының барлығын жазуға жəне салуға болады. Тапсырманы 
орындауға бес минут уақыт беріледі. Содан кейін жүргізуші барлық 
есімхатты жинап алады да, топқа көрсетеді, ал топтағылар есімхаттың кімдікі 
екендерін анықтаулары керек.
Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола 
алады:


22
-
Авторды табуға не көмектесті?
-
Сіз өз есімхатыңызда қандай сəтті бейнеледіңіз?
-
Мен 
-
адамзатқа сыйлықпын.
-
Әрқайсымыз өз мүмкіндігімізге сенуіміз керек, əсіресе басшыға.
Бірінші кезеңде əрбір қатысушыға ол неліктен адамзатқа сыйлық
екендігін түсіндіріп жазу үшін бір минут уақыт береді. Екінші кезеңде, олар 
үш, төрт адамнан топқа бірігеді, əрбір топ өзінің жауаптарын дəлелдеп 
қорғайды жəне қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. Бұған бес, алты 
минут уақыт бөлінеді. 
Қатысушы топтардың орындауына қарай терең жауап беруіне жəне 
сараптамалардың қорытындыларының маңыздылығына қарай орын бөледі.
Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола 
алады:
-
Сіз жаттығуды орындағаннан кейін не сезінесіз?
-
Сіз өз мүмкіндіктеріңізді сезіне алдыңыз ба?
-
Сіз өз қабілеттілігіңіз бен мүмкіндігіңізді қаншалықты терең бағалай
аласыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет