З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет10/84
Дата03.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#167355
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84
Байланысты:
З.С.Алканова

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Этикалық категориялардың қазіргі қоғамдағы мəні мен мазмұнына өз
пікіріңізді білдіріңіз.
2. Өзін
-
өзі жетілдіруде этика категорияларының маңызы жайлы
жұптық талдау жасаңыз. 
3. Этиканың негізгі категорияларының мазмұнына арналған эссе
жазыңыз.
1-
тапсырма.
Белгілі бір уақыт ішінде оқыған əдеби шығармалар
кейіпкерлері туралы кестені толтыру. 
Шығарма 
атауы
Авторы Кейіпкері Қандай? Қандай 
жағымды 
қасиеттері 
мен 
қылықтары 
ұнайды?
Кейіпкерге 
ұқсағың келе 
ме, жоқ па? 
Себебін 
түсіндір.
2-
тапсырма.
«Әдемі ойлай жəне демала біл». Толқыған кезде, асықпай
дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді 
жұмыңдар, терең дем алыңдар:
-
Ойша: «Мен арыстанмын»,
-
деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
-
Дауыстап: «Мен құспын»,
-
деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
-
Дауыстап: «Мен гүлмін»,
-
деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
-
Дауыстап: «Мен сабырлымын»,
-
деп деміңді шығар.
Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бəрі келеді!
1.4.
Қолданбалы этикалық білімдер жүйесіндегі кəсіби этика
Қолданбалы этика 
-
бұл практикалық моральдық мəселелерді
зерттейтін кəсіби этика саласы. Қолданбалы этика дегеніміз 
-
адамдардың 
өмірінің белгілі бір саласында жəне белгілі бір жағдайларда белгілі бір мінез
-
құлықты үйретудің практикалық функциясын орындайтын нормалар мен 
ережелер жиынтығы. Қолданбалы этика Батыс Еуропа жəне АҚШ елдерінде 
20 ғасырдың соңғы онжылдықтарында құрылды. Қолданбалы этиканың 
мақсаты 
-
бұл пəнді басқа қолданбалы пəндермен 
-
қолданбалы лингвистика, 
қолданбалы математика, қолданбалы физикамен байланыстыру.
Әдетте, қолданбалы этика зерттейтін мəселелер екі немесе одан да көп 
баламалы жəне негізделген шешімдері бар моральдық дилемма (екі 
мүмкіндіктен таңдау қажеттілігі) түрінде болады.
Зерттеушілер А. А. Хусейнов жəне Л. В. Коновалова қолданбалы 
этиканы философия ғылымы ретінде этика дамуындағы жаңа кезең деп 
санайды. Қолданбалы этиканың пайда болуы бірнеше себептерге 
байланысты. Олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:


15
-
қоғам өмірінің құндылығы мен этикаға қатысты ізгілендіру туралы
қоғамның хабардар болуы, яғни оның əлеуметтік жəне саяси мəселелерден 
алшақтап, адамгершілікке бейімделу жəне əр адам үшін маңызды 
мəселелерге бет бұру;
-
ғылымның қарқынды дамуына байланысты адам күшінің өсуі жəне
адамзаттың табиғатқа тұтынушылық қатынасының зияндылығы туралы 
сұрақтарға жүгіну;
-
адам геномына араласудың орындылығын талқылау;
-
əлем елдерінің бай жəне өте кедей болып бөлінуі, азғындық.
ХХ ғасырдағы білімнің тұрақты өсуі жəне технологияның дамуы
адамның санасына ерекше өзгерістер əкелді. Нақты дерексіз 
тұжырымдамаларды сенімді моральдық қағидаттарға айналдырып
көзқарастар белгілі бір координаталар жүйесінде өзгере бастады. Ғылым мен 
техникадағы прогресс түбегейлі өзгеріп, адамның өмір сүру дағдысы өзінің
қоршаған ортасын өзгертуге ықпал етті. Классикалық этикалық 
тұжырымдамаларды қайта қарастырудан ғылыми
-
техникалық прогрестің 
салдарын объективті бағалауға жəне жаңа моральдық қағидаларды жасауға 
мүмкіндік беретін жаңашылдықты қалыптастыру қажеттілігі туындады. 
Осылайша этика теориялық ғылымнан
қолданбалыға 
айналды, сонымен 
қатар қолданбалы этиканың кейбір түрлері пайда болды. Олар: биоэтика, 
экологиялық этика, іскерлік этика, ғылым этикасы, саяси этика т.б.
Қолданбалы этика мəртебесін анықтайтын төрт позиция бар:
1.
Этикалық теорияны практикалық қолдану
.
2.
Қазіргі кəсіби этика.
3.
Практикалық моральдық мəселелердің ерекше түрінің үйлесімі.
4. Қоғамның моральдық теориясы мен моральдық практикасының
үйлесімімен сипатталатын этика дамуындағы жаңа кезең.
Қолданбалы жəне кəсіби этика арасындағы айырмашылық мынада: 
кəсіби этика мамандыққа қатысты негізгі моральдық қасиеттерді 
нақтылайды, қолданбалы этика нақты моральдық жағдайларға назар 
аударады.
Қолданбалы этика мен кəсіби этика өзара тығыз байланысты. 
Мұғалімнің кəсіби этикасына педагогикалық этиканың негізгі қағидаттарын 
жатқызуға болады
:
1)
Адалдық
Педагог адалдығы олардың оқыту мен тəрбиелеу нəтижесіне, өз
қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға жəне рефлексияға 
қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата
-
аналардың, əріптестердің кез келген 
пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;
2) Әділдік
Педагог əділдігі оның бағалау қызметінің ашықтығын, олардың
құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке 
оқушының, оның ата
-
анасының (заңды өкілдерінің), əріптестерінің құқығын 
бұзуға тыйым салады;


16
3) Өзінің абыройын және қадір
-
қасиетін құрметтеу
Педагог өзінің кəсіби назарындағы объектілер болып табылатын
оқушының, ата
-
ананың, адамдардың абыройы мен қадір
-
қасиетін 
құрметтейді, олармен қарым
-
қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын 
шынымен қалап, оған əрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, 
білімалушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда əдептілік танытады.
Білім беру процесінің қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық 
жəне психикалық қысым жасау əдістерін қолдануға мүлдем жол бермейді;
4) Жалпы адами құндылықтарды құрметтеу
Педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай
отырып, əрбір ұлт мəдениетін ерекшелігіне, құндылығына жəне қадір
-
қасиетіне құрметпен қарайды. 
Педагог 
ұлтаралық 
қатынастар 
мəдениетін 
тəрбиелейді, 
білімалушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, 
азаматтығына, шығу тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік 
жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар 
мен барлық адамдардың құқығы мен қадір
-
қасиетін құрметтеуге үйретеді;
Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру жəне құрметтеу ахуалын 
жасауға мүмкіндік туғызады;
5) Кәсіби ынтымақтастық
Педагог мамандығының мəртебесі туралы ойлайды, əріптестерінің
абыройын жəне қадір
-
қасиетін құрметтейді, мұғалім беделіне нұқсан 
келтіретін іс
-
əрекеттерге жол бермейді. 
Педагог, қандай да бір дұрыс емес нəрселерді жасауға, өз 
əріптестерінің сеніміне нұқсан келтіруге, олардың кəсіби міндеттерін 
атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол 
бермейді. Педагог өз əріптестерінің теориялық жəне əдістемелік шеберлік 
деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға, қиын жағдайға тап 
болған əріптестеріне көмек беруге жəрдем көрсетеді. Кəсіби 
ынтымақтастық жалғандық пен əділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;
6) Үздіксіз кәсіби даму
Педагог өзінің кəсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық жəне
жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет