З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Педагогикалық əдептің негізгі нормалары



Pdf көрінісі
бет11/84
Дата03.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#167355
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84
Байланысты:
З.С.Алканова

Педагогикалық əдептің негізгі нормалары
.
Педагог қызметкер өз қызметінде:
1) білімалушылар мен тəрбиеленушілерді ата
-
аналарына, этномəдени
құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған əлемге ұқыпты қарауға, жоғары 
адамгершілік тұрғыда тəрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының
беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс
-
əрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал жəне сапалы орындайды;
4) өзінің кəсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу
жəне өзін
-
өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбек тəртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды жəне оны жеке


17
мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды
,
өзінің шыншыл, адал жəне əділ мінез
-
құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік жəне өзге де жеке
мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты жəне жағымды моральдық
-
психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім
үлгісінде болады.
7. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым
-
қатынас жасауда
педагог қызметкер:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу
тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайларына немесе кез 
келген өзге де мəн
-
жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен 
қадір
-
қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық жəне өзге
де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз əріптестері тарапынан осындай іс
-
əрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс
-
əрекетімен қоғам тарапынан дəлелді сындарға жол бермейді,
оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кəсіби қызметіндегі кемшіліктерді 
жою жəне оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кəсіби қолдау көрсетеді.
8. Әріптестермен қарым
-
қатынас жасауда педагог қызметкер:
1)
жалпы қабылданған адамгершілік
-
əдептілік нормаларын,
сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагог қызметкердің кəсіби біліктілігіне көпшілік алдында
күмəн келтірмейді [
7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет