26
кеңесінің мүшелері. Қалғандары басқа орындарға үміткерлер. Әр қатысушы
сол орынға лайық екенін көрсету керек. Кеңес əр
маманды ұқыптылықпен
тыңдайды. Барлық үміткерлерге арнайы тапсырмалар жазылған үлестірме
қағаздары таратылады. Үлестірме қағаздарының нұсқалары: жас натуралист,
кітапханашы, спортшы
,
сықақшы
,
ақылды
,
еңбекқор
,
озат
,
үлгермеуші
,
қайырымды
,
бұзақы
,
жолы болмайтын
,
ұсақ ұры, былжырақ
,
мамасының
баласы, жалқау
,
мақтаншақ жігіт
,
арамтамақ
,
фотомодель
,
қырсық, сəнқой.
Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола
алады:
-
Сізге берілген рөлді орындау оңай болды ма?
-
Сіз сол орынға лайық болу үшін қандай əдісті қолдандыңыз?
-
Кеңес үміткерлерді қандай қасиеттеріне қарап алды?
2.4. Заманауи педагогтың адамгершілік санасы
Адамгершілік
-
адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік
бесігіне бөлейтін руханият дəуіріне жаңа қадам болып табылады.
Адамгершілік тəрбиесінің нəтижесі
-
адамдық тəрбие.
Ол тұлғаның қоғамдық
бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым
-
қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты
белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез
-
құлқы, іс
-
əрекеті, қарым
-
қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру
-
ата
-
ана мен
ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға
қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,
-
дейді. Демек,
шəкіртке жан
-
жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл
қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік
көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Адам
-
ең əуелі
адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мəдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым
-
қатынаста
болады.
Бүгінгі ұстаз шəкіртіне мəлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік
білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бəсеке жағдайында
өмір сүруге тəрбиелеу керек. Сондықтан болашақ педагогтарда қарқынды
өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кəсіби дамуға дайын болатындай
сана қалыптасуы тиіс. Сонымен қатар, оқушыларының
бойында өз бетімен
білім алу, өзін
-
өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен
тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын,
сандық технологияларда құзырлылық танытатын қасиеттерін де
қалыптастыра алатындай қабілет болуы талап етіледі. Осыған орай заманауи
педагогтың кəсіби
-
адамгершілік сана
-
сезімі де жаңаруы тиіс. Сана
-
психиканың жоғары формасы болғандықтан, адамгершілік сана педагогтың
психологиялық таным процестерінің дамуымен тікелей байланысты.
Сондықтан болашақ педагог өзін
-
өзі үнемі жетілдіріп, кəсіби этиканы
сақтай отырып,
адамгершілік мінез
-
құлық нормаларын дамытуы қажет.
Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда
27
мұғалімде
-
озық техникалық, электрондық құралдарды, компьютерді жетік
білетін өз пəнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл жəне ұлтының
кемеліне
келіп толысуына, рухани өсуіне, əдеби
-
мəдени дамуына басты
ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек.
Енді осыған сəйкес заманауи педагогқа қойылатын талаптарға тоқтала
кетейік:
1) мұғалім
-
жеке көзқарасы бар жəне соны қорғай білетін жігерлі тұлға
болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.
Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нəтижеге қол
жеткізе алады. Ондай мұғалім əрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық
ар
-
ожданын үнемі қорғай алады.
2) педагогикалық, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар,
сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Мұғалім
қай пəннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің əр
саласына қатысты кез
келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
3) өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір
түпкі нəтижеге қол жеткізе алмайды. Сондықтан өзіндік ізденіс пен
шығармашылыққа баулитын құзыреттілігі болуы шарт.
4)
бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтары жан
-
жақты дамыған
жəне оның маңызын түсінетін, ой, сөз, іс бірлігін қатар ұстанып дұрыс əрекет
құндылығы негізінде жағымды қарым
-
қатынас орната алатын, адамның бүкіл
əлемге қиянат жасамай нағыз адам болып қалыптасуына көмектесетін
педагог болуы қажет.
5) мұғалімнің
ең бастысы адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы
жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тəрбиесіне негіз етіп алуы
маңызды. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет
ететін тұлғаға айналуы қажет
[12].
Достарыңызбен бөлісу: