33
олардың жеткіліктілігі;
-
жарияланымның көмекші аппаратын ресімдеудің дұрыстығы мен
толықтығы.
Жарияланымдарға авторлық ету.
Ғылыми этикада «құрметті»
авторлыққа және авторлар тізімін қалыптастыру кезінде жарияланымды
жасауға қосқан нақты үлесінен басқа, олардың қандай да бір басқа дәлелдерін
назарға алуға жол берілмейді. Этикалық нормаларға сәйкес авторлар тізімінде
бірінші орынды, әдетте, жарияланымның нағыз көшбасшысы идея авторы
немесе жұмыстың көп бөлігін орындаған қызметкер алады.
Бұдан әрі
авторлардың тізімі жарияланымға қосқан үлесінің азаю тәртібімен жүргізіле
береді. Әдетте, соңғы болып осы ғылыми жұмысқа жетекшілік еткен және
зерттеулер жүргізу үшін «қаражат көзін» тапқан топ жетекшісінің аты-жөні
тұрады. Авторлардың аты-жөні алфавиттік ретпен орналастыру дұрыс емес,
өйткені бұл осы жұмысқа өз үлестерін қосқан бірлескен авторлардың
әрқайсысының үлесін дұрыс бағаламау болып табылады. Авторлардың
кезектілігін анықтауда әрбір автордың үлесі мен жауапкершілігі аясын (идея,
бастапқы
деректер, математикалық өңдеу, қолжазбаны дайындау және т.б.)
ескерген абзал. Авторлардың мұндай үлесі мақаланың әр бөлімінде (кіріспе
мәтінінде, зерттеу материалдары мен әдістерін сипаттайтын бөлімдерде)
болуы мүмкін. Барлық тең құқылы авторлар міндетті түрде мақаланың
жариялануына өз келісімдерін беруі тиіс. Мысалы, журнал редакциясына
жіберілетін мақаланың соңғы бетіне барлық авторлар қол қоюы керек.
Мақаланы жариялау орнын таңдау.
Егер ірі ғылыми жаңалық жасалса,
жариялау орнын таңдау мәселесі ерекше маңызды болып табылады. Егер
ғылыми нәтижелер осындай мәселелер бойынша жұмыс жасайтын мамандарға
қолжетімді көздерде немесе журналдарда жарияланса, онда бұл жақсы нәтиже
береді. Ал, егер мұндай маңызды жаңалық туралы жарияланымның
сипаттамасы конференция материалдарының 100 данадан ғана тұратын
жинағында таралса, онда бұл мәліметтің таралуына кері әсерін тигізеді. Егер
ғылымға елеулі үлес қосуына үміткер нәтижелерді
сол бағыттағы емес
басылымдарда жарияласа, онда болашақта оның басымдылығын дәлелдеуде
мәселелер тууы мүмкін. Беделді басылымдардың редакциялары қолжазба
(мақала) басылымның бағытына және деңгейіне сәйкес келетінін мұқият
тексереді.
Барлық фактілер мен ұсынымдарға толық жауап беру.
Мақаланың
авторлары ұсынылған нәтижелердің ғылыми растығы үшін толық жауап
береді. Рецензияланған (сын-пікір берілген) мақалалар үшін жауапкершіліктің
жартысы сол сын-пікірді берген рецензентке түседі,
бірақ авторлардың
жауапкершілігі мұнымен азайып қалмайды. Сұрақтың нәтижелерін растайтын
кез келген деректерді жарияланымның авторлары беруі тиіс. Бұл авторлардың
жеке мәліметтеріне де, басқа зерттеушілердің нақты мәліметтері мен
қорытындыларына да қатысты. Сондықтан жұмысты жазу кезінде
әдебиеттермен егжей-тегжейлі және терең танысу қажет.
34
Жарыққа шығарылатын барлық фактілер мен нәтижелерге толық
жауап беруде кездесетін қателіктерді болдырмау үшін:
-
мақаланы жазар алдында осы зерттеу мәселесі бойынша ақпараттың
барынша
кең ауқымын мұқият талдау;
-
мәселені зерделеу кезінде дереккөздердің дұрыстығын бағалау,
нәтижелердің шынайылық және нақты негізділік деңгейін, әдістемелік және
интерпретациялық қателердің болуын анықтау;
-
өз деректерін іріктеу, талдау және түсіндіру кезінде «сәтсіз»
эксперименттердің нәтижелерін мұқият талдау;
-
мақаланы жазу кезінде, мәселені
тұжырымдау және нәтижелерді
талқылау кезінде осы мақаланың нәтижелеріне қайшы келетін нәтижелері мен
қорытындылары бар әдеби деректерді керексіз тастамау да қажет.
Алғыс.
Ғылыми жұмыстың орындалуы мен мақаланың шығуына еңбек
сіңірген авторлардың тізімі әрдайым титулдық беттегі тізіммен шектеліп қала
бермейді. Әдетте, авторлардың тізіміне қосылмаған, бірақ алғыс білдіру керек
тұлғалар қатарына кеңес берген, жарияланбаған мәліметтер берген, зерттеулер
жүргізу кезінде техникалық жұмыстарды орындаған, ғылыми жұмыстарды
жүргізуді қамтамасыз еткен, қолжазбаларды оқу кезінде сыни ескертулер
айтқан және т.б. адамдар жатады. Сонымен қатар
қандай да бір қор немесе
ұйым зерттеу жұмыстарын қаржылық қолдауға көмек берсе, онда оларға
алғыс білдіру сілтеме түрінде келтірілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: