31
пароль қою, белгілі бір ақпаратты кодтау арқылы көрсету және т.б.
7. Қатысушыларды қорғау.
Зерттеу нысаны ретінде алынған
субъектілерге бейжай қарауға болмайды. Адамдардың өмірі мен құқықтарына
шектеу қойылмайтындай және бұзылмайтындай болуы керек. Оларға кедергі
келтіретін, ыңғайсыздық туындататын, қысым келтіретін және күйзелістің
туындауына түрткі болатын жайттардың болмайтындығына толық көз жеткізу
қажет.
8. Заңдылық.
Зерттеу жұмысы зерттеу жүргізілетін ғылыми мекемеде
бекітілген ережелер шеңберінде жүзеге асырылуы керек. Бұл ережелер мен
нормалар мемлекеттік заңдарды басшылыққа ала отырып жасалынады.
Зерттеу барысында бекітілген талаптар қатаң сақталуға тиіс.
Көп елдерде зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін арнайы этикалық
комиссияның рұқсаты талап етіледі. Рұқсат алу үшін өтініш, ғылыми
жұмыстың бағдарламасы және комиссия талап еткен өзге құжаттар
ұсынылады. Зерттеу бағдарламасында жоспары, мақсаты, міндеттері, зерттеу
әдісі, талдау түрлері, зерттеуге қатысушылар, ғылыми дәлелдемелер жан-
жақты түсіндіріліп беріледі. Сондай-ақ түрлі физикалық және психологиялық
қауіп-қатерлердің алдын алу жолдары баяндалады. Қажет болған жағдайда
комиссия мүшелері зерттеушіні кейбір этикалық мәселелерді талқылауға
шақыруы мүмкін.
Этикалық комитеттер Қазақстан Республикасында орналасқан әрбір
зерттеу жүргізетін немесе зерттеу жұмысына қатысы бар ұйымдарда міндетті
түрде құрылуы тиіс. Бұл комитеттердің шынайы жұмыс істеуіне және сапалы
әрі адами қасиеттерді жоғары қоя отырып жүргізілетін зерттеу жұмыстарының
артуына септігін тигізері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: