З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет13/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97
Байланысты:
Академ
Мектеп жасындагы балалардын тамак тануын уйымдастыру семинар
 
және анықтамалық
 
қызметтерді атқарады.
 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Терминологиялық түсіндірме сөздікті пайдалана отырып
мамандығыңызға байланысты 5 техникалық терминге анықтама беріңіз. 


25 
2-тапсырма. Синонимдер сөздігін пайдалана отырып, берілген сөздердің 
синонимдерін жазыңыз. 
№ 
Берілген сөздер 
Синонимдер 

Әдіс 

Дәлелдеу 

Даму

Кереғар

Пішіндес 
3-тапсырма. Мәтіндегі біртілді, екітілді, көптілді терминологиялық 
сөздіктерге сипаттама беріңіз. 
Біртілді терминологиялық сөздік 

 
терминдердің бір ғана тілдегі 
нұсқасы берілетін терминологиялық сөздік түрі. 
Екітілді терминологиялық сөздік 

 
терминдердің екі тілдегі сәйкес 
нұсқасы берілетін терминологиялық сөздік түрі. Терминологиялық сөздіктің 
осы түрі кең тараған. Бұл ұзақ жылдар бойы ғылым мен техниканың көптеген 
салаларында, негізінен, терминдердің орыс тілі арқылы немесе орыс тілінен 
тікелей аударылып алынуымен байланысты қалыптасқан жағдай. 
Көптілді терминологиялық сөздік 

 
терминдердің бірнеше тілдегі 
сәйкес нұсқасы қатар берілетін терминологиялық сөздік түрі. Мысалы,
ағылшынша-қазақша-орысша 
немесе 
орысша-қазақша-немісше 
т.б. терминдер 
сөздігі.
4-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, мәтінді 
кеңейтіңіз. 
Тіліміздегі барлық сөздер мен тұрақты тіркестерді жинап, оларды бір 
жүйеге келтіру жұмыстарымен айналысатын тіл білімінің саласын 
лексикография
деп атайды. Ол – сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасына 
үйрететін ғылым... 
5-тапсырма. «Сөздік – тарихи мәліметтердің қайнар көзі» деген Олжас 
Сүлейменовтің пікіріне өз ой-пікіріңізді білдіріңіз. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Лексикография дегеніміз не? 
2. Сөздіктер және олардың түрлері. Қолдану әдісі.
3. Түсіндірме сөздік.
4. Терминологиялық сөздік.
5. Энциклопедиялық сөздік.
6. Екітілді аударма сөздіктер.
7. Орфографиялық сөздік. Орфоэпиялық сөздік.


26 
8. Синонимдер сөздігі. 
 
 Біліміңізді тексеріңіз! 
1. Лексикография дегеніміз не? 
а) тілдегі сөздердің жиынтығы мен сөздік құрам 
b) әріп түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы 
с)
тілдің құрылымдық бөлігі 
d) сөздерді тізудің теориясын зерттейтін тіл білімінің саласы 
е) сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін сала 
2. Бізді қоршаған заттар мен әртүрлі құбылыстар жайлы жан-жақты 
түсінік беріп, түсіндіретін сөздіктер қалай аталады? 
а) Этимологиялық сөздік. Тарихи сөздік 
b) Түсіндірме сөздік. Аударма сөздік 
с) Терминдер сөздігі. Диалектологиялық сөздік 
d) Фразеологиялық сөздік. Синонимдер сөздігі 
е) Энциклопедиялық сөздік. Иллюстративтік сөздік 
3. Сөздердің дұрыс жазылуын тексеретін сөздік түрін көрсетіңіз. 
а) Tеrmіnсоm.kz 
b) Lugаt.kz
с) Еmlе.kz 
d) Sоzdіkqоr.kz 
е) Kаz.slоvореdіа.соm
4. Ғылым, білім, техника мен экономика, қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі 
термин сөздердің бірыңғай республикалық терминологиялық электронды 
базасын белгілеңіз. 
а) Tеrmіnсоm.kz 
b) Lugаt.kz
с) Еmlе.kz 
d) Sоzdіkqоr.kz 
е) Kаz.slоvореdіа.соm
5. Қазақша-орысша (орысша-қазақша) ең танымал сөздік түрін 
белгілеңіз. 
а) Tеrmіnсоm.kz 
b) Lugаt.kz
с) Еmlе.kz 
d) Sоzdіkqоr.kz 
е) Sоzdіk.kz 


27 
6.
Анықтамалық бағытта шығарылатын ғылыми басылымды табыңыз.
а) этимология 
b) диалектология 
с)
 
энциклопедия
d) фонетика 
е) иллюстрация 
7. Сала терминологиясы жөнінде толық та жан-жақты мәлімет беретін
сөздік қалай аталады? 
а) салалық терминологиялық сөздік
b) түсіндірмелі терминологиялық сөздік 
с) аударма терминологиялық сөздік 
d) энциклопедиялық терминологиялық сөздік 
е) этимологиялық терминологиялық сөздік 
8. Терминдердің мағыналары түсіндірілетін терминологиялық сөздік 
түрін көрсетіңіз. 
а) этимологиялық терминологиялық сөздік 
b) түсіндірмелі терминологиялық сөздік 
с) аударма терминологиялық сөздік 
d) энциклопедиялық терминологиялық сөздік 
е) салалық терминологиялық сөздік 
9. Терминдердің аудармалары берілетін терминологиялық сөздік
түрін 
көрсетіңіз. 
а) түсіндірмелі терминологиялық сөздік
b) этимологиялық терминологиялық сөздік 
с) аударма терминологиялық сөздік 
d) салалық терминологиялық сөздік
е) энциклопедиялық терминологиялық сөздік 
10. Белгілі бір арнаулы саланың терминдерін қамтитын сөздік қалай 
аталады? 
а) энциклопедиялық терминологиялық сөздік
b) аударма терминологиялық сөздік 
с) түсіндірмелі терминологиялық сөздік
d) этимологиялық терминологиялық сөздік 
е) салалық терминологиялық сөздік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет