§27. Электр тогының жұмысы мен қуаты. (174-178 беттер)
І. Токтың жұмысы және оны өлшеу.
Тізбектің сыртқы бөлігіндегі зарядтардың орнын ауыстыратын кулондық күштердің жұмысы ток жұмысы деп аталады. Ол мына формула бойынша анықталады: A=qU
Токтың жұмысын анықтау үшін зарядты ток күші және зарядтың көлденең қимадан өткен уақыты арқылы өрнектеу ыңғайлы: q=It , ендеше A=IUt.
Тізбек бөлігіндегі электр тогының жұмысы осы бөліктің ұштарындағы кернеудің, ток күші мен жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
Жұмысты есептеу формуласынан белгілі болғандай, ток жұмысын анықтау үшін үш өлшеу аспабы керек: амперметр, вольтметр және сағат.
Тұтынылған электр энергиясын есептеу үшін тұрмыста және өндірісте электресептеуіш қолданылады. Ток жұмысы қанша электр энергиясының энергияның басқа түріне айналғанын көрсетеді.
Жұмыстың өлшем бірлігі. Халықаралық бірліктер жүйесінде жұмыс бірлігін – джоульмен, ток күшін – ампермен, кернеуді-вольтпен, уақытты секундпен өлшейді. Алынған формула негізінде бұл бірліктердің байланысы төмендегідей: 1 Дж = 1А•1В•1с.
1 Дж-ге тең ток жұмысы өте аз. Тәжірибеде жүйеден тыс өлшем бірлігі 1кВт • сағ кең қолданыс тапты.
Бірліктердің байланысын анықтайық:
1кВт • сағ = 1000 Вт • 3600 с = 3600000 Дж = 3,6 • 106 Дж.
Достарыңызбен бөлісу: |